Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

7 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның бірқатар өңірлерінде найзағай мен дауыл күтіледі

Алматыда түнгі клубта өнер көрсеткен рэп орындаушы полиция бөлімінен бір ақ шықты

Қазақстан мен Украина полицейлері Киевте есірткі жасырушыларды тартуға арналған call орталықтар желісін әшкереледі

Конгода әуежай қайта ашылды

Петропавлда ақшадан шыққан жанжал кезінде қызы шешесін өлтіріп алды

​Яна Легкодимованың қылмыскерлері қайда отыр? Бұл сұрақтың жауабы қыздың анасына да айтылмаған

​Жасанды интеллект өкшелеп келеді: Еңбек министрлігі ҚР дағы ең осал мамандықтарды атады

Алматыда жылтырға оралған ер адамның денесі табылды

Балқаш ауруханасында қайтарылған активтер есебінен ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді

Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды

“1,5 миллионға жүргізуші куәлігі“ Ұлытау облысында алаяқ ұсталды

NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды

Қазақстандықтарды Украинадағы call орталықтар арқылы есірткі бизнесіне тартқан

Таза Қазақстан : Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді Әділет партиясы

Аида Балаева кітапханалардың қызметіне жан жақты талдау жүргізуді тапсырды

Мәулен Әшімбаев Атырауда жастармен жаңа Конституцияның болашағын талқылады

Дмитрий Киселев ТЭФИ 2026 ұлттық телевизиялық сыйлығының лауреаты атанды

Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртеніп, 10 жасар бала құтқарылды

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Кейінгі кезде шекаралық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөліне бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында шекара маңындағы бұрынғы төрт аудан қалпына келтірілді.

Суретті түсірген – Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ

Бүгінде еліміздің 14 облысы көршілес 5 мемлекетпен – Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанмен шекте­се­ді. 67 аудан мемлекеттік шекара маңында орналасқан, оларда 3,4 млн адам тұрып жатыр. Мемлекеттік ше­кара­дан 50 км-ге дейінгі қашық­тық­та қоныстанғандықтан, ше­ка­ра маңын­да­ғы аумақ болып саналатын 1 283 елді мекен тұрғын­дарының саны – 1,7 млн адам. Өткен ғасырдың соңында эко­номикалық дағдарысқа байланыс­ты бірқатар ауданды біріктіру, бе­лең алған жұмыссыздық, жолдар жөнделмей, көлік қаты­на­сы­н­ың нашарлауы, әлеу­мет­тік және инженерлік инфрақұ­ры­лым­ның тозығы жетуі, кезінде шека­ралық аудандарда халық санын тұрақтандыру мақсатында қолда­нылған жеңілдіктердің жойылуы салда­рынан шекара маңындағы 40 ауданда тұрғындар саны аза­йып кеткен.

Әсіресе бұған климаты қатаң Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыс­тарында жаппай жол берілді. Осы орайда сарапшылардың айтуынша, Мемлекет басшысының бас­тамасымен Катонқарағай, Марқакөл, Тарбағатай, Мақаншы аудандарының қайтадан ашылуы шығыс өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп отыр

Шекара маңындағы аймақтарда 85,8 мың тұрғыны бар 2 моноқала (Жітіқара, Риддер), 244 мың тұрғыны бар 8 шағын қала (Жаркент, Зайсан, Шемонаиха, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Мамлютка, Булаево) орна­ласқан. Олардың да бір­не­шеуін­де тұр­ғындар саны кеміп кеткен.

Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес шекара маңындағы аумақ­тар­дағы кейбір ауылдық елді мекендердің (АЕМ) нысандармен, көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 50 пайыздан аспайды. 1 366 ауылдың  1 242-сі немесе 90,9 пайызы ғана сумен жабдықталған, 664-і немесе 48,6 пайызы ғана газдандырылған.

Қазір шекаралық аумақтарда 1 405 білім беру ұйымы, соның ішінде 710 бала­бақша, 658 мектеп, 37 колледж жұмыс істейді. Оларда жалпы саны 239 мың сәби мен жеткіншек тәлім-тәрбие алып жүр. Алайда 90-ға жуық білім мекемесінің материалдық-техникалық базасы әбден тозған. 40-қа жуық білім ордасының асханасы, спорттық залы мен кітапханасы жоқ. 10 мектеп – саманнан, 5-еуі – қамыстан, 3-еуі ағаштан салынған. Кейбір мек­тептерге орталықтандырылған су, кәріз жүйелері тартылмаған. Оның үстіне кейінгі жылдары шекара маңындағы ауылдарда оқушы санының азаюына байланысты 10 шақты мектеп жабылып қалған. Ауылдағы мектеп жабылған соң, басқа елді мекендерге оқуға аттанған оқушылардың соңдарынан ата-аналары да көшіп жатыр. Мұның аяғы сол ауылдардың түбінде жабылуына әкеліп соғады.

Әрине, Үкімет шекаралық аудан­дар­дың білім саласын дамы­туға көңіл бөлмей отырған жоқ. 2021–2025 жылдары 17 500 оқушыға арналған 39 мектеп пайдалануға берілді, 84 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес «Цифрлық технологияларды қолдану арқылы шағын жинақты ауылдық мектептердің әлеуетін арттыру» қанатқақты жобасы аясында Қостанай (63 мектеп), Ақмола (51 мектеп), Солтүстік Қазақстан (39 мектеп) облыстарындағы 153 шағын жинақты мектепті кеңейту үшін 2024–2027 жылдарға 6,3 млрд теңге бөлін­ді. Бұл жоба шекара маңындағы ауыл­дарды да қамтиды.

Үкімет шекаралас аудандардың ден­саулық сақтау саласына да назар аударып, ғылыми орталықтар мен ғылыми зерттеу институттарымен бірлесіп, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік норма­ти­він жетілдіру жұмысын жүргізді. Қазір тұрғындар саны 50 адамға дейінгі АЕМ-де медициналық қызметкер үйде қызмет көрсетеді. Бұрын шағын ауыл­дарда мұндай мүмкіндік бол­маған. Қазір тұрғындар саны 500 адамға дейінгі АЕМ-де медициналық пункт құрылады. Бұрынғы талап бойынша бұл көрсеткіш 800 адамға дейін еді. Тұрғындар саны 500-ден 1 500 адамға дейінгі АЕМ-де фельдшерлік-акушерлік пункт ашылуға тиіс. Ол үшін бұрын 800-ден 1 500 адамға дейін болуы талап етілетін. Тұрғындар саны 1 500-ден 5 мың адамға дейінгі АЕМ-де дәрігерлік амбулаториялар ашу көзделеді (бұрын 1 500-ден 10 мың адамға дейін). Ал, 5 мыңнан астам тұрғыны бар АЕМ-де медициналық-санитарлық көмек орталығы болуы керек. Бұған қоса, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша 5 км-ден астам радиус­та меди­циналық ұйым болмаған кезде тұрғын­дар саны 50 адамнан кем АЕМ-де меди­циналық пункт құруға рұқсат етіледі.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында былтыр республикалық бюджет есебінен шекара маңындағы 29 АЕМ-де 36 жобаны іске асыруға 9,8 млрд теңге қаржы жұмсалған. Премьер-министрдің тапсырмасына орай шекара маңындағы ауылдарды дамыту мақсатында олардың әрқайсысына бизнес өкілдері мен квазимемлекеттік сектор компания­лары бекітіліп жатыр. Осы жұмыс аясында шекаралық облыстардың әкімдіктері 168 бизнес субъектісімен шекара маңындағы 105 АЕМ-де жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге жуық 216 жобаны жүзеге асыру туралы меморандумдар жасасқан.

Еліміздің өңірлік дамуының 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында да шекара маңындағы ауылдар тұр­ғын­дары үшін жағымды жаңашылдық бар. Нақты айтқанда, олардың бизнес-бастамаларын қолдауға гранттар беру, шалғай шекара маңындағы ауылдық округтер тұрғындарының жалақысына үстемеақы төлеу, төтенше табиғи-климаттық жағ­дайлары бар шалғай шекара ма­ңындағы аудандардың тұрғындары үшін еңбек өтілін есептеудің ерекше нормаларын енгізу, сондай-ақ қандастар мен қоныс аудару­шыларды шекара маңындағы елді мекендерге орналастыру мәселелері қарастырылады.

Жалпы, Президенттің тапсырмасына сәйкес ел өңірлерін дамытуға бағытталған мемлекеттік стратегиялық құжаттар мен бағ­дарламаларда шекаралық аумақтарға қолдау көр­сету шаралары қамтылған. Әйтсе де, аталған құжаттарда көз­делген шекара маңындағы елді мекендерге берілуге тиісті жеңілдіктер толық іске асырылмай келеді. Себебі олар әртүрлі нормативтік актілерде қарастырылған, ал үйлестіруші уәкілетті орган бекітілмеген. Бұл ретте Канада, Норвегия, Аустралия сияқты аумағы үлкен, халқының саны аз елдердің тәжірибесі шекара маңындағы аумақтарды дамыту мақ­са­тында жергі­лік­ті тұрғындарға мемлекет тарапынан әртүрлі жеңіл­дік беру тиімді екенін көрсетіп отырғанын ескерген жөн.

Әзірге шекара маңындағы ауыл­дық елді мекендерден тұр­ғын­дар­дың үдере көшуі толастамай тұр. Сондықтан Үкімет Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының депутаттары әзірлеген, тұрғындардың тұрақтауын ынталандыру, ішкі көші-қонды реттеу үшін шекаралық аудандарға арнайы мәртебе беруді, соның ішінде шекара маңындағы ауылдардағы шағын жинақталған мектептер, медициналық пункттер, амбу­латориялар мен емханалар үшін белгіленген нормативтерді қайта қарауды көздейтін «Қазақстан Республикасының шекаралық аумақтарын дамыту туралы» заң жобасын қарауды тездетсе, құба-құп. 

Соңғы жаңалықтар

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Ауыл • Бүгін, 09:40

Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі

Пікір • Бүгін, 09:38

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Басылым • Бүгін, 09:28

Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?

Білім • Бүгін, 09:25

Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт

Әлем • Бүгін, 09:23

Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?

Мәдениет • Бүгін, 09:20

Елімізде «Oxford Hub» ашылады

Білім • Бүгін, 09:15

Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды

Саясат • Бүгін, 09:12

Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері

Пікір • Бүгін, 09:10

Бизнес және жайлы іскерлік орта

Саясат • Бүгін, 09:07

Ұлт ұпайын түгендеген басқосу

Пікір • Бүгін, 09:05

Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс

Қаржы • Бүгін, 09:02

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Қоғам • Бүгін, 08:57

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 10:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

7 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның бірқатар өңірлерінде найзағай мен дауыл күтіледі

07 Маусым 2026 08:05see183

Алматыда түнгі клубта өнер көрсеткен рэп орындаушы полиция бөлімінен бір ақ шықты

07 Маусым 2026 17:54see127

Қазақстан мен Украина полицейлері Киевте есірткі жасырушыларды тартуға арналған call орталықтар желісін әшкереледі

08 Маусым 2026 08:58see117

Конгода әуежай қайта ашылды

07 Маусым 2026 23:27see116

Петропавлда ақшадан шыққан жанжал кезінде қызы шешесін өлтіріп алды

07 Маусым 2026 15:10see115

​Яна Легкодимованың қылмыскерлері қайда отыр? Бұл сұрақтың жауабы қыздың анасына да айтылмаған

08 Маусым 2026 12:47see115

​Жасанды интеллект өкшелеп келеді: Еңбек министрлігі ҚР дағы ең осал мамандықтарды атады

08 Маусым 2026 12:49see115

Алматыда жылтырға оралған ер адамның денесі табылды

07 Маусым 2026 17:01see114

Балқаш ауруханасында қайтарылған активтер есебінен ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді

07 Маусым 2026 13:08see113

Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды

08 Маусым 2026 08:38see112

“1,5 миллионға жүргізуші куәлігі“ Ұлытау облысында алаяқ ұсталды

08 Маусым 2026 13:20see111

NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды

08 Маусым 2026 13:45see111

Қазақстандықтарды Украинадағы call орталықтар арқылы есірткі бизнесіне тартқан

08 Маусым 2026 09:10see111

Таза Қазақстан : Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

08 Маусым 2026 15:25see110

Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді Әділет партиясы

08 Маусым 2026 19:05see110

Аида Балаева кітапханалардың қызметіне жан жақты талдау жүргізуді тапсырды

08 Маусым 2026 17:47see109

Мәулен Әшімбаев Атырауда жастармен жаңа Конституцияның болашағын талқылады

08 Маусым 2026 12:49see109

Дмитрий Киселев ТЭФИ 2026 ұлттық телевизиялық сыйлығының лауреаты атанды

08 Маусым 2026 20:53see108

Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді

07 Маусым 2026 13:05see107

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртеніп, 10 жасар бала құтқарылды

08 Маусым 2026 20:52see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары