Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

Тазабек Сәмбетбай: Жаңа Конституция білімді ұрпақ қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері

Тазабек Сәмбетбай: Жаңа Конституция білімді ұрпақ қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

— Өзіңіз саясатпен қатар білім мен ғылым саласында да біршама жыл еңбек еттіңіз. Еңбек жолыңызда мектеп мұғалімдігінен бастап, жоғары оқу орнында оқытушы да болдыңыз. Қалай ойлайсыз, Конституцияның жаңа жобасында білім мен ғылымға қаншалықты назар аударылып отыр? Бұл салаға қандай басымдықтар берілген?

— Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасында білім беру мен ғылым саласына ерекше назар аударылған. Бұл құжатта білім, ғылым және инновациялар алғаш рет мемлекеттің стратегиялық құндылықтарының бірі ретінде көрсетіліп отыр. Бұл — өте үлкен өзгеріс, тың серпіліс деп айтуға болады.

Мысалы, жаңа жобадағы 33-баптың 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуына кепілдік беріледі. Бастауыш және негізгі орта білім міндетті», — деп нақты әрі кең ұғыммен жазылған.

Мен бұл жерде «ақы төлемей» деген тұсқа ерекше тоқталғым келеді. Себебі қазіргі қолданыстағы Конституцияның 30-бабында білім алу «тегін» деп көрсетілген. Шындығында, «тегін» деген ұғым кейде абстракт болып көрінуі мүмкін. Өйткені оқу тегін болғанымен, оған қосымша кейбір білім беру қызметтері ақылы болуы ықтимал. Мысалы, мемлекеттік мектептерде негізгі сабақтар тегін болғанымен, қосымша курстар немесе үйірмелер ақылы болуы мүмкін.

Ал жаңа жобада «ақы төлемей білім алуға кепілдік беріледі» деп нақты әрі түсінікті түрде жазылған. Бұл білім саласындағы әлеуметтік кепілдіктерді күшейтетін маңызды қадам.

Әрине, барлық жүйе бірден толықтай ақысыз форматқа ауысады деп айту қиын. Себебі білім беру жүйесі өте үлкен құрылым. Оған өзгеріс енгізу уақыт пен үлкен еңбекті талап етеді. Кейбір мәселелерді шешу үшін қосымша заң нормаларын қабылдау қажет болуы мүмкін.

Дегенмен Конституцияның жаңа жобасында еліміздің білім беру жүйесінің болашақта ақысыз болатыны, оның ішінде бастауыш және негізгі орта білім міндетті екені нақты көрсетілген.

— Сарапшылар елдің дамуы енді білім мен ғылымға негізделеді деп айтып жүр. Жалпы әлем елдері де дәл осы бағытты ұстанып, білім мен ғылымға ерекше көңіл бөліп отыр. Сіздің ойыңыз қандай? Біз ғылым мен білімді қалай жүйелеуіміз керек?

— Өте орынды сұрақ. Иә, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басып жатыр. Қазіргі уақытта түрлі жаңа технологиялар мен инновациялар өмірімізге қарқынды түрде еніп жатыр. Соның нәтижесінде елімізде жаңа өндірістер мен зауыттар ашылу үстінде. Олардың көпшілігі шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Алайда осындай өндіріс орындарына білікті мамандар жетіспей жатқаны байқалады. Еңбек нарығында мыңдаған маманға сұраныс пайда болды. Сондықтан біз осы сұраныстың орнын толтыру үшін бүгіннен бастап нақты жұмыс жүргізуіміз керек.

Ең алдымен мектептерде кәсіптік бағдар беру жүйесін күшейту қажет. Бұл бағытта жұмыс істейтін мамандар бар, бірақ олардың қызметін жүйелеу керек.

Одан кейін жоғары оқу орындарында еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау мәселесіне ерекше назар аударған жөн. Әсіресе кәсіптік білім беру мен жұмысшы мамандықтарын заман талабына сай жаңғырту өте маңызды. Осы бағытта елімізде 188 кәсіптік-техникалық колледж қызмет етіп жатыр.

Бүгінде кейбір өндіріс орындарында кәсіби мамандар мен қарапайым жұмысшылардың өзі шетелдерден шақырылып жатыр. Себебі олар жаңа технологияларды жақсы меңгерген.

Заманауи кәсіпорын басшыларымен кездескен кезде олардың жергілікті мамандарды жұмысқа алуға дайын екендігін естіп жүрміз. Шын мәнінде, бұл екі тарап үшін де тиімді. Себебі жергілікті мамандарға қосымша шығындар талап етілмейді.

Сондықтан біз осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, білім беру жүйесін жаңғыртуымыз қажет. IT, жасанды интеллект, робототехника, жасыл экономика, ауыл шаруашылығы, медицина сияқты салаларға қатысты білім беру бағдарламаларын мектептен бастап енгізу керек. Сонда барып біз дамыған елдердегідей мүмкіндіктерге жетеміз. Оқу ағарту саласындағы жаңғыртулар Ата заңның жаңа нұсқасы қабылданған жағдайда қайта жанданады.

— Сіз оппозициялық партия өкілі ретінде Конституцияның жаңа жобасын толық қолдайсыз ба, әлде келіспейтін тұстары бар ма?

— Біз Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өз принциптерімізге әрдайым адалмыз. Біздің партия билік жүйесіне баламалы көзқарасты білдіретін саяси ұйым болып саналады. Дегенмен еліміздің болашағы мен қоғамның дамуы үшін қажет кезде ымыраға келуді де дұрыс деп санаймыз.

Кейбір адамдар оппозицияны мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына толықтай қарсы тұратын күш ретінде қабылдайды. Мүмкін бұрын солай болған шығар. Бірақ қазіргі жағдайда конструктивті ұстаным маңызды.

Әрине, кейбір мәселелер бойынша біз өз ұсыныстарымызды айтып, оппозициялық көзқарасымызды білдіріп келеміз. Бірақ бұл мемлекет саясатына толық қарсы дегенді білдірмейді. Сыннан көбірек баламалы (альтернативті) ұсыныс, өзінше шешу жолдарын алға қойып келеміз.

Айта кету керек, біздің партия бұрыннан көтеріп келе жатқан бірқатар бастама жаңа Конституция жобасында көрініс тапқан. Бұл — біз үшін үлкен жетістік.

Мысалы, ЖСДП алғашқы кезден-ақ өз бағдарламасында бір палаталы парламент жүйесін қалыптастыру қажет екенін айтып келеді. Сонымен қатар денсаулық сақтау, меншік пен еңбек құқығы және экология мәселелері бойынша ұстанымдарымыздың бірқатары жаңа Конституция жобасына енгізіліп отыр. Сондықтан біз бұл Ата Заң жобасын қолдаймыз және ел азаматтарын да қолдауға шақырамыз.

Осыған дейін мысырлық сарапшының Конституциялық реформа саяси тұрақтылық пен билік тепе-теңдігін нығайтатыны туралы айтқанын жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 01:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see165

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see162

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see160

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see160

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see158

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see157

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see153

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see147

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see143

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see141

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see140

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see139

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see133

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see131

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see127

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see125

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

09 Қыркүйек 2026 23:44see122

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

09 Қыркүйек 2026 23:06see118

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

10 Қыркүйек 2026 04:11see115

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

09 Қыркүйек 2026 12:41see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары