Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

СҚО да кезінде жазықсыз қуғындалған 13 мыңнан астам азамат әлі толық ақталмаған

СҚО да кезінде жазықсыз қуғындалған 13 мыңнан астам азамат әлі толық ақталмаған

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Президенттің тапсырмасына орай, арнайы құрылған өңірлік комиссия 2020 жылдан бері архив деректерін саралап, әділдікті қалпына келтіру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Алайда атқарылған іске қарамастан, жазықсыз қудаланған мыңдаған азаматтың тағдыры әлі де зерттеуді қажет етеді.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша, бүгінгі күні комиссияға 13 мыңнан астам ақталмаған адамның тізімі тапсырылған. Олардың басым бөлігі бірінші санатқа жатқызылған, яғни кеңестік билік кезінде «ірі бай» ретінде қудаланған азаматтар. 

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

– Сонымен қатар әскери тұтқындар мәселесі әлі толық шешілген жоқ. Бүгінде шамамен 5 мыңға жуық жерлесіміздің есімі анықталды. Құпия құжаттардың барлығын ашып айту мүмкін болмаса да, олардың Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, тұтқынға түскені, тұтқында ауыр азап көргені, сол жақта қаза тапқаны немесе елге оралған соң қайтадан қудаланғаны жөнінде нақты деректер жинақталды, - дейді Сәуле Мәлікова. 

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Зерттеу барысында Алаш қозғалысының белгісіз болып келген көптеген өкілінің есімі анықталған. 

– Алаш қайраткерлерінен Мағжанды, Жұмағали Тілеулинді, Қошке Кемеңгеровты білеміз ғой. Соған қосымша тағы жетпістен астам азаматтың, Алаш қайраткерлерінің тізімін анықтадық, біздің өңір бойынша. Оларды да комиссияға тапсырдық. Сол тұлғалардың ішінде Салмақбай Күсемісовке ерекше тоқталғым келеді. Оның қайда туғанын жақында анықтадық, Мағжанның жерлесі, Полудин болысынан екен. Осы жерде большевиктер үкіметі уақытша құлаған уақытта екі жыл бойы осы өлкені басқарғандардың бірі болған. 1920 жылы Кеңестер алашордалықтарға амнистия жасаса, бұл адамға кешірім бермей, атып тастаған. Оның есімі араға ғасырдан астам уақыт салып, белгілі болып жатыр, - дейді архив директоры.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Жалпы, бүгінге дейін ақталғандардың ішінде 2 352 адам ату жазасына кесілгендер санатына жатады. Солардың бірі – есімі ел есінен өшіп, еңбегі әлі күнге дейін лайықты бағасын алмай келе жатқан Әбдірахман Айсарин. 

– Жазушы, публицист, қоғам қайраткері, Смағұл Сәдуақасовтың ісін жалғастырушы Әбдірахман Айсарин 1937 жылы ату жазасына кесілді. Ол облыстық, республикалық басылымдарда жұмыс істеді. Петропавл уезі бойынша бірер жыл халық судьясы болды, салық саласында да еңбек етіп, кәсіподақ төрағасының орынбасары болып еңбек етті. Ұсталғаннан кейін бір жылдан кейін зайыбы Мәдина да қамауға алынып, бес жылын «АЛЖИР» лагерінде өткізді, - дейді Сәуле Мәлікова. 

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Қазір, архив директорының айтуынша, толық ақталған азаматтардың саны 8 мыңнан асқан. Олардың есімі Петропавлдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш тақтаға ойып жазылған.

Бұған дейін саяси қуғын-сүргін құрбандары қандай төлемдер алатынын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 16:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see127

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары