TikTok тағы тікелей эфирден кейін қазақстандық әйел жазаланды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Талдықорғанның 44 жастағы тұрғыны TikTok-та тікелей эфир өткіземін деп айыппұл арқалады. Әйел көрермендермен сөйлесу кезінде былапыт сөздер айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, бұған дейін де ол дәл осындай құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылған. Алайда одан тиіс қорытынды шығармаған.
"Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысымен азаматшаға әкімшілік айыппұл салынды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда бірнеше стример мен блогер адам ұрлау көрінісін қолдан жасап көрсеткені, пранк ұйымдастырғаны және тікелей эфирде былапыт сөйлегені үшін қамауға алынғаны хабарланған еді. Ішкі істер министрлігі мұндай контентті анықтау және әлеуметтік желі қолданушыларының шағымдарын қарау жұмысы жалғасатынын мәлімдеді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 10:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















