Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Сарыөзек қызарып кетуі мүмкін : Атыраудағы мал қорымы қауіп төндіріп тұр

Сарыөзек қызарып кетуі мүмкін : Атыраудағы мал қорымы қауіп төндіріп тұр

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырауда Еркінқала ауылдық округінде орналасқан мал қорымында жануарлардың өлекселерін өртеуге арналған пеш (инсинератор) орнату жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Алайда тұрғындар бұл пештің елді мекенге тым жақын орналасуына қарсы шығып, жобаны тоқтатуды талап етті.

Қоғамдық тыңдаулар ашық диалог түрінде өтуі тиіс еді, бірақ іс жүзінде бәрі формальді сипатта өтті. Қатысушылардың айтуынша, маңызды құжаттар мен қосымшалар, соның ішінде скрининг қорытындысы көрсетілмеген. Сөйлегендердің сөзін қайта-қайта бөліп, залда шу мен түсініспеушілік болды, ал жиын төрағасы мен хатшысы нақты жауап беруден жалтарды.

Көп ұзамай залдағы жағдай ушығып, қатысушылардың көбі қарсылық ретінде тыңдаудан шығып кетті. Олар заңның сақталуын және жаңа тыңдау өткізуді талап етті. Нәтижесінде іс-шара белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

Тұрғындардың ашуын тудырған тағы бір мәселе – инсинератор пешінің 2017 жылы, яғни қоғамдық талқылау мен экологиялық бағалау басталмай тұрып-ақ сатып алынғаны. Бұл шешімнің алдын ала, халықтың келісімінсіз қабылданғанын көрсетеді. Көпшілік үшін бұл «алдымен салайық, сосын түсіндіреміз» деген ескі тәсілдің айқын көрінісі болды.

Мал қорымының аумағында биотермиялық шұңқырлар бар, онда өлекселерді зарарсыздандыру қарастырылған. Бірақ куәгерлердің айтуынша, іс жүзінде бәрі басқаша: қан мен сұйық қалдықтар жерге сіңіп кетеді. Дроннан түсірілген бейнелерде ағындылар топыраққа тарап, жер асты суларына, одан әрі маңайдағы Сарыөзек (Черная речка) каналына жетіп жатқанын көруге болады.

Мұндай бақылаусыздық қорымды қауіпті ластану мен ықтимал экологиялық апат көзіне айналдыруда.

Жоба бойынша пеш жұмыс істегенде атмосфераға тоғыз түрлі зиянды зат тарайды: азот диоксиді, тұншықтырғыш газ, күкіртті ангидрид, хлор, күйе және тұз қышқылы сияқты заттар. Алайда ластаушы заттардың таралуына жасалған есептер қаладағы бұрыннан бар фондық ластану деңгейін ескермей жүргізілген. Ал қаланың солтүстік бөлігі онсыз да өндіріс нысандарына толы: маңайында қоқыс полигоны, «Квадрат» булану тоғаны, АНУ және КТК мұнай базалары, асфальт-бетон зауыты мен өндірістік базалар орналасқан.

Тұрғындар мен экологтар «неліктен жануар өлекселерін өртеу пешін тұрғын үйлерге, өндіріс аймақтарына және ең бастысы — туберкулез диспансеріне жақын орналастыру керек?» деген орынды сұрақ қойып отыр.

Жоба құжаттарында санитарлық-қорғау аймағының көлемі мен ең жақын үйлерге, бау-бақшаларға және зираттарға дейінгі қашықтық көрсетілмеген. Ал Сарыөзек маңындағы тұрғындар мал қорымы жақтан жағымсыз иіс жиі шығатынын айтып шағымданады, бұл санитарлық нормалардың бұзылып жатқанын аңғартады.

Құжаттарға сәйкес, пештен шыққан күл мен қалдықтар қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына жеткізілуі тиіс. Бірақ бұл полигон баяғыда толып кеткен және жиі жанып тұрады. Күл тіпті жабық контейнерлермен апарылса да, жаңа өрттердің шығу қаупін және ауаның қосымша ластануын арттырады.

Жоба ұзақ мерзімге арналғанымен, қоршаған ортаға әсерін бақылау жылына бір рет қана жүргізілмек. Биологиялық, уытты және парниктік қауіптері бар нысан үшін бұл жеткіліксіз.

Жұртшылық нысанды қаладан алыс жерге көшіру мүмкіндігін қарастырып, жай ғана «қағаз жүзіндегі есеппен» шектелуді емес, шынайы ашықтық пен экологиялық жауапкершілікке қол жеткізуді талап етуде.

Сұлтан АХМЕТ

Бүгін, 12:13

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 12:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары