Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Талибан үкіметі Пәкістан әскерімен шекарадағы қақтығыстарды растады

Талибан үкіметі Пәкістан әскерімен шекарадағы қақтығыстарды растады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Талибан» қозғалысы Пәкістанмен шекаралас елдің солтүстігіндегі бірнеше тау аймағында пәкістандық әскерлерге соққы бергенін растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты www.bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Құрбандар саны әзірге белгісіз. «Талибан» бұл әрекетін «жауап операциясы» деп атап, Пәкістан бейсенбі күні Ауғанстан аумағына әуе шабуыл жасап, жергілікті базарды бомбалағанын мәлімдеді.

Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Накви ауған күштерінің шабуылдарын «ешқандай себепсіз жасалған әрекет» деп атап, оларды бейбіт тұрғындарға оқ атуға айыптады. Ол Пәкістан әскері Ауғанстан тарапынан келген соққыларға жауап қайтаратынын ескертті.

Исламабад Кабулды Пәкістан аумағында шабуылдар жасайтын террористерді жасырып отыр деп айыптайды. Ал «Талибан» бұл айыптарды жоққа шығарады. Қақтығыс Ауғанстан сыртқы істер министрінің Үндістанға тарихи сапары кезінде өршіді.

Би-би-си дерегінше, екі тарап та атыс қаруы мен артиллерия қолданған. Қақтығыс Пәкістанның Куррам округінде болған.

Пәкістан ішкі істер министрі Накви «Ауған күштерінің бейбіт тұрғындарға оқ атқаны халықаралық құқықты өрескел бұзу» екенін айтып, «Ауғанстан от пен қан ойынын ойнап отыр» деп жазды.

Пәкістан армиясының өкілі де ел азаматтарының өмірі мен мүлкін қорғау үшін қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Ресми армия мәлімдемесі әлі шыққан жоқ, алайда Би-би-си дереккөзі атыстың Пәкістан мен Ауғанстан шекарасының бірнеше нүктесінде — Ангур-Ада, Баджаур, Куррам, Дир, Читрал және Бахрамча аймақтарында жүргенін хабарлады.

Куррам ауданындағы полиция қызметкері Би-би-си-ге берген сұхбатында ауыр қарудан оқ ату Ауғанстан тарапынан жергілікті уақытпен сағат 22:00 шамасында басталғанын айтқан. Оның айтуынша, шекараның бірнеше жерінен қарқынды атыс туралы хабар түскен.

Осы аптаның басында «Талибан» үкіметі Пәкістанды «Ауғанстанның егемендігін бұзды» деп айыптаған еді. Бұл оқиға бейсенбі күні Кабулда екі жарылыс болғаннан кейін орын алды.

Жұма күні Ауғанстанның қорғаныс министрлігі Пәкістан елдің оңтүстік-шығысындағы Пактика провинциясында орналасқан азаматтық базарды әуе шабуылымен талқандағанын мәлімдеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ондаған дүкен қираған.

Бұған жауап ретінде жоғары лауазымды пәкістандық генерал Ауғанстанды өз аумағын «Пәкістанға қарсы террористік операциялар жүргізетін базаға айналдырды» деп айыптады.

Пәкістан көптен бері ауғандық «Талибанды» пәкістандық «Талибанға» өз жерінде әрекет етуге мүмкіндік беріп отыр деп кінәлап келеді. Бұл топ Исламабадқа қатаң исламдық басқару жүйесін орнатуды көздейді.

Ауған «Талибаны» мұны үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Қазіргі шиеленіс Ауғанстан сыртқы істер министрі Амир Хан Муттакидің Үндістанға бір апталық сапары кезінде ушығып отыр. Дели билігі Кабулдағы елшілігін қайта ашуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл елшілік төрт жыл бұрын, «Талибан» билікке оралғаннан кейін жабылған еді.

Пәкістанның ішкі істер министрі: «Ауғанстан да, Үндістан да лайықты жауап алады. Пәкістанға жаман көзбен қарауға енді батпайтын болады», – деп қатаң ескерту жасады.

Сауд Арабиясы, өткен айда Пәкістанмен өзара қорғаныс туралы келісімге қол қойған ел, Исламабад пен Кабулды сабыр сақтауға және шиеленісті ушықтырмауға шақырды.

Қатар да мәлімдеме жасап, Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы ахуалға алаңдаушылық білдіріп, екі тарапты «диалог пен дипломатияға басымдық беріп, ұстамдылық танытуға» үндеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2025 11:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see130

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see128

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see124

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see123

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see122

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see120

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see120

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see120

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see119

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see118

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see117

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see117

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see117

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see115

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see114

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары