Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

Көкке көз тіккен күн

Пайымы биік преамбула

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

Телеаудитория талғамы жаңарды

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

Алматы облысы жолдарындағы жаппай айыппұлдар: ІІМ түсініктеме берді

Қазақстан Украина мен Иранда сайлау учаскелерін ашпайды

Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастады

“Сізді жүйе таңдады“. Қазақстан соттарында алқабилер қалай іріктеледі?

“Сізді жүйе таңдады“. Қазақстан соттарында алқабилер қалай іріктеледі?

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанда алқабилердің қатысуымен сот процестері әлі де сирек өтеді. 

Tengri AI ұсынған жаңалықтың қысқаша мазмұны Бұл ЖИ жазған мәтін

Қазақстанда алқабилер соты жиі өтпейді, алайда заң бойынша талаптарға сай келетін кез келген азамат күтпеген жерден алқабилікке кандидат бола алады. Tengrinews.kz тілшісі осындай кандидаттардың қатарында болып, соттардың бірінде іріктеу процедурасынан өтті. Бәрі келу күні мен орны көрсетілген, сондай-ақ дәлелді себепсіз келмегені үшін жауапкершілік туралы ескертілген ресми хабарламадан басталады. Процеске қатысқаны үшін алқабилерге сыйақы беріледі, оның көлемі сотта өткізілген күндер санына және негізгі жұмыс орнындағы табысына байланысты болады. Іріктеу басталмас бұрын кандидаттар денсаулығы, жұмысы, туыстарының соттылығы және процеске қатысуға кедергі келтіруі мүмкін басқа да жағдайлар туралы мәліметтерді көрсете отырып, сауалнама толтырады. Сипатталған жағдайда сотқа 42 адам шақырылды, олардың көбі басынан-ақ неге алқаби болғысы келмейтінін немесе бола алмайтынын түсіндіруге тырысты. Сотталушының кешігуіне байланысты іріктеу бір жарым сағаттан кейін ғана басталды, бұл кандидаттардың сот қызметкерлерімен көптеген дау-дамайына себеп болды. Процедура басталған кезде судья кезекпен кімнің босатылуға заңды негіздері бар екенін анықтады, содан кейін адамдардың бір бөлігі залдан шығып кетті, ал қалғандарын айыптаушы тарап пен қорғаушы тарап қосымша іріктеді. Қазақстанда алқабилер қатысатын істер барлық қылмыстық процестердің аз ғана бөлігін құрайды, бірақ олардағы ақтау үкімдерінің үлесі кәдімгі соттарға қарағанда айтарлықтай жоғары. Қорытындысында кім алқаби бола алады, кандидаттар қатысудан қалай жалтаруға тырысты, неліктен жедел жәрдем шақырылды және іріктеу процесі ішінен қалай көрінеді — материалдың толық нұсқасында толығырақ.

Соған қарамастан, кез келген адам кез келген уақытта сот процесіне қатысуға шақырту алуы мүмкін. Мәселен, Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық іс бойынша сот процесіне алқаби ретінде таңдалды (заңды бұзбау мақсатында біз оның және процеске қатысушы басқа да тұлғалардың есімдерін көрсетпейміз). Мұндай жағдайға тап болу мүмкіндігі өте сирек кездесі. Сондықтан біз бұл қалай болғаны туралы баяндаймыз.

Бұл - Қазақстандағы алқабилер соты туралы мақалалар сериясының алғашқысы. Мұнда сіз кандидаттарды іріктеу қалай жүретінін және оларға қанша төленетінін білесіз. 

Соттан келген хат: Сіз алқабилікке кандидатсыз

Бірде таңертең сізге Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қалалық немесе облыстық департаментінен күтпеген хат келуі мүмкін. Бірақ қорықудың қажеті жоқ. Конвертті ашқанда "алқабилікке кандитаттың сотқа келуі туралы хабарламасын" көресіз. 

Парақтың оң жақ жоғарғы бұрышында үлкен әріптермен былай деп жазылады:

"КЕЛУ МІНДЕТТІ".

Хатта сіз шақырылған соттың мекенжайы, келу күні мен уақыты көрсетіледі. Сондай-ақ "Алқабилер туралы" заңмен реттелетін шақырудың барлық негізі де жазылады.

"Сотқа келген әрбір күнге сізге сыйақы төленеді. Бұдан бөлек, іссапар және көлік шығындарыңыз өтеледі. Сотта алқаби міндетін атқарған уақытыңыз еңбек өтіліне есептеледі. Алқаби міндетін атқару кезеңінде негізгі жұмыс орныңыз бойынша осы кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның қызметкерлері үшін қарастырылған барлық кепілдік пен  жеңілдіктер сақталады", - делінген хатта.

Сондай-ақ сотта міндетіңізді атқару кезінде жұмыс берушінің бастамасымен алқаби ретінде жұмыстан шығаруға немесе жалақысы төмен лауазымға ауыстыруға жол берілмейтіні нақтыланады.

Іс жүзінде сіз азаматтық борышыңызды өтейсіз, ал сотқа алқаби ретінде қатысуыңыз мемлекеттік қызметпен теңестіріледі.

Анықтама: "Алқабилер туралы" ҚР Заңының 10-бабына сәйкес, алқабилікке кандидаттар тізіміне мына тұлғалар енгізілмейді: тізім жасалған сәтте жиырма бес жасқа толмағандар, соттылығы өтелмеген немесе алынбағандар, сондай-ақ сотпен іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылғандар. Бұдан бөлек, тізімге судьялар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық бұзылыстары, соның ішінде психоактивті заттарды тұтынуға байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрғандар кірмейді. Алқабилікке кандидаттар тізімінен өздерінің жазбаша өтініші бойынша мыналар шығарылады: қылмыстық іс жүргізілетін тілді білмейтін адамдар, физикалық немесе психикалық кемістіктеріне байланысты алқаби міндеттерін атқаруға қабілетсіз адамдар, алпыс бес жастан асқандар, сондай-ақ діни қызметшілер.

Сотқа алқаби ретінде қатысқаны үшін төленетін сома әртүрлі болуы мүмкін.

Біріншіден, ол сот отырыстарының санына байланысты. Екіншіден, кейінгі жарты жылдағы БЖЗҚ-дан үзінді көшірмелер және ресми жұмыс орныңыздан анықтама арқылы расталатын орташа күндік табысыңызға байланысты болады.

"Алқабиге облыстық және оған теңестiрілген соттың қызметiн материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган нақты iс қаралып болғаннан кейiн, ал егер iстi қарау созылатын болса, ай сайын бюджет қаражаты есебiнен аудандық сот және оған теңестiрілген сот судьясының (1 жылға дейін өтілі бар) лауазымдық жалақысының жартысы мөлшерiнде, бiрақ алқабидiң сотқа қатысу уақытына (жұмыс күнiнiң санына) барабар, оның негiзгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысынан кем емес мөлшерде сыйақы төлейдi", - делінген "Алқабилер туралы" заңның 16-бабы 1-бөлігінде.

Сонымен қатар хатта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 655-бабына сілтеме беріледі, оған сәйкес сотқа келмеген жағдайда жауапкершілік қарастырылған.

Анықтама: ҚР ӘҚБтК-нің 655-бабы бойынша, азаматтың алқаби міндеттерін атқару үшін сотқа шақыру бойынша дәлелді себепсіз келмеуі ескерту жасауға немесе 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2026 жылы бір АЕК мөлшері 4 325 теңгені құрайды. Демек, айыппұл 43 250 теңге болады.

Алқабилер: іріктеуді күту

Біздің жағдайда алқабилікке кандидаттардың жиналуы сағат 10:00-ге белгіленді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың ең үлкен залдарының біріне 42 адам жиналды. Олардың бәріне хабарлама келген, ал тізімді қалалық әкімдік кездейсоқ таңдау әдісімен жасақтаған.

Келгендердің барлығы сот хатшысына жеке куәліктерін тапсырып жатыр, ал ол толтыратын сауалнама үлестірді. Біреулер кішкентай балаларымен келсе, жасы келген бір ер адамды ересек ұлы ертіп жүр - әкесінің сауалнамасын да сол толтырып жатыр.

Сауалнамада әрбір кандидат мүгедектігінің бар-жоғы, денсаулық жағдайы, жұмыс орны, сотталған адамдармен туыстық байланысы және тағы басқа сұрақтарға жауап беруі тиіс. Жалпы алғанда, кандидаттың отырысқа қатысуына кедергі болуы мүмкін жайттың бәрі қамтылған.

Жиналғандардың ешқайсысының мұндай процестерде тәжірибесі жоқ. Сондықтан адамдар тарапынан көптеген сұрақ туындап жатыр. 

Әйелдердің бірі сауалнаманы толтырып болған соң, бірден хатшыдан сұрады:

"Бұл менің келісімімге қол қойғанымды білдірмейді ғой?"

Оған судьяны күту керек екені айтылды. 

Тағы бір кандидат, түріне қарағанда зейнеткер денсаулығына байланысты бірден бас тартуды сұрап, хатшыға өзінің мүгедектігі туралы бірнеше рет ескертті.

- Мен күте алмаймын, куәлігімді беріңіз, - дейді тағы бір кандидат сот хатшысына.

- Мен сізді жібере алмаймын. Бұл сотты құрметтемеу болып саналады, әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз, - деп жауап берді ол.

- Шаруаларым бар, уақытым жоқ.

- Бәрінің де уақыты жоқ. Біз сізді қонаққа шақырған жоқпыз. Сізді біз емес, жүйе таңдады.

Жиналғандардың көбі бұл процесске уақыт шығындағысы келмейді.

Белгіленген уақыттан жарты сағат өтсе де, алқабилерді іріктеу процесі басталмады. Бұл адамдардың одан сайын ашуын туғызды. Көбі бәрі тез бітеді де, өз шаруаларымызбен кетеміз деп үміттенген еді.

Сол себепті кандидаттардың бірінен соң бірі хатшымен сөзге келіп жатыр.

- Неге мен мұнда болуым керек? Алқаби бола алмасам, несіне отырмын?! - деп айқайлады тағы бір әйел орнынан тұрмастан.

- Сізді таңдады, - деп жауап берді хатшы.

- Менің алқаби бола алмайтыным көрініп тұрған жоқ па?!

- Жоқ.

- Менің аяғым ауыр!

- Бұл бас тартуға себеп емес.

Бес минуттық айтыстан кейін хатшы іркіліс соттың кінәсінен болмағанын хабарлады.

Мәселе - сотталушыны алып келе жатқан айдауылдың кешігуінде. Оны тергеу изоляторынан әкеле жатыр. Ол және оның адвокатынсыз алқабилерді іріктеу процесі жүре алмайды.

Осы сәтте тағы бір әйел баласын мектепке апаруы керек екенін айтып, сауалнамасын жоғарырақ қоюды сұрады. Ол бұл әрекеті тезірек кетуіне көмектеседі деп ойлайды. Хатшы сауалнамалардың орнын ауыстыру іріктеуді еш тездетпейтінін, өйткені ол кезек ретімен жүрмейтінін айтты.

Бір сағаттан соң жиналғандардың алдына төрағалық етуші судья шықты. Ол кешірім сұрап, жағдай штаттан тыс екенін мәлімдеді. Судья сотталушысыз іс алға баспайтынын тағы да түсіндірді.

"Барлығыңызды мұнда жинау - үлкен еңбек, сот қызметкерлері көп жұмыс атқарды, бұған екі апта уақыт кетті. Сондықтан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймын. Түскі асқа дейін бәріңіз босайсыздар", - деді судья.

Залдағы шу одан сайын күшейе түсті.

Біреуге 11:30-да баласын мектептен алу керек. Біреу күндізгі сағат бірде дәрі ішуі керек екенін айтып жатыр. Ал кейбіреулері әрекетке көшіп - куәлігін тартып алуға тырысты. 

Судья шығып кетті. Қарсылықтарға төтеп беруге тағы да хатшы жалғыз қалды.

- Бұл үшін ақы төленеді, - деді хатшы мүгедектігін тағы да еске салған әйелге.

- Маған ақшаларыңыздың керегі жоқ, тіпті миллион болса да қажет емес, - деп жауап берді ол.

- Бір отырыс үшін орта есеппен 15 мың теңге.

- Маған ақшаларыңыз керек емес, - деп кандидат өз дегенінен қайтпады.

Күтіп отырғандардың бірі хатшыға жүрегіне ота жасатқанын және екі сағаттан кейін дәрі ішуі керек екенін айтты. Шамасы, ол өзін жайсыз сезініп тұрғанын да айтса керек, өйткені бір уақытта сотқа жедел жәрдем шақырылды.

- Жедел жәрдем келді, - деп хабарлады хатшы бүкіл залға естіртіп. - Кім өзін нашар сезініп тұрғанын айтып еді?  

Ота жасалған ер адам үндемеді. Ол істің мұншалықты байбаламға ұласатынын күтпесе керек. Хатшы бөлменің ең шетіне барып, сол адамға жақындап: "Жедел жәрдем келді", - деп қайталады.

- Маған жедел жәрдем керек емес, маған дәрі ішу керек болады, - деп жауап берді ер адам.

- Сіз қан қысымым көтеріліп жатыр дедіңіз ғой.

- Егер дәрі ішпесем, көтеріледі дедім!

- Қан қысымыңызды өлшеткіңіз келе ме? - деп қадалды хатшы.

Жедел жәрдем бәрібір келіп қалған соң, оған дейін хатшымен ұзақ айтысқан мүгедектігі бар зейнеткер қан қысымын өлшеуге келіседі.

Жүрегіне ота жасалған ер адам да біраз отырып, ойланып, ол да қан қысымын өлшеуге барады.

Иллюстрация: Ратмир Халиков арнайы Tengrinews.kz үшін

Алқабилерді іріктеу

Бір жарым сағат күтуден кейін айдауыл сотталушыны сот залына алып кіреді. Содан кейін оны аквариумға кіргізіп, артынан есікті жабады. 30 жастағы ер адам аквариумның терезесі арқылы қолын шығарады, оның кісенін шешеді.

Содан соң залға судья оралады. Барлығы орындарынан тұрып, онымен амандасады. 

Ол кандидаттарға болып жатқан жағдайдың барлығы олардың азаматтық борышы екенін, ал оны орындамаған жағдайда заңда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын тағы да түсіндіреді. Сөз қайтадан алқабилердің еңбегіне ақы төлеу туралы болады.

Осыдан кейін іріктеу басталады. 42 үміткердің ішінен соңында 12 адам қалуы тиіс. Екеуі қосалқы мүше болады, ал шешімді 10 алқаби қабылдайды.

Іріктеу былай жүреді: судья залда мүгедектігі бар адамдардың бар-жоғын сұрайды. Мүгедектігі барлардың бәрі қол көтереді. Содан кейін судья әрқайсысынан мұны құжатпен растай ала ма деп сұрайды. Нәтижесінде мүгедектігі бар адамдар куәліктерін көрсетіп, залдан шығады.

Судья осыған ұқсас сұрақтарды 65 жастан асқандарға, жүкті әйелдерге және денсаулығына байланысты қатыса алмайтындарға да қояды.

Соңғы сұрақ кезінде жасы 35-тер шамасындағы ұзын бойлы, ірі денелі ер адам қол көтереді. Судья оның денсаулығында қандай кінәрат бар екенін сұрайды.

- Қан қысымым бар, құрметті сот, қан қысымым қатты ауытқиды, - деп жауап береді ол.

- Қандай да бір ауруыңыз бар ма, есепте тұрасыз ба?

- Қан қысымым - баяғыдан солай. Есепте тұрмаймын.

- Әзірге отыра тұрыңыз.

Осы сәтте ота жасалғанын бәрі білетін ер адам орнынан тұрып, судьяға қарай беттейді. Тура алдына барып, жейдесінің түймесін ағытып, кеудесіндегі тыртығын көрсетеді. Бұл әрекетін қазір қолында құжат жоқтығымен және ота жасалғанын осылай ғана растай алатындығымен түсіндіреді. Судья оған залдан шығып, процеске қатыспауға рұқсат береді.

Содан кейін сот соттылық пен қазіргі жұмыс орны туралы сұрақтарға көшеді. Қызметтегі әскери қызметшілер, полиция немесе Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері алқаби бола алмайды, өйткені олар бейтарап болмауы мүмкін.

Келесі сұрақ былай қойылады:

"Араларыңызда діни сенімі алқаби болуға жол бермейтін жандар бар ма?"

Қан қысымы бар әлгі ұзын бойлы, ірі денелі ер адам тағы да қол көтереді.

- Сізде не болды? Қандай діни сенім? - деп сұрайды судья.

- Ислам діні. Мен адамдарды соттамауым керек, Төреші - Құдай. 

- Біздің бұл салада істеп жүргенімізге бір жыл болған жоқ, діни мәселелерден хабарымыз бар және исламда сот процестеріне қатысуға тыйым салынбағанын, Исламның өз соттары барын нақты білеміз. Сондықтан бізді ақымақ қылмаңыз, - деп жауап берген судья ер адамға отыруды бұйырады.

Кандидаттардың көбі процеске қатыспас үшін кез келген сылтау табуға тырысады.

Соңында 18 адам қалады. Мемлекеттік айыптаушы мен қорғаушы тарап бірнеше үміткерді тізімнен шығаруы тиіс кезең басталады. Екі тарап та қалған сауалнамаларды зерттейді.

Осылайша тағы бірнеше адам, оның ішінде қан қысымы бар әлгі ер адам да залдан шығады.

Алқабилер анты

Алқабилер іріктелгеннен кейін судья олардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ процестің қалай өтетінін түсіндіреді. Содан соң алқабилер реттік нөмірлерін алып, орындарынан тұрып, мынадай мазмұнда ант береді:

"Алқабидiң мiндеттерiн атқаруға кiрiсе отырып, өз мiндеттерiмдi адал және бейтарап атқаруға, сотта қаралған барлық дәлелдемелердi, дәлелдердi, iстiң мән-жайын назарыма алуға, ерiктi азамат және әдiл адам ретiнде iстi өзiмнiң ішкi нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемiн".

Соңында барлық тарап сот отырыстарын өткізу кестесін талқылап, бекітеді, аптаның күні мен уақытын таңдайды.

Қазақстандағы алқабилер соты

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанның барлық бірінші сатыдағы соттары үкім шығарумен 25 990 қылмыстық істі қараған. Оның ішінде алқабилердің қатысуымен - 190 іс. Яғни, барлық қылмыстық процестің шамамен 0,7 пайызы алқабилердің қатысуымен өткен.

Осы 190 сот процесі бойынша 351 сотталушы өткен. Оның ішінде 302 адам сотталды. 49 адам ақталды - бұл сотталушылардың шамамен 14 пайызы.

Салыстырмалы түрде: Қазақстандағы әдеттегі қылмыстық процестерде ақтау үкімдерінің үлесі дәстүрлі түрде шамамен бір пайызды немесе одан да аз мөлшерді құрайды. Яғни, алқабилер сотында ақталу ықтималдығы бірнеше есе жоғары. Дегенмен, алқабилердің қатысуымен өтетін соттардың саны салыстырмалы түрде аз екенін атап өткен жөн.

 Қылмыстық сот ісін жүргізуді осы бөлімде көзделген қағидаларға сәйкес жүзеге асыру күдіктінің, айыпталушының өз ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтінішхаты бойынша жүргізіледі.

Анықтама: алқабилердің қатысуымен жүргізілетін істер бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексімен реттеледі. ҚР ҚПК-нің 634-бабына сәйкес, алқабилердің қатысуымен сот тағайындау күдіктінің/айыпталушының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Тергеу аяқталғаннан кейін күдікті істің барлық материалымен танысқан кезде, тергеуші оған алқабилер сотын өткізу туралы өтініш беру құқығын және оның барлық құқықтық салдарын түсіндіруге міндетті. Сонымен қатар ҚР ҚПК-нің 631-бабында алқабилер соты аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарайтыны көрсетілген. Бұған төтенше жағдай кезінде және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған кісі өлтіру, адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, террористік және экстремистік қылмыстар, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар кірмейді.

Биылғы алты айда бірінші сатыдағы соттар үкім шығарумен 13 450 қылмыстық істі қарады, оның ішінде алқабилердің қатысуымен өткені - 70, бұл шамамен 0,52 пайыз болады. 

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында алқабилердің қатысуымен өткен соттар 103 адамды кінәлі деп танып, 12 адамды ақтады. Ақталғандардың үлесі 10,4 пайыз, ал сотталғандардың үлесі 89,6 пайыз болды. 

Осы топтаманың келесі материалдарынан алқабилердің қатысуымен өтетін сот процесі қалай жүретінін, сотталушының кінәсі немесе кінәсіздігі туралы шешім қалай қабылданатынын және үкім қалай шығарылатынын біле аласыздар.

Тағы оқыңыз: “Ол кезде және қазір“. Осыдан 30 жыл бұрын қазақстандықтар қалай өмір сүрді?

Мемлекет, құлақ ас. Егер шенеунік қателессе, қазақстандық не істеуі керек?

Дайындаған: Айнұр Қапышова

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 12:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 22:41see124

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see123

Көкке көз тіккен күн

18 Тамыз 2026 04:03see122

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see122

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see122

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see121

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

17 Тамыз 2026 19:04see120

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

18 Тамыз 2026 03:20see119

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

18 Тамыз 2026 13:08see119

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

17 Тамыз 2026 15:20see118

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

17 Тамыз 2026 21:11see118

Телеаудитория талғамы жаңарды

18 Тамыз 2026 03:17see117

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

18 Тамыз 2026 13:07see117

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

17 Тамыз 2026 15:38see117

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

18 Тамыз 2026 13:12see117

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

18 Тамыз 2026 22:08see116

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

18 Тамыз 2026 20:29see113

Алматы облысы жолдарындағы жаппай айыппұлдар: ІІМ түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 18:31see113

Қазақстан Украина мен Иранда сайлау учаскелерін ашпайды

18 Тамыз 2026 16:45see111

Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастады

17 Тамыз 2026 21:56see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары