Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймақ әсер етті

Елдегі үш қала донорлар саны бойынша көш бастап тұр

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

Алтын тамыр бастауы

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

Пәкістан премьері: АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін

Астанада Әділет партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Ақша басқа өңірлерге кетіп жатыр : Атырау облысының әкімі ірі компанияларды қайта тіркеуді талап етті

Бекзат болмысы түрік тілінде

Азат Перуашев Ақ жол партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Әділет партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

Жоғалып табылған Жайық шаһары

​Қашағанда жаңа қуатты газ зауытының құрылысы басталды

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

500 қазақ ғалымы шыққан Нарынқолда үш ұрпақтың бас қосуы өтті

Мексика мүлт кеткен жоқ

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

Алматыда трансформаторлық қосалқы станция өртенді видео

ТМД бойынша әскери курсанттар арасындағы зияткерлік додада Қазақстан екінші орын алды

ТМД бойынша әскери курсанттар арасындағы зияткерлік додада Қазақстан екінші орын алды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Зияткерлік додаға алты елдің өкілдері қатысты: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан. Олимпиада үш кезеңнен тұрды және математиканың әртүрлі бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтыды. Бұл қатысушылардың дайындық деңгейін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді.

Жалпы командалық есеп бойынша үшінші орынды Өзбекстан командасы иеленсе, екінші орын Қазақстан курсанттарына бұйырды, ал бірінші орынды Ресей командасы жеңіп алды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Жеке біріншілікте үздік нәтижені Владислав Молофеев (Ресей), Нуралибек Өзбеков (Өзбекстан), Ислам Ермеков (Қазақстан) көрсетті.

Жеңімпаздар ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасының ауыспалы кубогымен, сондай-ақ медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов олимпиаданың маңызды нәтижелерінің бірі — Достастық елдерінің қарулы күштері арасындағы кәсіби және достық байланыстардың нығаюы екенін атап өтті.

Фото: Қорғаныс министрлігі

— Мұндай іс-шаралар тек кәсіби құзыреттерді ғана емес, болашақ офицерлер арасындағы әріптестік рухты да қалыптастырады. Алған білім мен тәжірибе олардың алдағы қызметінде міндетті түрде қажет болады деп сенемін, — деді ол.

Зияткерлік сайыстардан бөлек, қатысушылар үшін мазмұнды мәдени-ағартушылық бағдарлама ұйымдастырылды. Қонақтар Қазақстанның тарихымен, қазіргі жетістіктерімен және қазақ халқының қонақжай дәстүрлерімен танысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары республикалық бағдарлама жасақтау олимпиадасында бірінші және екінші орындарды еншілеп, барынша дайындалғандарын көрсетіп, елдің жетекші университеттерінің командаларынан сенімді түрде басып озған еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 15:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймақ әсер етті

13 Маусым 2026 18:36see117

Елдегі үш қала донорлар саны бойынша көш бастап тұр

14 Маусым 2026 18:24see116

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

13 Маусым 2026 13:59see114

Алтын тамыр бастауы

13 Маусым 2026 13:59see114

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

14 Маусым 2026 16:16see111

Пәкістан премьері: АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін

13 Маусым 2026 20:12see110

Астанада Әділет партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

14 Маусым 2026 12:50see110

Ақша басқа өңірлерге кетіп жатыр : Атырау облысының әкімі ірі компанияларды қайта тіркеуді талап етті

14 Маусым 2026 22:59see110

Бекзат болмысы түрік тілінде

13 Маусым 2026 13:59see109

Азат Перуашев Ақ жол партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

13 Маусым 2026 14:16see109

Әділет партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

14 Маусым 2026 16:11see109

Жоғалып табылған Жайық шаһары

13 Маусым 2026 14:00see108

​Қашағанда жаңа қуатты газ зауытының құрылысы басталды

14 Маусым 2026 22:59see108

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

13 Маусым 2026 21:41see107

500 қазақ ғалымы шыққан Нарынқолда үш ұрпақтың бас қосуы өтті

13 Маусым 2026 18:50see107

Мексика мүлт кеткен жоқ

13 Маусым 2026 14:01see106

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

14 Маусым 2026 13:48see106

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

14 Маусым 2026 22:59see106

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

15 Маусым 2026 08:58see105

Алматыда трансформаторлық қосалқы станция өртенді видео

14 Маусым 2026 20:38see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары