Өскеменде екі тұрғыннан есірткі салынған 91 орам тәркіленді
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: Polisia.kz
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде 18 және 19 жастағы екі тұрғын ұсталды. Олар есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген күдікке ілінді. Күдіктілерді жеке тінту кезінде тыйым салынған заттар салынған 91 орам тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың құрамынан жалпы салмағы 25,29 грамм мефедрон, 27,21 грамм α-PVP психотроптық заттары және жалпы салмағы 6,24 грамм каннабис шайыры анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы көлемі заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.
Алматыда бір айдан бері есірткі таратумен айналысқан ер адам ұсталды
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Күдіктілердің біріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, екіншісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады. Есірткі қылмыстарының жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Қостанайда өңірлер арасында есірткі тасымалдаған курьер ұсталды
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:60
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 12:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















