Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

“Шағып алғандай атып тұрдым“ жолаушы Алматыға бара жатқан пойыздағы оқиға туралы айтып берді

“Шағып алғандай атып тұрдым“ жолаушы Алматыға бара жатқан пойыздағы оқиға туралы айтып берді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Маңғыстау - Алматы пойызының жолаушысы 65 жастағы жолаушыға қатысты жағымсыз оқиға туралы айтып берді. Оның сөзінше, ер адам оған орынсыз көңіл бөліп, түнде тізесінен ұстап алған. Оқиға желіде жарияланғаннан кейін қыз полицияға жүгінді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Оқиға туралы жолаушы әлеуметтік желіде айтып берді. Оның сөзінше, ол Маңғыстау - Алматы бағытындағы № 077ХА пойызымен жол жүрген. 65 жастағы ер адам пойызға 29 тамызда Қызылорда бекетінен мінген.

Қыздың айтуынша, басында жолаушы өзін сабырлы ұстап, амандасқан соң қай бекетке дейін баратынын сұраған.

"Басында ол қалыпты амандасып, қай бекетке дейін баратынымды сұрады, мен жауап бердім. Өзі де Алматыға бара жатқанын айтты. Руымды сұрады, өзі Қоңырат болып шықты. Осымен артық әңгіме аяқталды", - деп бөлісті ол.

Оның айтуынша, кейін ер адамның мінез-құлқы өзгерген.

"Ештеңе байқамағансып, телефоныма үңіліп отырдым. Бір сәтте бұрылып қарасам: ол шынтағын үстелге тіреп, бетін маған барынша жақындатып, көзін алартып, ернін бүрситіп отыр екен. Сосын аяғын менің матрасыма қойып, маған тиісе бастады. Мен аяғымды тартып алып, орнымнан тұрып кеттім", - деді жолаушы.

Оның айтуынша, қас қарайған соң ер адам оған тәнінің интимдік тұстарын көрсетіп, телефон шамымен оларға жарық түсіре бастаған.

"Ол өзінің интимдік жерін ұстап, қаси бастады және мұнысын маған әдейі көрсетті. Купе іші қараңғы болатын, сондықтан ол сол тұсты телефон шамымен әдейі жарықтандырып тұрды. Мен жаттым, ал ол әлі де қарсы алдымда отырды", - деп бөлісті ол.

Оның айтуынша, түнде жағдай одан сайын қиындай түскен.

"Сағат 2:30 шамасында ұйықтап кеткен едім, бірақ 3:15-те шошып ояндым - ол қолымен тіземді қысып тұр екен. Мен: "Не істеп жатырсыз?! Қолыңызды тартыңыз!" - деп айқайладым. Содан кейін қайта ұйықтай алмадым. Жарықты жағып, оны видеоға түсіре бастадым. Бірақ бұл оны тоқтатқан жоқ: ол маған қолымен „жүрекше“ көрсетіп, қолмен ишаралап сүйісін жолдады", - деді жолаушы.

Кейін қыз болған жағдай туралы жолсерікке хабарлаған, алайда ресми арыз түсіруден бас тартты. Себебі ол бұл вагонға билетті әрең алғандықтан, тексеріс кесірінен өз орнынан айырылғысы келмеген.

"Арыз жазған жоқпын, өйткені ол кезде маған артық әуре-сарсаңның қажеті болмады: егер полиция шақырсам, пойыздан түсіп қалып, осы іспен айналысуыма тура келер еді, ал мен оқуға бара жатырмын. Әдетте жалғыз жүргенде купе алмайтынмын, бірақ тамызда- студенттер ағыны кезінде билеттер лезде сатылып кетеді, сондықтан қолжетімдісін алдым", - деп атап өтті ол.

Скриншот: Threads

Оның желідегі жазбасы миллионнан астам қаралым жинады. Желі қолданушылары қызға қолдау білдіріп, бәрібір полицияға жүгінуге кеңес берді. Кейін ол тағы бір жазба жариялап, ақыры арыз жазғанын хабарлады.

Скриншот: Threads

Полиция не деді?

Біз жағдайға қатысты пікір алу үшін Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарластық. Ведомство бұл оқиға бойынша Қызылорда станциясында тексеру жұмыстары басталғанын атап өтті.

"Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері "Маңғыстау - Алматы" бағытындағы пойыз жолаушысына қатысты құқыққа қайшы әрекеттер дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.

Полиция тексеруден кейін ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар ведомство қоғамдық орындарда азаматтардың жеке шекарасын бұзатын тиісулер мен өзге де әрекеттерге жол берілмейтінін еске салды. Осындай жағдайға тап болған немесе құқық бұзушылықтың куәсі болған жолаушыларға 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласу ұсынылады.

Айта кетейік, жолаушылардың сапарластары тарапынан болатын орынсыз назар мен әдепсіз мінез-құлыққа қатысты шағымдары әлеуметтік желілерде шығып тұрады. Мәселен, сәуірде Қызылорда – Павлодар пойызының жолаушысы бірге жол жүрген адамға қатысты жағымсыз жағдайды айтып берген болатын. Оның сөзінше, купеге өзін агрессивті ұстаған мас ер адам орналастырылған.

Тағы оқыңыз: “Қолымнан ұстап, жақындады“. Қоғамдық көлікте біреу тиіссе не істеу керек?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:86
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Тамыз 2026 20:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see129

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see125

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see124

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see123

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see122

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see122

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see121

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see120

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see119

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see118

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see118

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see118

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see118

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see117

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see116

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see115

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see115

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары