Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Сазсырнайдың сырын ашқан Сафия

Сазсырнайдың сырын ашқан Сафия

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгінгі қоғамда әр баланың бойындағы табиғи дарынды дер кезінде танып, оны дұрыс бағытта дамыту  білім беру саласының ғана емес, тұтас ұлт болашағына жауапты ортақ міндет. Әрбір талантты шәкірт  елдің ертеңі. Ал сол қабілетті байқап, оны шыңдап, үлкен өмірге жол сілтеу ұстаздың кәсіби шеберлігімен қатар, азаматтық жауапкершілігі. Ұрпақты заман талабына сай тәрбиелей отырып, ұлттық құндылықтарға баулу бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі.

Өнер мен ғылымның алтын бесігі саналатын қасиетті Оңтүстік өңірі қашанда дарынды жастарға бай. Солардың бірі – Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Тұрысбек Сафия. Жас өреннің бойынан өнерге деген шынайы махаббат пен ұлттық мұраға деген ерекше құрмет айқын сезіледі.

Сафия дәстүрлі әндерді нақышына келтіре орындап, Отырар өнер және саз мектебінде «Дәстүрлі ән» сыныбында білім алып жүр. Сабақ үлгерімі жақсы, ізденімпаз, өнерге құштар оқушы жуырда «Ежелгі Отырарда пайдаланылған саз аспаптары» тақырыбында (секция: технология және өнер) ғылыми жобасын сәтті қорғап, өзінің зерттеушілік қабілетін де дәлелдеді. Ғылыми жобаның жетекшісі – музыка пәнінің мұғалімі Айида Абдрахова.

Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі нәтижесінде ұлттық өнердің көмескі тартқан қырлары қайта жаңғырды.

Зерттеу жұмысы барысында Сафия көне Отырар өңірінде қалыптасқан музыкалық мәдениетке терең бойлады. Ғылым мен өнер тоғысқан бұл қасиетті мекен әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің туған жері. Әл-Фараби музыка ғылымына өлшеусіз үлес қосып, бірқатар музыкалық аспаптарды жетілдіргені тарихтан белгілі. Жобада ғұламаның музыкалық еңбектері, сондай-ақ археологиялық қазбалар барысында табылған көне сазсырнай аспабы жан-жақты қарастырылды. Бұл құнды жәдігерлер бүгінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде сақтаулы.

Сазсырнай – саздан жасалатын, үні қоңыр да табиғи көне музыкалық аспап. Зерттеу барысында Сафия тәжірибе жасап, саздан шағын сазсырнай үлгісін өзі жасап көрді. Әртүрлі қоспалардың дыбыс сапасына әсерін салыстыра отырып, көне аспаптардың бүгінгі күні де үн қатуға қабілетті тірі мұра екенін дәлелдеді. Бұл – жас зерттеушінің ғылымға деген алғашқы, бірақ нық қадамы.

Көне музыкалық аспаптарды қайта жаңғыртуда өнертанушы, академик Кендебай Қарабдаловтың еңбегі зор. Ал сазсырнайды алғаш сахна төріне шығарып, халыққа кеңінен танытқан қазақ музыкасының заңғар тұлғасы Нұрғиса Тілендиев. Ұлы композитордың бастамасымен бұл көне аспап «Отырар сазы» ансамблінің құрамына еніп, халқымен қайта қауышты. Осы тарихи сабақтастық Сафияның зерттеу жұмысында айқын көрініс тапты.

Жас өреннің бұл ізденісі  ұлттық өнерге деген құрметтің, тарихқа деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Бұл тек бір оқушының жетістігі ғана емес, ұлағатты ұстаз еңбегінің, жүйелі тәрбиенің нақты нәтижесі.

Ұлттық өнердің тамыры тереңде. Оны тану, зерделеу және кейінгі ұрпаққа жеткізу баршамыздың ортақ парызымыз. Дарынды шәкірттерге қолдау көрсету арқылы ғана ұлттық рухымызды сақтап, болашаққа сеніммен қадам баса аламыз. Сазсырнайдың сырын ашқан Сафиядай талапты жастар ұлт руханиятының жарқын болашағы.

Сабырхан Ақтілек,

Түркістан қаласы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 23:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see134

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see134

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see132

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see128

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see128

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see126

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see125

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see122

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see121

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see121

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see120

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see119

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see119

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see119

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары