Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған кедендіктер оны бірден байқады
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Оқиға 2026 жылғы 9 шілдеде "Тәжен" кеден бекетінде болған. Шетелдік Қазақстаннан Өзбекстанға өту кезінде зауыттық техникалық құрылымда көзделмеген, сыйымдылығы 95 литр болатын қосымша жанармай багымен дизель отынын заңсыз алып өтпек болған.
Алайда ер адамның әрекетіне шекаралық бақылау барысында тосқауыл қойылды.
"Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі өз түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және іс материалдарымен толық дәлелденді". Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі
Күдіктіні ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабымен (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртібін сақтамау) жауапқа тартты.
Сот қаулысымен ол бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (64 875 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:55
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 09:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















