Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Саяси науқанның жаңа сипаты

Саяси науқанның жаңа сипаты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұл дегеніміз, азаматтардың сайлауға қатысуға ниеті, партияларға деген көзқарасы мен саяси коммуникация арналары өзгерген сайын үгіт-насихаттың форматы да жаңара түседі. Осы тұрғыдан алғанда, биылғы саяси бәсекені бірнеше фактордың төңірегінде қарастыруға болады. Таяуда осы сынды өзгерістердің саяси үдеріске ықпалын саралау үшін сарапшылар Алматыда бас қосты. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылық алаңында сайлаушының көңіл күйінен бастап саяси коммуникацияның жаңа құралдарына дейінгі бірқатар мәселе сөз болды.

Азаматтардың 70,3-75,6 пайызы дауыс беруге ниетті

Жиын барысында партиялар мен кандидаттарға деген қоғамдық сенімнің электоралдық таңдауға ықпалы және сайлаушылардың шешімін айқындайтын негізгі факторлар сараланды. Талқылау тізгінін ұстаған саясаттанушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай қазақстандықтардың электоралдық мінез-құлқы мен қазіргі сайлау науқанындағы теледебаттардың маңызы туралы сараптамалық шолу ұсын­ды. Сарапшының сөзінше, зерттеу нәти­жесінде он сайлаушының жетеуі дауыс беруге дайын екенін білдірген. Сонымен қатар респонденттердің оннан тоғызына жуығы алдағы сайлау туралы хабардар екенін мәлімдеген.

– 2026 жылғы 13 маусым мен 27 шілде аралығында жүргізілген алты әлеумет­танулық зерттеу нәтижелері азаматтардың сайлауға қатысуға дайындығы тұрақты түрде жоғары екенін көрсетті. Зерттеулерге сәйкес, респонденттердің 70,3-75,6 пайы­зы дауыс беруге ниетті екенін білдірген. Онымен қоса, сауалнамаға қатысушы­лардың 89,4 пайызы 23 тамызда өтетін сай­лау туралы белгілі бір деңгейде хабар­дар. Бұл азаматтардың қазіргі сайлау нау­қанына жеткілікті жоғары деңгейде тар­тыл­ғанын аңғартады, – деді Бақытжан Бұ­қарбай.

Әлеуметтік мәселелер күн тәртібіне шықты

Ұлттық ғылым академиясының Білім және қоғамдық даму ғылымдары орта­лығы­ның жетекшісі Жеңісбек Төлен пар­тияларға деген қоғамдық сенімнің рөліне назар аударды. Оның айтуынша, қазіргі электорат үшін саяси ұрандардан гөрі пар­тиялардың нақты көзге көрінетін нәти­жесі, сайлауалды уәделерін іс жүзінде орын­дауы әлдеқайда маңызды.

– Қазіргі уақытта партиялар үшін бас­ты мәселенің бірі – электораттың сенімін қалыптастыру. Әлемдік тәжірибеге сүйен­сек, сенімді қалыптастырудың негізгі үш блогын алып қарауға болады. Оның ал­ғаш­қысы әрі ең маңыздысы – сенім фак­торы. Сайлаушы ең әуелі «Партияның берген уәделері қаншалықты шынайы?», «Қарапайым азаматтардың күнделікті мәсе­лелерін шеше ала ма?» деген сұрақ­тарға жауап іздейді. Бұған дейінгі теле­дебаттар аясында жүргізілген әлеуметтік сауалнама да сайлаушылардың бұрын­ғыдай құрғақ уәдеге сене бермейтінін көрсетті. Респонденттердің басым бөлігі әлеуметтік мәселелерді басты орынға қойған. Бұл қоғам сұранысы азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететін нақты проблемаларды шешуге бағытталғанын байқатады, – деді Жеңісбек Төлен.

«Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің директоры Нұрболат Нышан­баев болса, теледебаттардың азаматтардың саяси белсенділігін арттырудағы рөліне тоқталды. Сарапшының пікірінше, пікір­сайыс алаңдары жастардың саяси сауатын арттырып қана қоймай, олардың қоғам­дық-саяси үдерістерге қызығушылығын күшейте түспек. Сондықтан елімізе жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау сайлау үдерісінің маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

– Теледебаттардың тағы бір маңызды қыры – саяси белсенді азаматтарды тәр­бие­леудегі орны. Қоғамдағы саяси бел­сенділік жоғары болғандықтан, азамат­тарға саяси үдерістерді түсінуге және өз ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік беретін нақты алаңдар қажет. Қазақстанда азаматтардың саяси потенциалы жоғары. Елімізде халықтың едәуір бөлігін жастар құрайды. Сол себепті олар елдің маңызды саяси ресурстарының бірі саналады. Қазір партиялар да өз бағдарламаларында жастарды негізгі нысаналы аудиторияның бірі ретінде қарастырып отыр, – деді Нұрболат Нышанбаев.

Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова Қазақстанда жергілікті сай­лау­ларға қызығушылықтың жоғары екенін атап өтті. Оның пайымдауынша, бұл үрдіс мәслихат депутаттары, ауыл және аудан әкімдерін сайлау кезінде анық байқалған. Бұл – әлемнің бірқатар елінде де тән құбы­лыс. Сарапшы мұны жергілікті билікке деген сенімнің салыстырмалы түрде жоға­ры болуымен байланыстырды. «Азаматтар жергілікті мәселелер мен кандидаттар туралы көбірек хабардар болғандықтан, сайлау нәтижесінде қабылданатын шешім­дердің күнделікті өміріне ықпалын се­зінеді», – деді сарапшы.

Партиялар ЖИ-ді белсенді қолданады

Сайлау науқанының тағы бір ерек­шелігі – саяси коммуникацияның ци­фрлық ортаға қарай ойысуы. Әлеуметтік желілердің аудиториясы кеңейген сайын партиялар үшін сайлаушыға ақпарат жеткізуден бөлек, көптің назарын аудару мәселесі де маңызды бола түсті. Бұл үдерісте жасанды интеллект ұсынатын мүмкіндіктердің рөлі де артып келеді. Қоғам қайраткері Ерлан Смайловтың пікірінше, қазір партиялар жасанды интеллектіні медиаконтент жасауға, өз брендін қалыптастыруға белсенді пай­далана бастаған. Оның бағалауынша, сай­лаушының назарын аудару бәсекесі теле­визиядан әлеуметтік желілерге ауы­сып, қысқа тезистер мен есте қалатын визуалды образдардың маңызы артқан.

Бағдарламаларды оқуға төрт сағат кетеді

Сайлауалды бәсекеде партиялар үшін өз ұстанымдарын халыққа тиімді жеткізу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. «Мир Евразии» ақпараттық-талдау журналының президенті әрі бас редакторы Эдуард Полетаевтың пікірінше, үгіт-насихат кезеңінде сайлаушылар көлемді бағдар­ламалардан гөрі қысқа, нақты әрі есте қалатын ұрандарға көбірек назар аударады.

– Қазір жеті саяси партияның бағдар­ламасын бірге алғанда, шамамен 44 мың сөз шығады. Оны толық оқып шығуға үзіліссіз төрт сағатқа жуық уақыт кетеді. Енді сайлаушы осыншама уақытын партия бағдарламаларын оқуға арнай ма деген сұрақ туындайды. Тәжірибе көрсеткендей, үгіт-насихат кезінде адамдар көлемді бағдарламалардан гөрі қысқа, нақты әрі есте қалатын ұрандарға көбірек мән береді. Сондықтан партиялар үшін өз бағдарламасындағы негізгі басымдық­тарды сайлаушыға түсінікті әрі ықшам түрде жеткізу маңызды, – деді Эдуард По­летаев.

Талқылау өңірлік сарапшылардың пікірлерімен де толықты. Еліміздің әр аймағынан онлайн қосылған сарапшылар жергілікті ахуал мен сайлау науқанының ерекшеліктерін ортаға салды. Бұған қоса, жиын барысында қатысушылардың пікі­рін зерделеуге арналған интерактивті QR-сауалнама өткізілді. Сауалнама арқы­лы қатысушылардың сайлау науқанына көзқарасы, өңірлік ерекшелік­тер туралы пікірі және сайлаушы таң­дауына әсер ететін факторлар айқындалды. Алынған нәтижелер сарапшылардың пайымдары­мен салыстырылып, кәсіби ортаның ұста­ны­мын жалпы талқылау контексінде ба­ғалауға негіз болды.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Тамыз 2026 03:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары