Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

TikTok еліміздегі шағын және орта бизнеске қалай әсер етеді?

TikTok еліміздегі шағын және орта бизнеске қалай әсер етеді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бүгінде TikTok тек көңіл көтеру алаңы емес — ол бизнес пен креативтің, технология мен табыстың түйіскен нүктесіне айналды. Миллиардтан астам адамды біріктіретін бұл платформа әлемнің түкпір-түкпірінде кәсіпкерлікке жаңа серпін беріп отыр. Қазақстан да бұл үрдістен қалыс қалған жоқ. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен TikTok компаниясы еліміздегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) дамуына платформаның ықпалын зерттеп, алғаш рет кешенді талдау нәтижелерін ұсынды. Зерттеу көрсеткендей, TikTok-ты апта сайын қолданатын әрбір алтыншы кәсіпкер өз кірісінің жартысынан астамын дәл осы платформаның арқасында табады. Ал оны белсендірек пайдаланған жағдайда, мұндай табысқа жететін компаниялардың саны екі есеге дейін артуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

TikTok – бизнестің жаңа дәуірі

TikTok бүгінде жаһандық аудиториясы арқылы тек контент алмасу емес, экономикалық белсенділік орталығына айналды. Платформада ірі брендтермен қатар, шағын дүкен иелері мен жеке кәсіпкерлер де өз өнімдерін таныстырып, жаңа клиент тауып отыр. 2021 жылы елімізде TikTok for Business платформасы іске қосылып, кәсіпорындарға өз өнімдерін жарнамалауға арналған шешімдер ұсынды.

2022 жылы Astana Hub технопаркімен серіктестікте TikTok Startup Academy бағдарламасы басталды. Бұл жоба 2025 жылға дейін үш стартап легін оқытып, олардың өнімдері мен қызметтерін TikTok арқылы ілгерілетуге көмектесті.

Ал, 2024 жылы «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, #ҚазақстандаЖасалған байқауы өтті. Бұл байқауға әлеуметтік сектордағы 800-ден астам компания қатысып, өз өнімдерін ұлттық деңгейде танытты.

«Бүгінде цифрландыру абстрактілі ұғым болудан қалды. Ол — мемлекеттің экономикалық саясатының нақты бір бөлігіне айналды. TikTok – жүйелі жұмыс пен мемлекет қолдауы болған жағдайда жаһандық платформаның жергілікті экономикалық өсімнің құралы бола алатынының айқын мысалы», дейді «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов.

Тәжірибелі компаниялар TikTok-ты белсендірек қолданады

TikTok пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүргізілген бұл зерттеу еліміздің 20 өңірінен 308 кәсіпкерді қамтыды. Сарапшылардың айтуынша, TikTok елдегі шағын және орта бизнес үшін нақты әрі елеулі экономикалық құндылық қалыптастырып отыр.

Нарықта он жылдан астам жұмыс істейтін компаниялардың 52%-дан астамы TikTok-ты өз өнімдері мен қызметтерін ілгерілету үшін аптасына кем дегенде бір рет пайдаланады. Ал бес жылдан он жылға дейін жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындардың 47%-ы контентті жүйелі түрде жариялап отырады. Бұл тек жас буын кәсіпкерлер ғана емес, тәжірибелі бизнес иелерінің де TikTok-ты тиімді құрал ретінде мойындағанын көрсетеді.

TikTok-тағы ең табысты салалар

Зерттеу нәтижесінде әр өңірдің өзіндік ерекшелігі айқындалды:

Астанада — денсаулық сақтау, сұлулық және спорт қызметтері көш бастап тұр (25%); Алматыда — жеке қызмет көрсету мен сұлулық индустриясы (32%), кейін мәдениет, ойын-сауық және туризм (26%); Шымкентте — сауда және өндіріс саласы (52%).

TikTok-та табысы жоғары компаниялар көбіне визуалды және эмоциялық әсерге бағытталған салаларда — сұлулық, спорт, қонақүй, ойын-сауық индустриясында шоғырланған. Бұл платформаның визуалды форматта жақсы жұмыс істейтінін дәлелдейді.

TikTok бизнестің жаңа серіктесіне айналды

Зерттеу деректеріне сәйкес, TikTok кәсіпорындар үшін клиент тарту мен байланыс орнатудың басты құралына айналған:

81% респондент жаңа клиент тартуда оң әсерін мойындаған; 79% бұрынғы клиенттерді ұстап қалуға көмектесетінін айтқан; 71% TikTok олардың бизнесін бәсекелестерінен ерекшелейтінін атап өткен.

Аптасына бір рет белсенділік танытатын МШОБ субъектілерінің 12%-ы өз табысының 50%-дан астамын TikTok арқылы табады. Ал жалпы алғанда, мұндай кәсіпорындардың 63,2%-ы жылдық айналымының кем дегенде 5%-ын платформаға тікелей байланыстырады.

Алайда зерттеу көрсеткендей, TikTok-ты тұрақты пайдаланғанымен, кәсіпкерлердің тек 16,9%-ы ғана жарнама қызметтерін сатып алады, ал 10,4%-ы инфлюенсерлермен жұмыс істейді. Демек, платформада әлі де өсімнің зор әлеуеті бар.

Сонымен қатар TikTok-тың ел экономикасына әсерін бағалау үшін үш сценарий қарастырылған:

10% кәсіпкерлер пайдаланады – 219 млрд теңге табыс; 15% пайдаланады – 329 млрд теңге; 20% пайдаланады – 438 млрд теңге.

Яғни TikTok табысы Қазақстанның креативті экономикасының жарты жылдық қосылған құнына тең. Егер алдағы жылдары кәсіпкерлердің кемінде 20%-ы платформаны белсенді қолданса, TikTok арқылы табыс табатын компаниялар саны 8 мыңнан 16 мыңға дейін өсуі мүмкін.

Консервативті есеп бойынша, TikTok-тың елдің ЖІӨ-дегі үлесі 0,16–0,32% шамасында. Ал жеткізу тізбегіндегі қосымша әсерлермен есептегенде, оның жиынтық экономикалық ықпалы 759 млрд теңгеден 1,5 трлн теңгеге дейін жетеді.

«Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, TikTok – бұл тек шығармашылыққа арналған платформа ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы мыңдаған шағын және орта бизнес өкілдері үшін нақты табыс көзі. TikTok-тың жарнамалық құралдарын белсендірек пайдалану алдағы уақытта МШОБ табысының айтарлықтай өсуіне ықпал ете алады. Кәсіпорындардың экономикалық әлеуетін тиімді іске асыру бизнес-қауымдастықтың, цифрлық платформалардың, салалық бірлестіктер мен мемлекеттік институттардың үйлестірілген іс-қимылы арқылы мүмкін болады. Өз кезегінде компания Қазақстандағы жергілікті бизнесті белсенді түрде қолдап, оның әрі қарай дамуына үлес қоса бермек», дейді TikTok компаниясының өңірлік директоры Сергей Соколов.

Шынында да, TikTok бүгінде цифрлық экономиканың жаңа бет-бейнесін қалыптастырды.Бұл платформада үлкен бюджет емес, идея мен сенім шешуші рөл атқарады. Мұнда кәсіпкерлер аудиториямен тікелей байланысып, өз өнімін, өз тарихын және құндылығын көрсете алады. Нәтижесінде TikTok тек жарнамалық алаң емес — кәсіпкерліктің жаңа мәдениетіне айналды.

«Әлемдік көшбасшылардың тәжірибесі көрсеткендей, TikTok бүгінде толыққанды коммерциялық экожүйелерді сәтті қалыптастырып келеді. Қазақстан бұл үдерістен шет қалмауы керек. Біз үшін осындай тәжірибелерді батыл қабылдап, отандық нарыққа бейімделген электронды сауда модельдерін дамыту маңызды. “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл зерттеуді жаңа цифрлық экономиканы терең түсінуге бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырады. Оның нәтижелері бизнеске өсуге, ал азаматтарға – болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді»,  деп түйіндеді Райымбек Баталов.

Қорыта айтқанда, TikTok Қазақстан экономикасының жаңа қозғаушы күшіне айналып келеді. Ол шығармашылық пен кәсіпкерлікті біріктіріп, шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:260
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 21:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see169

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see149

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28 Шілде 2026 14:00see149

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

28 Шілде 2026 13:13see147

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see146

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

28 Шілде 2026 13:39see141

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see137

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see133

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see130

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see124

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see120

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see120

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see118

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

28 Шілде 2026 13:59see117

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see116

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see115

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see114

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары