Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Шәкірттер шығарған Садақ

Шәкірттер шығарған Садақ

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Осыдан 110 жыл бұрын, 1915 жылдың 9 қарашасында Уфа қа­ласындағы «Ғалия» медре­сесінде оқыған қазақ шәкірт­тер «Садақ» қолжазба журна­лының алғашқы санын шығар­ды. «Садақ» журналы туралы алғаш­қы мағлұматтарды қалың оқырманға Қайыржан Бекхожин мен Тұрсынбек Кәкішев таныстырды. Қайыржан Нұрғожаұлы 1964 жылы жарыққа шыққан «Қазақ баспасөзінің даму жол­дары» кітабында «Садақ» туралы алғашқы деректерді жарияласа, Тұрсынбек Кәкішев 1986 жылы «Садақ» атты кітап шығарып, Уфа­дағы қазақ журналы туралы толымды мағлұматтарды оқырманға ұсынды. 2002 жылы осы кітабын толықтырып, «Сандалтқан «Садақ» деген атпен қайта бастырды.

Уфадағы шәкірттер шығарған «Садақ» пен Омбыдағы қазақ жастары шығарған «Балапан» журналы қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары атанды. «Садақ» қолжазба журналына әр жылдары Бейімбет Майлин, Жиенғали Тілепбергенов редакторы ретінде қол қойды. Бейімбет «Ға­лияда» оқыған кезінде «Садақтың» негізін қалап, алғашқы үш санын өмірге әкелді. Осы үш нөмірінде Бейімбеттің «Шұғаның белгісі» повесі, басқа да шығармалары жарияланды. Өкінішке қарай Бейімбеттің өзі жазғандай, журналдың бірінші, екінші сандары жоғалды. Оған сол уа­қыттағы медреседегі қазақ пен татар шәкірттері арасындағы салқындық себеп болды. Кейін медресе директоры Зия Камали мен мұғалім Ғалым­жан Ибрагимовтің араласуымен бұл сал­қын­дықтың сызы да қалмады. Сөйтіп, жур­налдың үшінші саны шықты. Бұл жайында Бейімбеттің өзі: «Күйінгенменен кет­кен нәрсенің кел­мейтіндігі белгілі. Алдағысы мұндай болды деп жігері қайтып, жол тоқтау қылатын жастар біз емес. Келешекке кеткенді іздемей келіс­ті­ріп істейік деп 3-сан «Садақты» әл­ден келгенше қадірлі ажарлап, қауым-қабиланың алдына ұсынып отырмыз», деп жазды.

Бейімбеттен кейін журнал тізгінін «Ғалияның» шәкірті Жиенғали Тілеп­бергенов өз қолына алды. Ол Бейім­беттің бастаған ісін әрі қарай жалғап, өзі де өндірте жазып, журнал жұмысына бар күш-жіге­рін жұмсады. Бұл жайында журнал авторы Салахиден Сарталиев: «Жазушылардың басын біріктіріп, өзінің қымбатты сағаттарын кейінгі жас буынымыздың көгеруіне сарып қылып «Садақты» уақытынан қалдыр­май шығарып тұрған әрі терең мағыналы әдеби, ғылыми журнал етіп танытқан Жиенғали мырзаға тәңірі жарылқасын айтпай болмайды. Ол «Садақтың» ыссысына күйді, суығына тоңды», деген еді.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Бейімбет бар жігерін жұмсап журналды жолға қойса, Жиенғали осы абыройлы міндетті әрі қарай жалғастырды. Олар алдына «қайтсек елді ағартып, өнерлі елдің қатарына қосамыз, халыққа қалай қызмет көрсетеміз деген үлкен арман-тілек» қойып, жан-тәнімен беріліп жұмыс істеді. Бейімбет те, Жиенғали да, журнал ісіне атсалысқан «Ғалияның» басқа да шәкірттері осылайша «Садақ­ты» сарабдал басылымға айнал­дырды. Өздері медресе шәкірті болса да, түнде ұйқы, күндіз күлкі көрмей, «Садақтың» өткір де өзекті болып шығуына барын салды.

«Садақтың» редакторлары мен ав­тор­лары жазбаларына бүр­кен­шік есім­дерді қолданды. Мәсе­лен, Бейімбет «Садақтағы» шығар­маларын «Бекет», «Қарсақ», «Толстой қазақ» деген атпен жазса, Жиен­ғали мақала-әңгімелеріне «Жекей» қалам атын қолданды. Сол се­кілді Салахиден Сарталиев – «Қараша», Зейнелғабиден Имажанов – «Есіл», Әбдірахман Мұстафин – «Шашты», Армия Ешкеев – «Тоқа», Қажым Басымов – «Сарыалжын», Мағжан Жұмабаев – «Балапан», Сабыр Айтқожин – «Тау баласы», Сұл­тан Шоқаев – «Қара мылтық», Мұқан Досбаев – «Жаңа талап», Мұха­мет Қалжанов – «Өрталап», Ғалиақпар Ошақ­баев – «Биші», Әбдірашит Әлім­баев – «Омбылық», Әубәкір Қазақов – «Жаңғара», Зияш Алдабергенов – «Ке­рей», Қаһан Ережепов «Тарбағатай», «Ертіс» бүр­кеншік есімдерін қолданды. Сон­дай-ақ журналға Құдайберді, Бөрте, Дөнен, Сона, басқа да қалам аттарымен бірқатар автор мақала жазып, атсалыс­ты. Сарыалжын мен Керей журналдың кейбір санына уақытша шығарушы ретінде қол қойды. Бұдан біз Бейімбет пен Жиенғали секілді Зияш пен Қажымның да «Садақтың» кейбір сандарының редакторы болғанын байқаймыз. Міне, осы шәкірттер – «Ғалияның» қаламы жүйрік жастары журналдың мазмұнды да мағыналы болып шығуына атсалысты. Журналдың редакторлары мен авторлары «Садақты» шығаруға аса ыждағатпен, ұқыптылықпен кірісті.

«Садақ» қолжазба журналы 1915 жылғы 9 қарашадан бастап, 1918 жылғы 10 ақпанға дейін шығып тұрды. Осы аралықта журналдың қырықтан астам саны жарық көрді. Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Садақтың» 1916 жылғы №20, №21 және №22 сан­дары ғана сақталған. Профессор Тұрсын­бек Кәкішев «Сандалтқан «Садақ» кіта­бында журналдың бұл нөмірлеріне толықтау талдау жасаған. Сонымен қатар Тұрсынбек Кәкішев аталған кітабында Қайыржан Бекхожиннің өзіне «Садақтың» жиырма шақты санын бергенін атап келіп: «Қаптаған көп кітаптардың арасынан қалындығы төрт елі, мұқабасы жыртылған маталы түптің жоғары және төменгі жағына әшекейлеп қара бояумен өрнек салып, орта тұсына «Садак киргизов» деп тасқа басылған сөзі бар, 575-бетіне «Ғалия» кітап-оқуханасы деген таныс штамп басылған салмақты да көлемді кітап­ты қолыма ұстатты. Жүрегім жарылып кетердей тулап қоя берді», – деп жазды.

«Сандалтқан «Садақ» кітабында Тұр­сынбек Кәкішев Қайыржан Бекхо­жиннен алған қолжазба журнал­­дың 1917–1918 жылдардағы жиырмаға жуық санына ішінара талдау жасады. Бірін толық жарияласа, енді бірін мазмұндап, тағы бірінің үзіндісін жария­лады. Алайда барлығы толық талданған жоқ. Профессордың өзі бұл жайында «Сандалтқан «Садақ» кітабының «Қазына» тарауының кіріспесінде: «Енді «Садақтың» 1917–1918 оқу жылында шыққан он бес санына оралайық. Сөз арасында кездескен уақиғаларды суыртпақтап шығарып отырармыз ретке қарай», – деп оқырманды бір қуантып қояды да, Жекейдің «Бас сөзінен» кейін бірден шорт кесіп: «1917–1918 жылдары шыққан, қолдағы бар 15 санды бас-басына әңгімелеудің қажеті шамалы екендігі өзінен өзі түсінікті», деп, Жиенғали тақырыбына ойысып кетеді.

Сонымен қатар журналдың әлі табылмаған сандары да бар. 1915–1918 жылдары «Садақ» қолжазба журналының қырық шақты саны жарық көргенін ескерсек, әлі жиырма шақты саны жоқ деген сөз. Уфаға барған сапарымызда біз осы жиырма санды іздегенбіз. Алайда Башқұртстан Ұлттық архивінен де, Башқұртстан Ұлттық кітапханасының сирек қолжазбалар қорынан да «Садақты» таппадық. Соған қараған­да бұл сандар не жоғалған, не біреудің сандығында жасырулы жатқан секілді. Жоғалып кетті дегенге көңіл сенбейді, іздеушісін күтіп бір жерде бұғып жатқан секілді көрінеді.

«Садақ» журналының 110 жыл­дығы қарсаңында журналға қатысты бірқатар жұмыс істелуі керек еді. Дегенмен әлі де атқаруға болады деген ойдамыз.

Біріншісі, журналдың оқырманға белгісіз жиырма шақты санын табу. Журналдың бұл сандары «Ғалия» шәкірттерінің, соның ішінде журнал авторларының бірінің (ұрпақ­тарының) архивінде немесе Уфадағы музейлер мен архивтердің бірінде сақтаулған болуы мүмкін.

Екіншісі, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің Қайыржан Бекхожиннен алған «Садақтың» жиырма шақты санын еліміздегі кітапханалардың сирек қорына алу. Бұл сандар бүгінде профессордың отбасында сақтаулы. Алматыдағы Ұлттық кітапхананың сирек қорындағы журналдың үш саны тағы да жиырма санмен толықса, ғалымдар мен зерттеушілерге қолже­тімді бола түсер еді.

Үшіншіден, «Садақ» журналының белгілі жиырмадан астам нөмірін сол кездегі төте жазудан қазіргі қаріпке (кириллицаға) көшіріп, қалың көпші­ліктің игілігіне айналдыру қажет. «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа» ба­сылым­дары секілді «Садақты» да (факси­милиесімен бірге) жеке кітап етіп жарыққа шығару – уақыт талабы.

Төртіншіден, «Садақтың» авторлары Алаш қозғалысына дем берді. Қолжазба журналды шығаруға атсалысқан ғалиялық шәкірттер мен олардың жазбалары, бүркеншік есімдерді қолдануы әлі де зерттеуді қажет етеді. Бұл тақырыптар зерттеле түссе, қазақ баспасөзі тарихына тың еңбектер қосылады.

Бесіншіден, келер 2026 жылы «Ғалия» медресесінің құрылғанына 120 жыл толады. «Садақ» қолжазба журналы «Ғалия» медресесінде, сондағы қазақ шәкірттерінің бастамасымен жарық көрген. Бұл медреседе 1906–1918 жылдары 200-ге жуық қазақ баласы білім алған. Осы орайда ғалиялық қазақ шәкірттері жайлы да зерттеулер жүргізіліп, олар оқыған медресе қабырғасына «Бұл медреседе Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Жиенғали Тілепбергенов, Нұғыман Манаев, Ахмет Мамытұлы, т.б. 200-ге жуық қазақ зиялылары білім алды» дегендей ескерткіш тақта ілінуі керек деген ойдамыз.

Серікбол ХАСАН,

мұратанушы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 10:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see149

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see147

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see145

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see143

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see130

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see127

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see127

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see127

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see126

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see125

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see125

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see121

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see119

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see118

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see117

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see116

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see116

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары