Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Сауытбек Абдрахманов: Қазақ үшін аздың біреуі Әбіш

Сауытбек Абдрахманов: Қазақ үшін аздың біреуі Әбіш

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сөз басында әдебиеттанушы ғалым Сауытбек Абдрахманов өзінің Әбіш Кекілбаев тақырыбына қалай келгені, өмір жолдарының қалай тоқайласқаны туралы баяндады. Сонымен бірге, көпшілікке Әбіш Кекілбаевтың ұлы ойшылдығын толғаған «Абыз Әбіш» еңбегінің қалай жазылғаны жайында сыр шертіп, жазудағы, іздену жолындағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Жазушының асыл алмастай алуан қыры жан-жақты зерделенген бұл кітапта Әбіш Кекілбаевтың әлемдік ауқымдағы асқан ойшылдығы, қайталанбас дарынының мәдениеттанушылық, өнертанушылық, саясаттанушылық, тарихшылық, әдебиеттанушылық сипаттары айқара ашылған.

Фото: Біржан Құлжабай

— Қай халықта да мақтан тұтатын тұлғалар болады. Сол қазақ үшін аздың біреуі — Әбіш. Қазірдің өзінде әулие Әбіш, аңыз Әбіш деп аталып отырған, көзі тірісінде-ақ аңызға айналған адам. «Әбіш әлемі» атты дәрістің ауқымы өте кең, байтақ әлем, оны дәл қазір тұтас қамтып айту қиын. Сондықтан бүгін Әбіш талантының негізгі бір қырына ғана тоқталайық. Ол қыры бұрын көп сөз етілмеген, арнайы зерттелмеген мәдениеттанушылық саласы. Бұны кең ауқымда, анық, тура түсіну үшін «Кекілбаев культурологиясы» деп қарағанымыз дұрыс. Кекілбаевтың айтқанын қарапайым тілмен түсіндірсек, құдай жаратқанның бәрі табиғат, адам жаратқанның бәрі мәдениетке жатады. Тағы бір қырынан түйіндеп айтасақ мәдениет дегеніміз өмір сүру өнері деп те түсіндіреді, — деді Сауытбек Абдрахманов.

Сонымен бірге ғалым Кекілбаевтың кенен ойшылдығын, тау тұлғалы дара талантын баян етіп, қызықты дәлел-дәйектер келтіріп, естеліктер айтты.

Фото: Біржан Құлжабай

— 2003 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында 100 томдық «Әлем әдебиеті» сериясын жасақтауға кірісетін болдық. Әбіш ағамен ақылдасып, алдынан өтіп алайық деп, жазушы Әлібек Асқаров екеуміз үйіне бардық. Сонда Әбекең айналасы үш сағаттың ішінде ежелгі замандардан бүгінгі күнге дейінгі әдебиеттің бар асылын ағыл-тегіл ақтарып өтті. Қай заманда, қай қоғамда қандай тізгінүзді туындылар дүниеге келді, 100 томдық тізімге кіргізуге кімдердің шығармалары лайықты, олардың қайсылары бұған дейін аударылған, аударылса қалай аударылған, деген сияқты қат-қабат мәселелердің бәрін дәуірі, ағымдары, жанрлары, авторлары, елдері бойынша жіпке тізіп, айтып шықты. Сол жолы 100-ден астам шығарманы атап берді. «Бунинді бөліп-жармай, Қалиханға тұтас беру керек. „Соғыс және бейбітшілікті“ Төлен, „Тынық Донды“ Дулат үстінен қайта қарағаны жөн, солардың оң жамбасына келеді» деген сияқты нақтылап та көр-сетті. Әлемдегі былайғы жұрт аса жоғары бағалап, тіпті Нобельді берсе де қазақ оқырманының дүниетанымы, ділі қабылдай қоймайтын кітаптарды аударудан бас тартуды да ұсынды. Демек, ағамыз бүкіл әлем әдебиетін жаңғақтай шағады. Адамзат ардақтайтын көркем шығармалардың бәрін оқыған. Бәрін тоқыған. Өзегінен өткізген. Егер біз сол серияны 200 томдық етіп белгілеп, Әбекеңнен 200 шығарма саралап беруге көмек сұрасақ та, нәтижесі шамамен солай боларына күмәнданбаймын, — деді әдебиеттанушы ғалым Сауытбек Абдрахманов.

Фото: Біржан Құлжабай

Еске сала кетейік, бұған дейін Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романы түрік тілінде жарық көргені туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 23:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары