Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ әлем чемпионы Испанияның сыйақысынан 15 млн доллар салық ұстайды

“Бұрынғы триллионер“. Илон Маск миллиардтаған долларынан айырылды

Қазақ семсерлесушілері әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енді

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады : 27 шілдеде ауа райы қандай болады

Сіздің WhatsApp ыңызды қазір оқып отыруы мүмкін қазақстандықтар оны қалай тексере алады

Ностальгия: Қазақстанның алғашқы банкноттарын еске түсіреміз

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман кәсіпқой бокста кезекті жеңісіне жетті

Астанадағы автосалон менеджері алдау арқылы 23 миллион теңгенің екі автокөлігін иемденіп алды

Қызылорда тұрғыны Алматыға келіп, іс түзсіз жоғалып кетті

Алматы полициясы Қайрат Ордабасы матчы алдында маңызды мәлімдеме жасады

Екі дос ерекше жүкпен теңізді кесіп өтіп, желі жұлдызына айналды

Заң мен тәртіп : Шымқала кештері қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау құндылықтарын насихаттады

Алматыда пайдаланылған газ үшін жүргізушілерге жаппай айыппұл салынуда

Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4,5 миллионнан асты

Челси футбол клубы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа видеоны жариялады

Елдегі жеке клиникалар МӘМС тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген

Фицо: Еріктілер коалициясына қосылу Словакияның саясатына қайшы

Бес ЖЭО қызыл аймақта қалып отыр: Қазақстан қысқа қалай дайындалуда

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды

Қытайдың жасыл энергетикаға инвестициясы рекордтық деңгейге жетті

Стратегиялық мұнай қоры: сақтық па, салмақ па?

Стратегиялық мұнай қоры: сақтық па, салмақ па?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

 Бір қарағанда, мұндай инфрақұрылым елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп, экспорт уақытша тоқтаған жағдайда өндірілген мұнайды сақтауға мүмкіндік беретіндей көрінеді. Алайда бұл идеяның экономикалық тиімділігі мен практикалық қолданысы жөнінде түрлі пікір бар.

Сарапшылардың алдын ала есебіне сәйкес, бір айлық мұнай өндіру көлеміне жететін стратегиялық қойма салу үшін 75 ірі резервуар тұрғызылып, оған қажетті инженерлік инфрақұрылыммен бірге жалпы құны 7,5 млрд АҚШ долларынан асатын инвестиция қажет болуы мүмкін. Бұған қоса, қоймаларды тұрақты жұмыс режимінде ұстау үшін миллион тоннаға жуық технологиялық мұнай қажет болады. Мұндай ауқымды жобаны жеке инвесторлардың қаржыландыруға қызығушылық танытпауы да мәселенің күрделілігін көрсетеді.

Осы жағдайда негізгі сұрақ туындайды: Қазақстан үшін стратегиялық мұнай қоймасы шынымен ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қажетті инвестиция ма, әлде бұл қаржыны экспорт бағыттарын әртараптандыруға және жаңа мұнай құбырларын салуға жұмсаған әлдеқайда тиімді ме? Бүгін осы сұрақтарға экономикалық, инфра­құрылымдық және геосаяси тұрғыдан жауап іздейміз.

Қазақстанның ұлттық мұнай компания­сы бұл мәселеге қатысты ресми ұстанымын Марат Шибұтовқа берген жауабында егжей-тегжейлі түсіндірген. Компанияның мәліметінше, алдымен әлемдік тәжірибе зерделеніп, одан кейін Қазақстан жағдайы­на бейімделген бірнеше сценарийге талдау жүргізілген. Қорытындысында стратегия­лық мұнай қоймасын салу қазіргі жағдайда экономикалық тұрғыдан негізделмеген деген тұжырым жасалған.

«Біз халықаралық тәжірибені талдадық. АҚШ пен Қытайдағы стратегиялық мұнай қорлары ең алдымен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеткізілімдердің үзілуінен қорғау және ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында құрылған. Бұл мемлекеттердің барлығы мұнай импорттау­шы елдер санатына жатады. Ал Қазақстан мұнай экспорттаушы мемлекет болғандықтан, олардың тәжірибесін тікелей кө­шіру орынды емес», – делінген «ҚазМұнайГаз» компаниясының жауабында.

Компанияның пайымдауынша, Қазақстанда мұнайды уақытша сақтауға арналған белгілі бір қор қазірдің өзінде бар. Атап айтқанда, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ секілді ірі мұнай-газ жобаларының, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумының сақтау қуаттары қазіргі өндіріс деңгейінде шамамен алты-жеті тәулікке жететін мұнай көлемін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан жаңа стратегиялық қойма салу қажеттілігі тек құрылыс құнымен ғана емес, оның кейінгі тиімділігімен де бағалануға тиіс.

Ұлттық компнаияның ұстанымына сәйкес, жерүсті және жерасты қоймаларының екі нұсқасы да қарастырылған.

«Жерүсті резервуарлары бойынша бір айлық мұнай өндіру көлемін қамтамасыз ету үшін әрқайсысының көлемі 100 мың текше метр болатын 75 резервуар салу қажет. Мұндай жобаның құны шамамен 7,5 млрд АҚШ долларын құрайды және пайдалану шығындары жоғары болады, ал резервуарлардың жүктемесі төмен деңгейде қалады. Сонымен қатар Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық мұнай компаниялары қосымша сақтау қуаттарын салуға қызығушылық танытқан жоқ. Жерасты мұнай қоймалары перспективалы бағыт болғанымен, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында мұндай жобаларды жүзеге асыруға қолайлы геологиялық құрылымдар анықталмаған. Осы факторларды және стратегия­лық мұнай қорларын негізінен импорттау­шы мемлекеттер қалыптастыратынын ескере отырып, қазіргі кезеңде мұндай қойма салу экономикалық тұрғыдан орынсыз деп есептейміз», – деп көрсетеді компания өкілдері.

Алайда бұл тұжырымдар барлық сарапшыларды толықтай иландыра қойған жоқ. Марат Шибұтов ең алдымен құрылыс құнының есептелуіне күмән келтірді. 

«ҚазМұнайГаз» мұнай қоймасының құрылыс құнын 7,5 млрд доллар деп қандай есептің негізінде шығарғаны және неге дәл осындай көлемдегі көптеген шағын резер­вуарлар қарастырылғаны маған әлі күнге дейін түсініксіз», – дейді ол. Бұл пікір стратегиялық мұнай қоймасы туралы талқылаудың әзірге жабылмағанын, ал ұсынылған есептердің ашық әрі егжей-тегжейлі түсіндірілуі алдағы қоғамдық пікірталастың негізгі тақырыбының бірі болатынын көрсетеді.

«ҚазМұнайГаз» жобаны бүгінгі жағдайда экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп бағалағанымен, қаржыгер, Qazaq Expert Club сарапшысы Саида Тілеуленова бұл мәселеге мемлекеттік қауіпсіздік тұрғысынан қарау қажет деп есептейді. Оның айтуынша, стратегиялық мұнай қорын құрудың мәні қысқамерзімді пайда табуда емес, елдің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуде жатыр.

– Экономикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстан үшін стратегиялық мұнай қорын құру – коммерциялық тиімділік мәселесінен бұрын, ұзақмерзімді энергетикалық қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан мұнай өндіруші ірі мемлекеттердің бірі болғанымен, шикі мұнай экспортының басым бөлігі шектеулі тасымалдау бағыттарына, ең алдымен Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы жүзеге асырылады. Кез келген геосаяси тәуекелдер, инфрақұрылымдағы апаттар немесе экспортқа қойылатын шектеулер мемлекеттік бюджет кірістеріне де, ішкі жанар-жағармай нарығына да елеулі әсер етуі мүмкін, – дейді қаржыгер.

Саида Тілеуленованың айтуынша, дәл осы себепті әлемнің бірқатар мемлекеттері стратегиялық мұнай мен мұнай өнімдерінің қорын коммерциялық табыс көзі ретінде емес, төтенше жағдайларда экономиканың тұрақтылығын сақтайтын ұлттық қауіпсіз­дік құралы ретінде қалыптастырып келеді. Оның пікірінше, мұндай тәжірибе АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Халықаралық энергетикалық агенттікке (IEA) мүше елдерде кеңінен қолданылады.

– Сонымен қатар стратегиялық қор бұл жай ғана мұнай сақтайтын қойма емес. Оны құру барысында нақты мақсаттар айқындалуы қажет: қор ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін пайдаланыла ма, бағаны тұрақтандыруға бағыттала ма немесе төтенше жағдайларда экспорттық міндеттемелерді орындауға қызмет ете ме? Осындай кешенді стратегия мен тиімді басқару моделі болмаса, мұндай жоба шынымен де өте қымбат әрі экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы мүмкін, – деп сөзін жалғады маман.

Әйтсе де, ол «ҚазМұнайГаздың» ұстанымын корпоративтік көзқарас тұрғысынан түсінуге болатынын алға тартты. Сарапшының сөзіне сүйенсек, егер жобаның болжамды құны шамамен 7,5 млрд АҚШ долларын құраса, онда бұл кез келген ұлттық мұнай компаниясы үшін өте ірі капиталдық инвестицияны талап ететін, өтелу мерзімі ұзақ және тікелей коммерциялық табысы жоқ жоба болып саналады. Сондықтан бизнес логикасы тұрғысынан мұндай инвестициялардың экономикалық тартымдылығы төмен болуы мүмкін.

– Алайда мемлекет бұл мәселеге анағұрлым кеңірек қарауға тиіс. Энергетикалық қауіпсіздік – қаржылық табыспен ғана ­өлшенбейтін стратегиялық қоғамдық игілік. Су қоймаларын, магистральдық электр желілерін, газ сақтау қоймаларын немесе астықтың мемлекеттік резервтерін салу сияқты, стратегиялық мұнай қорын қалыптастыру да ұлттық қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табыла­ды, – деп түсіндірді Саида ханым.

Сондықтан мұндай жобаларды қаржыландыру толықтай «ҚазМұнайГаздың» мойнына жүктелмеуге тиіс. Qazaq Expert Club сарапшысы осы ұстанымын алға тарта отырып, еліміз үшін оң шешім саналатын қадамдарға да тоқтала кетті.

– Анағұрлым тиімді тәсіл – мемлекет стратегиялық қордың қажетті көлемін айқындап, оны республикалық бюджет, Ұлттық қор, халықаралық қаржы институттарының қаражаты немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы қаржыландыру. Мұндай модель ұлттық компа­нияның қаржылық жүктемесін азайтып, стратегиялық қорды коммерциялық актив емес, ұлттық энергетикалық қауіпсіздіктің маңызды элементіне айналдырады, – дейді Саида Тілеуленова.

Сарапшы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мұндай жобаның қаржылық ауыртпалығы толықтай бір ғана компанияға жүктемеу қажеттігін атап өтті.

– Менің ойымша, бүгінгі негізгі мәселе Қазақстанға стратегиялық мұнай қоры қажет пе деген сұрақта емес, оның қандай көлемде болуы және қандай қаржыландыру тетігі арқылы құрылуы тиіс деген мәселеде. Геосаяси тәуекелдердің артуы және Қазақстан экономикасының мұнай секторына тәуелділігі жағдайында стратегиялық мұнай қоры елдің ұзақмерзімді экономикалық және энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың біріне айналуы мүмкін, – деп сөзін қорытындылады ол.

Бүгін миллиардтаған долларлық жоба болып көрінген бастама ертең стратегиялық қажеттілікке айналуы мүмкін. Бірақ оған дейін Қазақстан ең алдымен қандай тәуекелдерге дайын болуы керек екенін нақты айқындап алғаны маңызды. Сонда ғана мұндай ауқымды шешімнің қаншалықты орынды екеніне әділ баға беруге болады.

Кәмила ДҮЙСЕН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:26
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 05:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ әлем чемпионы Испанияның сыйақысынан 15 млн доллар салық ұстайды

26 Шілде 2026 20:00see153

“Бұрынғы триллионер“. Илон Маск миллиардтаған долларынан айырылды

26 Шілде 2026 13:08see151

Қазақ семсерлесушілері әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енді

26 Шілде 2026 08:35see150

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады : 27 шілдеде ауа райы қандай болады

26 Шілде 2026 20:33see146

Сіздің WhatsApp ыңызды қазір оқып отыруы мүмкін қазақстандықтар оны қалай тексере алады

27 Шілде 2026 18:51see134

Ностальгия: Қазақстанның алғашқы банкноттарын еске түсіреміз

26 Шілде 2026 18:01see133

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман кәсіпқой бокста кезекті жеңісіне жетті

26 Шілде 2026 10:13see131

Астанадағы автосалон менеджері алдау арқылы 23 миллион теңгенің екі автокөлігін иемденіп алды

27 Шілде 2026 21:05see130

Қызылорда тұрғыны Алматыға келіп, іс түзсіз жоғалып кетті

27 Шілде 2026 08:29see129

Алматы полициясы Қайрат Ордабасы матчы алдында маңызды мәлімдеме жасады

26 Шілде 2026 14:02see126

Екі дос ерекше жүкпен теңізді кесіп өтіп, желі жұлдызына айналды

27 Шілде 2026 14:25see126

Заң мен тәртіп : Шымқала кештері қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау құндылықтарын насихаттады

27 Шілде 2026 10:04see124

Алматыда пайдаланылған газ үшін жүргізушілерге жаппай айыппұл салынуда

27 Шілде 2026 16:16see121

Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4,5 миллионнан асты

27 Шілде 2026 17:08see121

Челси футбол клубы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа видеоны жариялады

27 Шілде 2026 19:44see118

Елдегі жеке клиникалар МӘМС тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген

27 Шілде 2026 16:14see117

Фицо: Еріктілер коалициясына қосылу Словакияның саясатына қайшы

26 Шілде 2026 15:29see115

Бес ЖЭО қызыл аймақта қалып отыр: Қазақстан қысқа қалай дайындалуда

27 Шілде 2026 11:48see114

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды

27 Шілде 2026 12:17see113

Қытайдың жасыл энергетикаға инвестициясы рекордтық деңгейге жетті

27 Шілде 2026 00:59see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары