Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Төлеуге асықпаңыз ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлды қашан жоюға болатынын адвокат түсіндірді

Төлеуге асықпаңыз ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлды қашан жоюға болатынын адвокат түсіндірді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгінде Қазақстанда жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдардың басым бөлігі фото және видеофиксация камералары арқылы автомат түрде рәсімделеді. Алайда бұл мұндай қаулының бәрі бірдей заңды дегенді білдірмейді. Тіркеу кешендерінің жұмысындағы қателіктер, жол таңбаларындағы ақаулар, көрінбей қалған жол белгілері немесе процестік бұзушылықтар оған шағымдануға негіз бола алады.

Tengri Auto адвокаттан камера дерегі негізінде салынған жол ережесін бұзу айыппұлын жүргізуші қандай жағдайда даулауға болатынын және өзінікі дұрыс екеніне сенімді болса, қалай әрекет ету керегін сұрады.

Қызметкердің қателігі немесе камерадағы ақау — қандай жағдайда дауласуға болады?

Адвокат Жандос Палмановтың айтуынша, жүргізушілер мына жағдайларда айыппұлға дауласуға құқылы:

жауапкершілікке тарту рәсімдері бұзылса; көлік құралы иесінің деректерінде қателер болса; автомобильдің мемлекеттік нөмірі қате анықталса; құқықбұзушылықтың дәлелдері болмаса, камераның жарамдылығына немесе оны тексеру мерзіміне күмән туындаса, сондай-ақ, фото және бейнежазбалар жүргізушіге тағылған айыпқа сәйкес келмесе.

Дегенмен, адвокат әр жағдайда жеке бағалау қажет екенін атап өтті.

Айыппұлға шағымдану үшін неше күн беріледі?

Сарапшының түсіндіруінше, заң бойынша қазақстандықтар әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша қаулыға ол табыс етілген немесе көшірмесі алынған күннен бастап 10 тәулік ішінде шағымдана алады.

Сондай-ақ, Палманов мырза жүргізуші шағымданудың белгіленген мерзімін өткізіп алса да, бұл қорғану құқығынан айырылды деген сөз емесін айтты. Дәлелді себептер болған жағдайда мерзімді қалпына келтіруге болады, тиісті өтініш уәкілетті органға немесе сотқа беріледі.

Хаттамаға қол қою міндетті ме?

Адвокаттың айтуынша, хаттамаға қол қою жүргізушінің құқықбұзушылықпен толық келісті деген сөз емес.

"Жүргізуші құжатқа қол қойып, онда өзінің қарсылығы мен ескертулерін көрсетуге құқылы. Қол қоюдан бас тартқанда хаттама автомат түрде күшін жоймайды және әдетте оны полиция қызметкері бөлек тіркейді", — деп түсіндірді адвокат.

Куәгерлердің болмаса ше?

Куәгерлердің болмауы өздігінен айыппұлды жоюға негіз бола алмайды.

Алайда егер бұзушылық мән-жайлары тек полиция қызметкерінің сөзімен расталып, бұл ретте объектив дәлелдер болмаса, бұл істі қарау кезінде қорғаушы тараптың пайдасына қолданылуы мүмкін.

Камерадағы сапа

Палмановтың сөзінше, фото және бейнетіркеу материалдарының сапасы да маңызды рөл атқарады. Егер жазба бойынша автомобильдің мемлекеттік нөмірін, бұзушылық жасалған орынды немесе уақытты, сондай-ақ, бұзушылықтың жасалу дерегінің өзін нақты анықтау мүмкін болмаса, мұндай дәлелдер жүргізушіні жауапкершілікке тарту үшін жеткіліксіз деп танылуы мүмкін.

Бұл ретте адвокат әрбір жағдай жеке қаралатынын, ал дәлелдемелерді бағалау ұсынылған материалдардың сапасы мен ақпаратына байланысты екенін баса айтты.

Айыппұлды төлеу керек пе?

Сарапшы шағым түсіру жүргізушінің шығарылған қаулымен келіспейтінін білдіретінін атап өтті.

"Әдетте, шағым түпкілікті қаралғанға дейін мәні бойынша шешім қабылдануын күту ұсынылады. Сонымен қатар, істің нақты мән-жайы мен заңнама талаптарын ескеру қажет, себебі айыппұлды өз еркімен төлеу құқықбұзушылық дерегін мойындау ретінде қарастырылуы мүмкін", — деп түсіндірді адвокат.

Өзі болмаған жерде жылдамдық асырылса?

Біз жүргізушіге өзі болмаған учаскеде жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл келсе не істеу керегін сұрап білдік.

Палмановтың айтуынша, ең алдымен фото және бейнетіркеу материалдарын сұратып, бұзушылықтың барлық мән-жайын: күнін, уақытын, тіркелген орнын және автомобильдің мемлекеттік нөмірін мұқият тексеру қажет.

Кейін алынған мәліметтерді жеке дәлелдермен салыстырған жөн. Олар бейнетіркегіш жазбалары, GPS-трекерлердің деректері, құқықбұзушылық тіркелген сәтте автомобильдің қай жерде болғаны туралы мәліметтер немесе куәгерлердің айғақтары болуы мүмкін.

"Егер жүргізушіде автомобильдің көрсетілген жерде болмағаны немесе бұзушылықтың қате тіркелгені туралы дәлелдер болса, мүмкіндігінше тезірек уәкілетті органға шағым түсіру немесе сотқа жүгіну қажет", — деп атап өтті адвокат.

Өшіп қалған таңбамен жүрсе?

Біз жол таңбасы өшіп қалған немесе нашар көрінетін болса, оның талаптарын бұзғаны үшін салынған айыппұлға дауласуға болатынын білдік.

Палмановтың айтуынша, егер таңба сызықтары ескірген, өшіп қалған немесе оның жай-күйі жүргізушіге, мысалы, тоқтау сызығының немесе қозғалыс жолағының шекарасын нақты анықтауға мүмкіндік бермесе, бұл жол қозғалысының тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын білдіруі мүмкін.

Мұндай жағдайларда адвокат жол инфрақұрылымының жай-күйін фотосуретке немесе видеоға түсіріп алуға кеңес береді. Бұл материалдар кейіннен қаулыға шағымдану кезінде айғақ ретінде пайдаланылуы мүмкін.

"Әрбір жағдайда жүргізушінің таңба талаптарын шынайы тани алу мүмкіндігін бағалау қажет. Егер таңбаның жай-күйіне байланысты бұл мүмкін болмаса, мұндай дерек шағымды қарау кезінде ескерілуі мүмкін", — деп атап өтті сарапшы.

Белгі көрінбеді

Кейде ереже бұзуға жүргізушінің ұқыпсыздығы емес, жол инфрақұрылымының жай-күйі себеп болып жатады. Мысалы, жол белгісі ағаш бұтақтарымен, жарнама конструкциясымен жабылып қалуы немесе оны дер кезінде байқау мүмкін болмайтындай орнатылуы мүмкін. Біз сарапшыдан мұндай жағдай айыппұлдың күшін жоюға негіз бола ала ма деп сұрадық.

Палмановтың сөзінше, мұндай мүмкіндік қарастырылған.

Егер жол белгісі ағаштармен немесе жарнама құрылымдарымен тасаланса, зақымдалса немесе талаптарды бұза отырып орнатылса, жүргізуші оны дер кезінде көру және талабын орындау мүмкін болмағанын алға тартуға құқылы.

Мұндай жағдайларда адвокат белгінің күйін фотоға немесе видеоға түсіріп алуды, сондай-ақ мүмкіндігінше жолдың сол учаскесінен өту сәтінде ақпаратты қабылдаудың қиын болғанын растайтын басқа да дәлелдемелерді жинауды ұсынады. Мұндай материалдар қаулыға шағымдану кезінде қолданылуы мүмкін.

Айыппұлдарды даулау бойынша нұсқаулық

Адвокат мыналарды ұсынады:

қаулыны елеусіз қалдырмай, оның мазмұнын мұқият зерделеу; ереже бұзушылық тіркелген барлық материалды алу және сақтау, сондай-ақ, өз дәлелдемелеріңізді жинау: видеорегистратор жазбалары, фотосуреттер, навигация деректері, құжаттар және куәгерлердің айғақтары; нақты заңбұзушылықтарды көрсете отырып және барлық растаушы материалды қоса бере отырып, негізделген шағым дайындау.

Қажет болған жағдайда сарапшы білікті заңгерлік көмекке жүгінуге кеңес береді.

"Әрбір айыппұл заңды, негізді және жеткілікті дәлелдермен расталған болуға тиіс. Егер азаматта әкімшілік жауапкершілікке тартудың заңдылығына қатысты күмән туындаса, ол заңда қарастырылған шағымдану тетіктерін пайдалануға толық құқылы. Техникалық тіркеу құралдарының қателіктері мен процестік бұзушылықтар кездесіп тұрады, сондықтан әрбір іс мұқият құқықтық бағалауды талап етеді", — деп түйіндеді Палманов.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Маусым 2026 11:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары