Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Tesla автокөлік модельдерін қысқартып, роботтар мен ЖИ ға бет бұрды

Tesla автокөлік модельдерін қысқартып, роботтар мен ЖИ ға бет бұрды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Tesla электромобильден (EV) ЖИ мен робототехникаға көбірек назар аудара бастаған тұста, компанияның жылдық табысы алғаш рет құлдырағаны белгілі болды. BBC News деректеріне сүйенген Aikyn.kz Tesla-ның автокөлік модельдерін қысқартып, роботтар мен ЖИ бағытын күшейту себебін баяндайды.

Tesla-ның айтуынша, компания жасанды интеллект пен робототехникаға бет бұрған кезеңде жылдық кіріс көлемі алғаш рет төмендеді. Электромобиль өндіруші компания 2025 жылы жалпы табысы 3%-ға төмендегенін айтты. Ал жыл соңындағы соңғы үш айда пайда мөлшері 61%-ға азайған. 

Әлемдегі ең бай кәсіпкерлердің бірі Илон Маск басқаратын компания Model S және Model X көліктерін шығаруды тоқтатуды жоспарлап отыр. Енді осы модельдер өндірілген Калифорниядағы зауыт Tesla-ның адамтектес роботтары Optimus желісін шығаруға пайдаланылмақ.

Қаңтар айында Қытайдың BYD компаниясы Tesla-ны басып озып, әлемдегі ең ірі EV өндіруші атанды. Ал Масктің АҚШ-та да, шетелде де саясатқа араласуы көпшілік арасында даулы тақырыпқа айналды.

Tesla сондай-ақ Масктың xAI атты жасанды интеллект жобасына $2 млрд (шамамен £1,45 млрд) инвестиция салғанын мәлімдеді. Tesla-ның xAI-дің соңғы қаржыландыру кезеңіне қатысуы туралы Маск: «Көп инвестор бізден осыны сұрады. «xAI-ға инвестиция салыңдар» деп айтылған соң, біз негізінен акционерлер талап еткенді жасаймыз», – деді.

Фото profit.pakistantoday.com.pk сайтынан алынды.

Бұл қадам Tesla акционерлері xAI-ға инвестиция салу туралы ұсынысқа дауыс бергеннен кейін жасалып отыр. Ол дауыс беруде бұл идеяны қолдамағандар мен қалыс қалғандардың саны қолдағандардан көп болған.

Өткен жылы инвесторлар әлемдегі ең бай адам саналатын Маскке рекордтық сыйақы пакетін беруді басым дауыспен қолдаған еді. Оның құны $1 трлн-ға жуық. Бұл төлемді алу үшін Маск алдағы 10 жылда компанияның нарықтық құнын күрт өсіруі қажет. Компания шығындарын да айтарлықтай арттырмақ. Болжам бойынша, бұл шығын шамамен $20 млрд болады.

Маск сарапшылармен қоңырау кезінде: «Келесі жылы капиталдық шығын өте үлкен болады. Біз болашағы жарық үлкен мақсаттар үшін ірі инвестициялар жасап жатырмыз» – деді. Tesla акциялары сауда уақыты аяқталғаннан кейінгі сессияда шамамен 2%-ға өсті.

Бұл жаңалық Масктің саясатқа белсенді араласуынан кейін жарияланып отыр. Соның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінде шығынды қысқартуға байланысты беделді рөл атқарғаны да аталады.

Масктің саясатқа араласуы Tesla тұтынушыларының бір бөлігінің көңілін суытты. Соның салдарынан әлемнің әр жерінде компанияның дилерлік орталықтары маңында наразылық акциялары өтті. Tesla-ның электромобильден басқа бағыттарға бет бұруы да осы кезеңге сәйкес келді. Дәл сол уақытта Трамп қазба отынға жатпайтын көліктерге берілетін кейбір мемлекеттік субсидияларды тоқтатты.

Бір кездері әлемдегі ең табысты автокомпаниялардың бірі болған Tesla соңғы уақытта роботакси бағытын да күшейтіп келеді. Сарапшылардың айтуынша, Tesla-ның жаңа бизнеске көшуі электромобиль желісінің «ескіре бастағанымен» де байланысты.

Edmunds компаниясының Insights бөлімінің жетекшісі Джессика Колдуэлл: «Model S пен Model X біраз уақыттан бері Tesla үшін аз көлемде сатылатын көліктердің қатарында болды» – деді. Оның айтуынша, компания үшін бұл қадам орынды: Model S пен Model X-ті тоқтатып, Model 3 пен Model Y сияқты көп сатылатын үлгілерге және басқа да кеңею жоспарларына назар аудару қажет.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 00:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары