Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Сенат Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестікті нығайтатын келісімді ратификацияламақ

Сенат Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестікті нығайтатын келісімді ратификацияламақ

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сонымен, алдымен сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Заңды қарайды. 

Құжат нормалары Қазақстан-Тәжікстан ынтымақтастығын кешенді дамытуға серпін беруге бағытталған. Шарт саяси, әскери, сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, азық-түлік, өнеркәсіп, су-энергетика, экология, цифрландыру, білім беру, мәдени-гуманитарлық салалардағы және өңіраралық интеграциядағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді.

Бұл Заңды Мәжіліс осы жылдың 11 наурызында ратификациялады. Сол кезде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев аталған шартқа екі елдің Мемлекет басшылары 2024 жылы 24 тамызда қол қойғанын атап өтті. 

Фото: Kazinform

— Одақтастық қатынастар туралы шарт Тәжікстанмен қол жеткізілген өзара іс-қимыл деңгейін құқықтық тұрғыда бекітіп, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту үшін берік саяси-құқықтық негіз қалыптастырады. Геосаяси тұрақсыздық жағдайында шарт ережелерін іске асыру өңірлік тұрақтылықты да нығайтуға ықпал етеді. Елдеріміз арасындағы одақтастық қатынастардың айқын дәлелі ретінде өткен жылы Тәжікстанның ХХІ ғасырда Орталық Азия дамыту мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы 5 жақты шартқа қол қоюын атап өтуге болады. Осылайша Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің басым бөлігімен одақтастық қатынастар орнатып отыр. Бұл Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттеріне сай келеді, — деді Ержан Ашықбаев.

Палата отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң да шығарылады. Оның негізгі мақсаты – екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықты нығайту.

Фото: ҚР СІМ

Заң Қазақстан-Британия ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге шығара отырып, саяси, экономикалық, құқықтық, гуманитарлық және экологиялық өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттарын бекітеді.

Құжат 2024 жылы 24 сәуірде Астанада жасалған. Ол Ұлыбританияның 2020 жылдың басында Еуропалық Одақтан шығуына байланысты рәсімделген.

— Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастық соңғы жылдары жаңа серпін алып, саяси диалогты кеңейту, сауда экономикалық байланыстарды дамыту және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету қажеттігі айқын байқалды. Аталған келісім Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім ережелері ескеріле отырып, әзірленгенін атап өткен жөн, — деген еді Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Мәжілістің жалпы отырысында құжатты таныстыра келе.

Келісім көлік, логистика, цифрлық технологиялар және инновация салаларындағы өзара іс қимылды дамытуға жағдай жасайды. Бұл Қазақстанның халықаралық көлік дәліздеріндегі рөлін нығайтуға және жаңа өндірістерді дамытуға ықпал етеді. Келісімнің маңызды бағыттарының бірі — экология және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту. Бұл бағытта табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және климаттық бастамаларды іске асыру бойынша тәжірибе алмасу жоспарланған. Бұдан бөлек, білім, ғылым, мәдениет және инновациялар салаларындағы байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл жастар арасындағы алмасу бағдарламаларын, ғылыми зерттеулерді және академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, палатаның өткен аптадағы отырысында сенаторлар «Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды қарап, мақұлдады. 

Аталған келісімге 2024 жылғы 13 қарашада Баку қаласында үш мемлекеттің басшылары қол қойған болатын. Құжаттың мақсаты — жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында үш мемлекет арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестіктің құқықтық негізін қалыптастыру.

Фото: senate.parlam.kz

— Құжат энергетикалық жүйелерді біріктіруге және «таза» энергияны Еуропаға және басқа өңірлерге транзиттеуді ұйымдастыруға негіз қалайды. Келісім электр энергиясын сенімді әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін техникалық және коммерциялық шарттарды белгілейді. Бұл Қазақстанға экспорт бағыттарын әртараптандыруға және Қара теңіздегі суасты электр энергия желісі жобасы арқылы Еуропалық Одақтың «жасыл» энергия нарығына шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ заң экологиялық таза сутегі мен аммиакты өндіру және тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады. Бұл — көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі ұлттық стратегиямызды іске асырудағы маңызды қадам, — деді сенатор Сүйіндік Алдашев. 

Сонымен қатар депутаттар «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады.  Бұл келісімге 2023 жылғы 8 маусымда Сочи қаласында қол қойылған және радиациялық жағдайды мониторингтеу деректерін алмасу, талдау және болжау арқылы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Фото: Soyuz.by

— Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарындағы радиациялық жағдайдың жай-күйі және оның өзгеруі туралы деректер мен ақпаратты ұсыну және алу жөніндегі құқықтық қатынастарды реттейді, — деді депутат Арман Өтеғұлов Сенаттың жалпы отырысында.

Ақпараттық өзара іс-қимыл және деректер алмасу аясында тараптардың уәкілетті органдары мыналарды қамтамасыз етеді:
— мониторинг деректерімен тұрақты түрде алмасуын;
— берілетін ақпараттың дәйектілігін;
— қандай да бір күтпеген жағдайлар туындаған кезде ақпаратты беру мүмкін еместігі туралы уақытылы хабарлауды;
— алынған ақпаратты тек осы келісім аясында пайдалануды.

Палата отырысының соңында сенаторлар депутаттық сауалдарын да жолдады. Атап айтқанда, сенатор Талғат Жүнісов Зерендідегі креативті және туристік орталықтың негізі саналатын тарихи-өлкетану мұражайының құрылысын қаржыландыру мәселесіне назар аударды. 

Фото: ҚР Парламенті Сенаты

— Қазіргі уақытта қаржыландырудың болмауына байланысты жобаны іске асыру іс жүзінде тоқтатылды. Жобаны қаржыландыру мақсатында 2025 жылы Ақмола облысының әкімдігі Ұлттық экономика министрлігіне бірнеше рет бюджеттік өтінім жолдады. Алайда, аталған өтінімдер бюджет қаражатының тапшылығына байланысты қолдау таппады. Ақмола облысының субвенционалдығын және облыстық бюджеттің шектеулі мүмкіндігін ескеретін болсақ, жоба әлеуетті ұзақ мерзімді құрылысқа айналатындай. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Зеренді ауылындағы визит-орталықпен біріктірілген тарихи-өлкетану мұражайының құрылысын аяқтау үшін биыл Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлуге жәрдем көрсетуді сұраймыз, — деді ол.

Ал Ғалиасқар Сарыбаев жоғары оқу орындарының автономиясын кеңейту қажеттігіне назар аудартты.

— Қолданыстағы модель басқару, инвестиция тарту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мүмкіндіктерін шектейді. Сақталып отырған әкімшілік басқару жүйесі шешім қабылдауда көп мерзімді қажет етеді, университеттердің жаңа технологиялық өзгерістерге жедел бейімделуіне мүмкіндік бермейді, — деді депутат.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 08:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see152

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see150

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see148

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see146

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see133

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see130

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see130

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see130

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see129

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see128

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see128

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see124

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see122

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see122

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see121

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see120

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see119

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see119

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see119

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары