Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Стратегиялық бағыттың әлеуеті

Стратегиялық бағыттың әлеуеті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Форумға қатысушылар құрамының ауқымдылығы Қазақстанның тау-кен металлургия кешеніне деген халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті. Пленарлық отырыста сөз сөйлеген Үкімет басшысы өткен жылдың экономикалық қорытындыларына тоқталды. Оның айтуынша, 2025 жылы ел экономикасы 6,5 пайыздық өсім көрсетіп, ішкі жалпы өнім көлемі алғаш рет 300 млрд доллардан асты.

Бұл нәтижеге қол жеткізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған технологиялық жаңғыруға, инвестиция тартуға, өнеркәсіп пен адами капиталды дамытуға негізделген экономикалық саясаттың жемісі екені атап өтілді.

«Еліміздің жаңа Конституциясы осы бағыттың институционалдық негіздерін бекітеді. Ол меншік құқығы мен инвестиция­ларды қорғау кепілдіктерін күшейтеді, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтады әрі елдің ұзақмерзімді экономикалық дамуы үшін берік негіз қалыптастырады. Тау-кен металлургиясы кешенін одан әрі дамыту ісінде бұл мәселе айрықша маңызға ие. Жер қойнауын пайдалану, металлургия мен терең өңдеу салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру қомақты инвестиция мен ұзақмерзімді инвестициялық циклдерді талап етеді. Сондықтан институттардың орнықтылығы, реттеудің болжамдылығы мен бизнес тарапынан сенімнің жоғары деңгейі саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың біріне айналып отыр», деді О.Бектенов.

Саладағы негізгі басымдықтың бірі – гео­ло­гиялық барлау жұмысын күшей­ту. Жаңа кен орындарын анықтау, минерал­дық-шикізат қорын толықтыру мен инвести­циялық жобалардың жаңа легін қалыптас­тыру осы бағытпен тікелей байланысты.

Президент тапсырмасына сәйкес елімізде жер қойнауын геологиялық зерттеу­дің ауқымды бағдарламасы жүзеге асыры­лып жатыр. Қазақстан аумағын егжей-тег­жейлі геологиялық картаға түсіру жұмысы бас­талды. Нәтижесінде, зерттелетін жер қой­науының аумағы 2 млн шаршы шақырымнан асады. Ал 2026–2028 жылдары геологиялық барлауға шамамен 470 млн доллар көлемінде мемлекеттік инвестиция бағытталмақшы.

Геология саласын технологиялық тұрғы­дан жаңғырту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Елімізде жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында геологиялық барлау мен жер қойнауын пайдалану саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жұмысы жеделдетіліп жатыр.

Қазір жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай цифрлық платформасы жұмыс істейді. Сол арқылы 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Лицензия беру мен жер қойнауын пай­даланушылардың міндеттемелерін бақы­лау үдерістері автоматтандырылған. Бұған қоса 4,6 млн-нан аса бастапқы гео­ло­­гия­лық ақпарат цифрлық форматқа көшірілді.

Ендігі міндет – жинақталған деректерді тиімді талдап, жасанды интеллект мүмкіндік­терін пайдалану арқылы жаңа кен орындарын іздеуді жеделдету мен минералдық-шикізат қорын игерудің тиімділігін арттыру. Премьер-министрдің айтуынша, тау-кен металлургия кешені алдағы уақытта тек өндіріс көлемін арттырумен шектелмей, терең өңдеу мен жоғары технологиялық өнім шығаруға бет бұруы қажет.

«ТМК саласы өз дамуын өндірісті ұлғайту арқылы ғана емес, бұған қоса тереңірек өңдеуге әрі қосылған құны жоғары өнім шығаруға көшу арқылы да жалғастыруға тиіс», деді О.Бектенов.

Бұл бағыттағы нақты нәтижелер де бар. Кейінгі екі жыл қатарынан жалпы құны 1 млрд доллардан асатын жобалар іске қосы­лып, катодты мыс, ферросилиций, ферро­қорытпа секілді өнімдер өндіріле бастады. Абай облысында құны 1,5 млрд доллардан асатын мыс балқыту зауытының құрылысы жүріп жатыр. Жоба толық іске қосылған кезде бүгінде сыртқа шығарылатын мыс концентратының басым бөлігі ел ішінде өңделеді.

Павлодар облысында жылына 300 мың тонна алтын-мыс концентратын өңдеп, 15 тоннаға дейін алтын өндіретін гидрометал­лургиялық комбинат салынып жатыр. Ал Қарағанды облысында «Qarmet» компаниясы металлургиялық өндірісті жаңғырту жұмысын жүзеге асыру қарсаңында тұр. Соның аясында қосылған құны жоғары өнімдер шығарылып, автомобиль өнеркәсібіне қажетті болат өндірісі жолға қойылмақшы.

Еліміз бұл ретте халықаралық әріптестік аясын кеңейтуге де ерекше мән беріп отыр. АҚШ, Қытай, Еуропалық Одақ, Жапония мен Корея Республикасының жетекші компанияларымен бірлескен жобалар қолға алынып отыр. Мұндағы мақсат – инвестиция тартумен ғана шектелмей, технология трансферін қамтамасыз ету, өндірісті жергіліктендіру мен жаңа индустрияға қажетті білікті мамандар даярлау.

Конгресс аясында ұйымдастырылған көрмеде де саланың жаңа мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Биылғы экспозицияға Аустралия, Германия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция мен Эстониядан келген 69 компания қатысты. Оның 40-ы – отандық кәсіпорындар.

Премьер-министр «Qarmet», «Kazzinc», «Kazakhmys», «KAZ Minerals», «XCMG», «ERG» секілді жетекші компаниялардың көрмесін аралап, АҚШ, Швеция мен Сауд Арабиясы бизнес-павильондарымен таныс­ты. Көрмеде өндірісті цифрландыру, автоматтандыру, экологиялық қауіпсіздікті күшейту, қайта өңдеу индустриясын дамыту мен инженерлік қызметтерді жетілдіруге арналған озық технологиялық шешімдер ұсынылды.

Astana Mining & Metallurgy 2026 алаңында көтерілген мәселелер еліміздің шикізат экспорттаушы ел ретіндегі дәстүрлі рөлінен біртіндеп алыстап, терең өңдеу мен жоғары технологиялы өндіріс орталығына айналу бағытын таңдағанын көрсетті. Бұл мақсатқа жетуде геологиялық барлау, цифр­ландыру, инвестициялық тұрақтылық пен халықаралық технологиялық серіктестік шешуші рөл атқарады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Маусым 2026 08:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see142

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see137

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see135

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see134

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see128

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see127

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see125

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see124

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see123

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see123

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see123

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see118

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see118

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see116

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see115

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see114

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары