Семейде ұландық сарбаз Абай музейінің экскурсоводы болды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ол ақынның көптеген шығармаларын жатқа біледі, әріптестеріне ғұлама өлеңдерін үнемі оқып береді және жолдастарының ұлттық рухани мұраға деген қызығушылығын арттыру үшін "Қара сөздерді" өз әңгімесінде жиі мысалға келтіреді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сарбаздың Абай шығармашылығына деген шынайы сүйіспеншілігін ескере отырып, әскери бөлімнің қолбасшылығы оған тарихпен ерекше кездесу ұйымдастырды. Жауынгер Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығына барып, бір күні өзін экскурсовод ретінде сынап көрді. Ол Семей тұрғындары мен қонақтарына экскурсия жасап, келушілерді ұлы ағартушының өмірімен, шығармашылығымен және мұрасымен таныстырды.
— Абай мұражайының экскурсоводы болу менің ең қымбат тілектерімнің бірі еді. Мен Семейге азаматтық борышымды өтуге келгенде, Абай мұражайына барғым келді. Бүгін міне, маған оның экспозициясын көріп қана қоймай, келушілерге экскурсия жасаудың ерекше мүмкіндігі туды. Бұл мен үшін үлкен құрмет және ұмытылмас оқиға. Әскери бөлім офицерлері мен мұражай қызметкерлеріне сенім мен қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамын, — дейді қатардағы Қанағат Ерғазы әсерімен бөлісіп.
Сарбаз мерзімді әскери қызметке Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан шақырылған. Бос уақытында ол өлең жазады. Іс-шара барысында әскери қызметші Абай мен Шәкәрімге арналған өз туындыларын оқыды, соның арқасында мұражай қонақтары Отан қорғаушыдан талантты жас ақынды да көре алды.
Мұражай мамандарының айтуынша, ұландық жауынгер экскурсиялық материалды тез игеріп, аудитория алдында өзін сенімді сезініп, тыңдаушыларды қызықтыра алды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:22
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 13:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















