Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Тасашылықтардың қуанышын тасытты

Тасашылықтардың қуанышын тасытты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Биыл Кеген ауданында бірқатар жаңа нысандар ашылып, ел игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.

Соның бірі, «Тасашы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жаңа әкімшілік ғимараты 8 ай ішінде салынып, округ тұрғындарына есігін айқара ашты. Құрылыс жұмыстарын «Астана – Құрылыс» компаниясы атқарған. 3 гектар аумаққа орналасқан нысанның құрылыс жұмыстары мен абаттандырылуына бюджеттен 349,6 млн теңге бөлініп, игерілген. Әкімшілік үйі мемлекеттік қызметкерлерге арналған 7 кабинет пен конферец залдан тұрады. Олар қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Бақыткерімұлы, аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман, Райымбек ауданының Құрметті азаматы Рақымхан Нүптекеев пен мекеме басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті Қазақстан – ең алдымен, өңірлердің тең дамуы мен ауылдың өркендеуінен басталады», деген болатын. Бұл нысан ауыл тұрғындарына сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған игілікті істердің бастамасы болады», деген облыс әкімі аппаратының басшысы Мұрат Бақыткерімұлы жиылған қауымды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

«Бүгін Тасашы ауылы үшін тарихи әрі қуанышты сәт, жаңа салынған заманауи, сәнді де сәулетті жаңа ғимарат ауыл тұрғындары үшін үлкен жетістік. Бұл ғимаратта мамандар бөлмесі, мәжіліс залы бар, сондай-ақ, ыстық-суық су қосылып, қызметкерлерге қолайлы жағдай жасалған. Осындай жылы да жайлы орында мемлекеттік қызметкерлер өнімді әрі сапалы қызмет көрсететініне сенімдеміз», деген аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы ғимараттың құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізген құрыш қолды құрылысшыларға тұрғындар атынан алғыс айтты.

Келесі кезекте мінбеге көтерілген Райымбек ауданының Құрметті азаматы Рақымхан Нүптекеев, ардагер ұстаз Жеңіс Қарабалаев, ауыл тұрғыны Сәрсенбай Мамырбаевтар ыстық ықыласқа толы ізгі тілектерін жеткізіп, ақ батасын берді.

Салтанатты шара барысында «Астана-Құрылыс» компаниясының директоры Нұрлан Қасымбаев Тасашы ауылдық округінің әкімі Ерболат Төребаевқа ғимарат кілтін табыс етті. Көптен күткен сәулетті ғимараттың лентасы қиылып, ақ жаулықты аналар шашу шашты.  Ал, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әуелете ән шырқап, мерекенің маңызын арттырды.

Алматы облысы,

Кеген ауданы.

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік нысандар халыққа қолжетімді болуға тиіс

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет

Президент • Кеше

Президент: Мемлекеттің табанды жұмысы арқылы елордаға газ құбыры тартылды

Инфрақұрылым • Кеше

Алматыда үлкен айналма метро желісі мен LRT іске қосылуы мүмкін

Алматы • Кеше

Қозыбаев атындағы университет жыл өткен сайын жаңғырып жатыр

Ғылым • Кеше

Атырау көшелеріне майдангерлер мен полицейлердің есімі берілді

Қоғам • Кеше

Мал іздеп шыққан ер адамның денесі табылды

Қоғам • Кеше

Астанада музейлердің бірыңғай цифрлық жүйесі – E-museum порталы таныстырылды

Мәдениет • Кеше

Биыл Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өтті

Әскер • Кеше

Абайлықтар баспаналы болды

Аймақтар • Кеше

Тасашылықтардың қуанышын тасытты

Құрылыс • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-пен стратегиялық диалогы: Қазақстанның халықаралық беделінің жаңа кезеңі

Сұхбат • Кеше

Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді

Президент • Кеше

Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салынуы мүмкін

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 00:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары