Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

7 күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада осы апта жауын шашынды болмақ

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

Атырауда зооқорғаушылар акциясы өтті

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

Атырау Арена : 1500 орындық спорт кешені салынуда

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

Ұрпақ қауіпсіздігі басты назарда

Астанада ЕАЭО аясында аккредиттеу жүйесін дамыту мәселесі талқыланды

Алматы облысында 29 жастағы ер адамның денесі табылды әріптестері күдікке ілінді

Сын сағаттағы қайсарлық үлгісі

Сын сағаттағы қайсарлық үлгісі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы бейбіт күннің батырларына шынайы ризашылығын білдіріп, азаматтық қорғау саласының еліміз үшін стратегиялық маңызы ерекше екенін атап өтті.

Суреттерді түсіргендер – А.Дүйсенбаев, Е.ҮКІБАЕВ

– Конституциямыздың ал­ғашқы бабында «Адам және адамның өмірі – мемлекеттің ең қымбат қазынасы» екені анық көрсетілген. Азаматтық қорғау саласының әр қыз­мет­кері ел қауіпсіздігі және азаматтары­мыздың амандығы үшін қажырлы еңбек етуде. Шын мәнінде, құтқарушы болу – кез келген төтенше жағ­дай­ға дайын тұру, ешқандай қауіп-қатерге қарамастан адам өміріне араша түсу деген сөз. Бұл – әрине, өте абы­ройлы іс, жауапты қызмет. Халқымыз өздеріңіз сияқты батыл, ержүрек және ең бас­тысы, нағыз отаншыл азамат­тарды әр­дайым мақтан тұтады. Сіздердің адал қызмет­теріңіз – өскелең ұрпақ үшін өте жақсы үлгі-өнеге, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кейінгі жылдары еліміз бастан өткерген табиғи апаттардың ең ауыр салмағы құтқарушыларға түскенін айтты.

– Былтыр алапат су тасқыны кезінде сіздер жұртты қауіпсіз жерге көшіріп, апаттан аман алып қалдыңыздар. Қостанай­да, Семейде және басқа да аймақтарда болған орман өртіне қарсы тұрып, тілсіз жаумен күрестіңіздер. Төтенше жағдай болған аймақтарға өзім де арнайы бардым. Ерлікке бергісіз нағыз еңбекті өз көзіммен көрдім. Сондықтан азаматтық қорғау саласы мамандарының кәсіби шеберлігі және табанды еңбегінің арқасында біз бір ел болып барлық қиын­дық­ты еңсердік деп толық сенім­мен айтуға болады. Жалпы, құт­­қару­шыларымыз кейін­гі 5 жыл­­да 225 мыңға жуық адам­ның өмірін сақтап қалды. Сон­­­дай-ақ шетелдегі гуманитар­лық миссияларға қатысып, кәсіби деңгейі жоғары озық маман екенін дәлелдеді. Сол арқылы еліміздің халықаралық беделін арттыруға атсалысты. Осы орайда бүгін мен еліміздегі барлық құтқарушыға тағы да зор алғысымды айтамын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет азаматтық қорғау саласын күшейте түсуге баса мән беретінін айтты.

– Осыдан бес жыл бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды, ал осы салаға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы екі жарым есе көбейді. Бір сөзбен, нақты және тиімді шаралар қабылдана бастады. Атап айтқанда, 1 700-ден аса арнайы техника алынды. 42 өрт сөндіру депосы және құтқару стансасы салынды. Аудандық төтенше жағдай бөлімшелері заман талабына сай жаңғыртыла бастады. Құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмысы да – басты назарда. Кейінгі екі жыл ішінде сала мамандарының еңбекақысы 77 пайызға өсті, енді оларға арнайы үстемеақы төле­не­тін болды. Сондай-ақ тұрғын үй төлем­дері мен әлеуметтік жеңілдіктер беріле бас­тады. Жалпы, бұл жұмыс міндетті түрде өз жалғасын табады. Осындай шаралар­дың арқасында азаматтық қорғау саласы­ның кадрлық әлеуеті артып келеді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы жер жүзінде түрлі себептерге байланысты табиғи және техногендік апаттар көбейіп кет­кеніне тоқталып, кәсіби тұрғыдан білікті, мықты мамандарды, яғни жаңа заман құтқарушыларын даярлауға ерекше назар аудару қажет екенін тілге тиек етті.

– Осы мақсатпен Көкшетау техникалық институты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы болып қайта құрылды. Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс. Мем­лекеттік органдар құтқарушыларға қоғам­да лайықты баға берілуі үшін барынша шара қабылдауға міндетті. Өте қиын, қауіпті, бір емес, бірнеше бағытта дайындықты қажет ететін осынау мамандықты насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдары, өнер адам­дары үлес қоса алады. Нағыз құтқа­ру­шылар әскери іс, экономика, құрылыс және басқа да көптеген саладағы арнайы білімді меңгерген. Олардың арасында спортшылар да аз емес, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, Үкімет пен салалық министрлік төтенше жағдай­ларды уақтылы ескертудің және салдарын жоюдың тиімді жолдарын қарастыруға баса мән берген жөн.

– Орталықтағы және жергілікті құтқару қызметтерінің іс-қимылы – біртұтас, нақты жүйеленген механизм. Басқару үдерісін автоматтандыруға, цифр­ландыруға, өзге де заманауи техно­логияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге күш салу маңызды. Сонымен қатар министрлік қазірдің өзінде «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында өнеркәсіп нысандарындағы қауіпсіздікті күшейтіп, өртке қарсы талаптар мен құрылыс нормаларын қатаңдату шараларын қабылдап жатыр. Азаматтарға, ең алдымен, балалар мен жастарға өрт, су тасқыны, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін мұқият, түсінікті тілмен жеткізу қажет. Олар апат кезінде қалай әрекет ететінін білуге тиіс. Сонымен қатар күнделікті өмірде, тыныш уақытта қауіпсіздік шараларын ұдайы есте сақтағаны жөн. Көпшілікті табиғат аясында демалу, су айдынында шомылу, тауға шығу, ауа райы жайсыз кезде және басқа да жағ­дай­ларда көлік жүргізу сияқты аза­мат­тардың денсаулығы мен өміріне қатер төн­діретін сәттерде жауапкершілік таныту­ға үндеу маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіп, жана­шырлық, жәрдем беру секілді өмірлік маңызы бар қағидаларды қоғамда орнық­тыру ісінде құтқарушылар өскелең ұрпаққа үлгі болуы керек деп санайды.

– Оқу орындарына Төтенше жағдай­лар министрлігі бөлімшелерінің бейресми қамқорлық көрсету тәжірибесін белсенді түрде енгізген дұрыс. Құтқару­шылар қоғамда саламатты өмір салтын насихаттауға, балалар мен жас­тар арасында спортты дәріптеуге зор үлес қоса алады. Бұл – шын мәнінде стра­те­гия­лық маңызы бар мәселе. Себебі рухы мықты, саламатты ұрпақ тәрбие­леу – қазіргі жаһандық өзгерістер заманында ұлт сапасына тікелей әсер ететін жағдай. Осы бағытта Төтенше жағдайлар министрлігі спорт федерацияларымен өзара байланыс орнатып, белсенді жұмыс істегені жөн. Жалпы, бүгінгі таңда спорт федерациялары абырой-бедел жинайтын құрылымға айналып кетті. Көптеген федерацияны ірі бизнес өкілдері және мемлекеттік мекеме басшылары басқарып отыр. Бірақ ашығын айтуымыз керек, кәсіпкерлер осы қоғамдық маңызы бар іске өз қаржысын салуға құлықсыз, тек мемлекеттен бөлінетін қаражатқа қарап отырады. Мемлекеттік қызметшілер де осы жоғары қоғамдық лауазымдарды өзін «жарнамалау» құралы ретінде көреді, яғни спорттың мәнісіне терең бойламайды. Тіпті спортшылардың жетістігін өздерінің жеке жеңісі деп санайтындар бар. Мұндай теріс, жағымсыз үдеріске тосқауыл қою керек. Осы мәселе бойынша жан-жақты талдау жүргізу қажет. Бұл жұмысты Президент Әкімшілігіне тапсырамын, – деді Президент.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, спорт және дене шынықтыруға қолдау көрсетуді құрметті қоғамдық миссия және үлкен азаматтық жауапкершілік ретінде қарастырған жөн.

– Ел ішінде және шетелде атақ-абыройыңды асқақтату үшін федерация басқару дұрыс емес. Оған жол беруге болмайды. Сондықтан мемлекет кәсіпкерлерді, соның ішінде ірі бизнесмендерді қолдайды. Бірақ мемлекет пен қоғам да олардың осыған сай әрекет еткенін күтеді. Атап айтқанда, бұл спортты, мысалы футболды коммерцияландыру мәселесіне қатысты. Туризм және спорт министрлігі мен спорт федерацияларының арасында тең құқылы диалог өрбіп, міндеттері мен құзыреттері нақты айқындалған ынтымақтастық жолға қойылуға тиіс. Кәсіпкерлердің бастамаларын ынталандыру – мемлекеттік саясатымыздың негізгі басымдығы. Мен бұған ерекше мән беремін. Өткен аптада экономи­калық ахуалға қатысты арнайы жиын өткіздім. Онда еліміздегі бизнесті дамыту мәселелері қарастырылды. Кеше Премьер-министрге берген тапсырмамда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қажеттігіне тағы да баса назар аудардым. Қазір бірқатар спорт федерациясына бизнесмендердің, меценаттардың жаңа буыны келе бастады. Оларға спортты дамыту саласындағы жағдайды жақсарту міндеті жүктелді. Қазірдің өзінде жұмысқа жауапкершілікпен қарап, маңызды жеңіске қол жеткізуге бар ынтасымен ұмтылатындарын байқап отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте Президент ТЖМ қызметкер­лері, құтқарушылар әрқашан және әр кезде ел қамын ойлап, азаматтардың қауіпсіздігін күзететінін атап өтті. Сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесін жаңғыртудың кешенді жұмыстары жалғасып, құтқарушыларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Қазіргі жұмыс қарқынын төмендетуге болмайды. Өйткені азаматтардың өмірі мен тұрмысы осыған тікелей байланысты.

– Өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігу – нағыз ерлік. Қиын­дыққа тап болған жандар, ең алдымен, құтқарушылардан көмек күтеді. Бүгінде азаматтық қорғау саласының қызметкер­лері өз міндетін мінсіз атқарып келеді. Олар сын сағатта жанқиярлық көрсетуге дайын тұрады. Тіпті осы жолда құрбан болған ерлеріміз аз емес. Өткен отыз жылда 72 құтқарушы ерлікпен қаза тапты. Біз батырларымыздың есімін ешқашан ұмытпаймыз. Олар отаншыл және антқа адал болудың тамаша үлгісін көрсетті. Сондықтан өмірін құтқару ісіне арнаған ерлердің есімдерін тарихымызда мәңгі сақтау үшін тиісті іс-әрекеттерді дер кезінде қолдануымыз керек. Нағыз ерлік жасаған батыл азаматтарымыздың рухына тағзым ете отырып, олардың есімдерін ел ішінде ұлықтай беруіміз қажет. Халқымыз «Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер» деп айтқан. Түптеп келгенде, қайсар рухты құтқарушыларымыз Әділетті және Қауіпсіз Қазақстанды құруға мол үлес қосып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты жиын соңында Президент қызметтік борышын атқару барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 10:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

31 Мамыр 2026 20:13see119

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see119

7 күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада осы апта жауын шашынды болмақ

01 Маусым 2026 20:49see116

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

31 Мамыр 2026 16:50see115

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

31 Мамыр 2026 16:00see115

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see115

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

01 Маусым 2026 15:28see114

Атырауда зооқорғаушылар акциясы өтті

01 Маусым 2026 20:58see113

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

31 Мамыр 2026 12:20see113

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

01 Маусым 2026 09:24see111

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

01 Маусым 2026 18:00see111

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

01 Маусым 2026 11:51see110

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

01 Маусым 2026 08:44see108

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

01 Маусым 2026 09:34see108

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

31 Мамыр 2026 21:04see107

Атырау Арена : 1500 орындық спорт кешені салынуда

01 Маусым 2026 20:58see106

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

01 Маусым 2026 13:11see105

Ұрпақ қауіпсіздігі басты назарда

02 Маусым 2026 09:23see104

Астанада ЕАЭО аясында аккредиттеу жүйесін дамыту мәселесі талқыланды

01 Маусым 2026 11:53see104

Алматы облысында 29 жастағы ер адамның денесі табылды әріптестері күдікке ілінді

31 Мамыр 2026 19:33see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары