Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Саяси жүйені жаңғыртудың жаңа кезеңі

Саяси жүйені жаңғыртудың жаңа кезеңі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Барлық деңгейдегі атқарушы билік өкіл­дері мен ауыл әкімдерінің басым көпшілігі қатысқан кездесу осындай ауқымды құраммен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Жиында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді, оның ішінде ауылдық жерлерді дамытуға арналған маңызды міндеттерді айқындап берді. Мемлекет басшысы ауылды өркен­дету елдің стратегиялық мүддесі еке­ніне назар аударып, бұл ретте әкім­дер­дің рөлі мен жауапкершілігін түбе­гей­лі қайта қарау қажет екенін баса айтты.

Шын мәнінде, ауыл – ұлттың өзегі. Сондықтан ауылдың әлеуетін арттыру – тұтас ел дамуына ықпал ететін қадам. Сол себепті кейінгі жылдары ауылдарда инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау бағыттарында ауқымды жұмыс атқарылды. Мемлекет басшысы осы қарқынды жоғалтпай, әрі қарай да жүйелі, нақты және тиімді іс-қимыл қажет екенін тілге тиек етті.

Президент атап өткендей, бұл ретте ең маңызды міндеттердің бірі – жергі­лік­ті басқаруды күшейту. Ауыл әкім­дерін тікелей сайлау аймақтар­дың сая­си мәдениетін арттырып, әкімдер­ге жаңа жауапкершілік жүктеді. Алайда Мемлекет басшысы сайланған әкім­дердің құзыреті толық айқындалма­ғанына, олардың қолында қажетті нақты тетіктердің жоқ екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл кемші­лікті жою үшін ауыл әкімдерінің мәр­те­бесін қарап, олардың өкілеттігін кү­шейтуді, артық әрі қайталанатын мін­деттер­ді алып тастауды, мемлекеттік дерек­­қор­ларға қолжетімділікті қам­тама­сыз етуді, халық алдындағы есеп беруді заңмен бекітуді тапсырды. Бұл – әкім­­дердің жұмысын формалды емес, нақты нәтижеге бағыттайтын маңызды қадам.

Ауыл әкімдіктерінің қызметкерлерін қолдау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралау тапсырылды.

Жиында экономикалық дербестік мәселесіне де баса мән берілді. Президент ауыл бюджеттері әлі де жоғары деңгейдегі органдарға тәуелді екенін айтып, салықты табыс табатын жерде төлеу қағидатын енгізу және экологиялық айыппұлдар мен мүлік салығының бір бөлігін жергілікті бюджетке бағыттау тетіктерін қарастыруды жүктеді. Мұндай шаралар ауылдардың дамуына үлкен серпін беретіні анық.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашы­лығын дамыту жолында кооперативтерді нығайту мәселесіне ерекше тоқталды. Қазіргі кооперативтердің көпшілігі толыққанды шаруашылық бірлігіне айналмай, делдалдық сипатта қалып отырғаны белгілі. Бұл – ауыл экономи­касындағы басты тежеуші фактор. Сондықтан Президент кооперацияны ел бойынша жүйелі түрде кеңейту, «Ауыл ама­наты» жобасын күшейту, ауыл биз­несіне қажетті инфрақұрылымды жа­ңар­ту керек екенін айрықша атап өтті.

Бүгін ерекше көңіл бөлінген тағы бір маңызды сала цифрландыру және жаңа технологияларға бейімделу бағыты болды. Мемлекет басшысы «Цифр­лық Қазақстанды ауылдарсыз құру мүмкін емес», деп жергілікті әкімдерді ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуге, деректерге негізделген шешім қабылдауға, жасанды интеллект дәуіріне дайын болуға шақырды. Бұл – ауыл мен қаланың даму деңгейін теңестіруге жол ашатын негізгі шарт.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға тоқталып өтті. Нақты айтқанда, бір палаталы Парламент құру бастамасы жөнінде пікір білдіріп, бұл «Күшті Президент – ықпалды Пар­ламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын орнықтыра түсуді көздейтін қадам екеніне назар аударды.

Жиында бір палаталы жаңа Парла­ментте Президент квотасы болмайтыны айтылды. Яғни барлық депутат бір­дей тәртіппен сайланады. Осылайша, кәсі­би депутаттық корпус қалыптасады. Атал­ған үдеріс еліміздің саяси жүйесін жаңғыр­тудың жаңа кезеңін бастайтыны сөзсіз.

Жалпы, мемлекет әрдайым ауылды қолдай береді. Президент бұл бағыт­та жаңа көзқарасқа, озық ойға және жаңар­тылған тәсілдерге басымдық берудің маңызы зор екенін айтты.

Ең басты мақсат – экономиканың тұрақты, сапалы өсімін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың өмір сүру дең­гейін арттырып, әл-ауқатын жақсарту. Осы жолда Парламент қолға алынған бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жалғастыра береді.

Орталық пен өңірлер, оның ішінде ауылдық жерлер үйлесімді және жүйелі жұмыс жүргізсе, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы әрі уақтылы іске асырып, көздеген мақсат­тарға қол жеткіземіз. Сондықтан барлық әріптесімді осы істе белсенділік танытып, Президенттің бағдарламасын толық жүзеге асыру үшін бар күш-жігерді жұмылдыруға шақырамын.

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Сенат төрағасы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары