Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Сауда серіктестігіне серпін

Петропавлға баратын пойыздағы қорқынышты түстей оқиға жалғасын тапты

Петропавлға баратын пойыздағы қорқынышты түстей оқиға жалғасын тапты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Әлеуметтік желі қолданушылары "қорқынышты түстей" оқиға деп сипаттаған пойыздағы тосын жағдай жалғасын тапты. Астана - Петропавл пойызындағы биоәжетханада болған жайттан кейін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тасымалдаушыға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, ал жолаушы әйел компанияны сотқа берді, - деп хабарлайды Tengri Travel.

СЭБК өкілдері не дейді?

Әжетхананың суреттері әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоспардан тыс тексеру жүргізді.

"Департамент мекенжайына аталған деректер бойынша жеке тұлғадан ресми өтініш түсті. Осы өтінішті қарау аясында Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес субъектіге қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындалды", - деп хабарлады комитеттегілер.

Көліктегі СЭБК департаменті жоспардан тыс тексерудің 18 наурыз бен 3 сәуір аралығында өткенін атап өтті.

"Тексеру нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігінде көзделген шаралар қабылданды", - деді ведомство өкілдері.

Әңгіме "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу" бабы туралы болып отыр. Заң нормасына сәйкес, егер заңбұзушылық адам денсаулығына зиян келтірмесе, бапта мынадай айыппұлдар қарастырылған:

жеке тұлғалар үшін - 20 АЕК (86 500 теңге); лауазымды тұлғалар, шағын бизнес субъектілері және коммерциялық емес ұйымдар үшін - 160 АЕК (692 000 теңге); орта бизнес үшін - 210 АЕК (908 250 теңге); ірі бизнес үшін - 1 600 АЕК (6 920 000 теңге). Көлік министрлігі не дейді?

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі оқиғадан кейін пойыз бригадасының іс-әрекетіне қатысты қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.

"Вагонның санитарлық жай-күйіне тиісті бақылау жасамағаны үшін пойыз бастығы жұмыстан босатылды, учаске бастығына қатаң сөгіс жарияланды. Компанияға қатысты заңнамада қарастырылған ден қою шаралары қолданылды", - деді ведомство өкілдері.

Министрлік мәліметінше, ақауға биоәжетхананың бөгде заттармен бітеліп қалуы себеп болған.

"Пойыз Тайынша – Смирново аралығында келе жатқанда, биоәжетхананы пайдалану ережелерінің бұзылуы вагонның санитарлық-техникалық жүйесінің бітелуіне әкеп соқты. Тексеру барысында бөгде заттар, соның ішінде пластик бөтелкелер мен тамақ қалдықтары табылды, бұл жабдықтың істен шығуына тікелей себеп болды. Мұндай жағдайлар жолаушылардың санитарлық жүйелерді пайдаланудың баршаға ортақ ережелерін сақтамауының салдары", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Баспасөз қызметі санитарлық торап тазартылғаннан кейін басқа жолаушылардан шағым түспегенін қосты.

"Санитарлық торап тазартылғаннан кейін оның жұмысы толық қалпына келтірілді, ары қарай жол бойында жолсеріктер мен жолаушылар тарапынан ешқандай ескерту болған жоқ", - деді Көлік министрлігіндегілер.

Жолаушының уәжі

Біз зардап шеккен жолаушымен байланыстық. Ол қазірдің өзінде адвокатымен бірге Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына жүгініп, тасымалдаушының үстінен талап арыз түсіргенін айтты.

"Сотқа жүгінуімнің себебі - мәселені ерікті түрде реттеу мүмкін болмады. Сотта көрсетілген қызметтің сапасыз болғанын мойындатуды және келтірілген моральдық зиян үшін әділ өтемақы алуды көздеймін", - деді ол.

Сондай-ақ, ол оқиғаның мән-жайын бөлісті.

"Ішінен шыққан заттарды маған көрсетті. Онда ҚТЖ өкілдері пікірлерде жазып жатқандай бөтелке де, төсеніш те, жаялық та болған жоқ. Тек қабығы аршылған бананның кішкене бөлігі ғана болды - болды, басқа ештеңе жоқ. Оның өзі өте жұмсақ еді", - деді жолаушы.

Жолаушының айтуынша, оқиғадан кейін оған жуынуға мүмкіндік берілмеген, сондықтан ол тағы екі сағаттай сондай күйде жүруге мәжбүр болған.

Суретті кейіпкер ұсынды

Қазақстандық әйел жолаушыларды кінәлау туралы нұсқаны негізсіз деп санайды.

"Бұған дейін тасымалдаушы жолаушылардың өздері кінәлі, біреу унитазға бірдеңе тастап жіберген деген болатын. Соның кесірінен пікірлерде жұрттың бәрі "өзің бітеп тастағансың" деп маған тап берді", - дейді ол.

Жолаушы Астананың көліктік бақылау инспекциясына жүгінген, онда оған тасымалдаушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлаған.

Суретті кейіпкер ұсынды

Оқиғаның мән-жайы

Еске салсақ, наурыздың аяғында әлеуметтік желілерде Астана – Петропавл пойызындағы жағымсыз жағдай туралы ақпарат тараған болатын. БАҚ мәліметінше, вагондағы әжетхана жүйесі істен шығып, салдарынан ішіндегі лас су жан-жаққа шашырап кеткен. Салдарынан әжетханаға кірмек болған жолаушы зардап шеккен.

Осыған байланысты "ҚТЖ" баспасөз қызметіне пікір алуға хабарластық. Онда оқиғаның №323 Астана - Петропавл пойызында болғанын растады. Компания мәліметінше, Тайынша – Смирново аралығында биоәжетхананы пайдалану ережелерінің бұзылуы №8/28339 плацкарт вагонындағы санитарлық-техникалық жүйенің бітелуіне әкеп соқтырған.

Әжетхананы тексеру барысында оның ішінен пластик бөтелкелер мен тамақ қалдықтары табылғаны айтылды. Тергеу қорытындысы бойынша пойыз бастығы жұмыстан босатылып, учаске бастығына сөгіс жарияланды.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 12:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see139

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see138

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see136

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see133

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see129

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see121

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see120

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see117

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see117

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see116

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see115

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see114

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see112

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see111

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see111

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see110

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see108

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары