Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Швейцарияда Давос 2026 экономикалық форумы өтіп жатыр. Live

Швейцарияда Давос 2026 экономикалық форумы өтіп жатыр. Live

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«Гренландияны күшпен басып алмаймыз». Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді.

Бұл оның қайтсек те Грен-ландияға иелік етеміз деген, қатқыл ұстанымының айтарлықтай жұмсаруы ретінде қабылданды. Алып аралдың айналасындағы дау Вашингтонды еуропалық серіктестерінен оқшаулап тастаған еді.

Дональд Трамп Давосқа келеді дегенде саясаткерлермен қоса, Швейцария халқы да наразы болып, Цюрих көшелерін басып алды.

Демонстранттар «Трамп келмесін!» деп ұрандатып, Гренландияға қатысты көзқарасына қарсылық танытты. Аралды сатылмайды деп Данияның үніне үн қосты. Алайда шеру соңы тәртіпсіздікке ұласып, жергілікті полиция оларды тарқату мақсатында су шашып, көз жасаурататын газ қолданды.

Осылайша, у-шудың арасында форумның алғашқы күні Трампсыз басталып, жиындарға АҚШ-тың Қаржы және Сауда департаменттерінің өкілдері қатысып, Вашингтонның Брюссельге көңілінің толмайтынын ашық айтып, бүгінгі АҚШ президентінің баяндамасына Давос аудиториясын дайындағандай болды. Форум кулуарында Ақ үйдің арнайы өкілі Стив Уиткофф бастаған команда Кремль мамандарымен кездесіп жатқаны да БАҚ назарына ілінді. Бірер сағат бұрын өзіңіз айтқан мәлімдемемен Дональд Трамптың өзі де жұрт алдына шықты.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Еуропаның кейбір аймақтарын бүгінде тану қиын. Бұл - нашар жағдай. Мен Еуропаны жақсы көремін, оның өркендегенін қалаймын. Алайда қазір ол дұрыс бағытта дамып жатқан жоқ. Соңғы онжылдықтарда Батыста экономиканы өсірудің жалғыз жолы - мемлекеттік шығынды шексіз ұлғайту, бақылаусыз көші-қон және сыртқы импортқа тәуелділік деген түсінік орнықты. Ауыр өндірістен бас тартып, қолжетімді энергияның орнын жасыл технологиямен алмастыру - өрескел қателік болды. Байден әкімшілігі мен бірқатар батыс елдері осы жолды таңдады. Нәтижесінде бюджет пен сауда тапшылығы ұлғайып, адамзат тарихындағы ең ауқымды көші-қон толқынына жол ашылды.

Біз ешқашан ештеңе сұраған жоқпыз, сондықтан ештеңе алған да жоқпыз. Қаласам, тоқтатуға келмейтін күш қолданар едім. Бірақ олай істемеймін. Мен күш қолданбаймын және қолданғым да келмейді. Шын мәнінде, бұл - мен айтқан ең маңызды мәлімдемелердің бірі. АҚШ бар болғаны Гренландия деп аталатын бір аумақты ғана сұрап отыр. Ол жер бұрын біздің қорғауда болған. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыста немістерді, жапондарды, италиялықтарды және өзге де күштерді жеңгеннен кейін, Гренландияны құрметпен Данияға қайтарып бергенбіз.

Сондай-ақ алдағы уақытта АҚШ президенті НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен, әлемдік корпорация директорларымен кездеседі. Одан бөлек Трамп Газаға байланысты Бейбітшілік кеңесінің ресми қол қою шарасын да Давоста өткізіп жіберуді көздеп отыр. Кең құрамдағы АҚШ делегациясы украиналық тараппен де келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 22:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see146

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see119

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see113

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары