Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

Бельгия Жаңа Зеландияны тас талқан етіп, топ жеңімпазы атанды

Миссиясы жауапты мамандық

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

Ресей наразылық білдірді: Молдова әуежайында дипломатиялық курьерлер ұсталды

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС 1 жұмысын тәулік бойы бақылауда

Бірлескен іс қимыл берекеге жеткізеді

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады

Тоқаев Путинді Қазақстанға шақырды

Тоқаев Путинді Қазақстанға шақырды

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинді келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тоқаевтың шақыруын Путин қуана қабылдады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін арттыру міндеті қойылғанын атап өтті.

"Менің ойымша, бұл қол жеткізуге болатын көрсеткіш. Таяу келешекте мақсатымызға орындалады деп ойлаймын. Ресей Федерациясымен атом энергиясы саласындағы ынтымақтастыққа айрықша тоқталғым келеді. Көп ұзамай "Росатоммен" станса құрылысын бастауға мүмкіндік беретін өте маңызды келісімдерге қол қоямыз. Бұл – серпінді жоба. Өйткені атом электр стансасы ғана салынбайды, мүлдем жаңа сала пайда болады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Тоқаев білім саласындағы ықпалдастықты да атап өтті.

"Ресейдің 9 жоғары оқу орны, соның ішінде танымал университеттер Қазақстанда филиалдарын ашты. Бұл үшін Ресей Федерациясының білім саласы өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар Омбы университеті жанынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылды. Бұл да елеулі оқиға. Жалпы, білім саласына ерекше мән беремін. Өйткені жастарымызға жағдай жасау керек деп санаймын", - деп толықтырды ол.

Мемлекет басшысы жастарға Қазақстан мен Ресейдің жаңа тарихи және геосаяси кезеңдегі ынтымақтастығы мен достық байланыстарын аманаттау басты мақсат екенін айтты.

"Өскелең ұрпақ мұндай қарым-қатынассыз осынау алмағайып заманда өмір сүру мүмкін емес екенін түсінуге тиіс. Қазақстан ррезидентінің Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары бұл міндетті белгілі бір деңгейде орындап отыр. Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады деп ойлаймын. Сол себепті Сізді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын", - деп түйіндеді ол.

Ал Владимир Путин Қазақстан мен Ресей – жақын серіктес, достас әрі одақтас елдер екенін атап өтті.

"Ресей – Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі және басты инвесторлар қатарында. Былтыр сауда айналымы 27 миллиард доллардан асты. Биылғы 9 айда бұл көрсеткіш 20 миллиард долларға жетті", - деді ол.

Көптеген ресейлік компания Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның бизнес өкілдері де Ресейде өз кәсіптерін ашып, белсенді жүргізуде.

"Біз халықаралық аренада тығыз байланыс орнаттық. Бірқатар өңірлік ұйымға мүшеміз. Алдағы күндері Бішкекте өтетін ҰҚШҰ форумында, одан кейін Санкт-Петербургтегі ТМД-ға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі басқосуларында кездесеміз. Бағдарламамыз өте мазмұнды, оның барлығы орындалып жатыр", - деп түйіндеді Путин.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қараша 2025 18:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

27 Маусым 2026 15:54see118

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

27 Маусым 2026 02:49see117

Бельгия Жаңа Зеландияны тас талқан етіп, топ жеңімпазы атанды

27 Маусым 2026 10:45see112

Миссиясы жауапты мамандық

27 Маусым 2026 09:05see109

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

28 Маусым 2026 13:14see108

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

28 Маусым 2026 11:04see108

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

28 Маусым 2026 18:15see103

Ресей наразылық білдірді: Молдова әуежайында дипломатиялық курьерлер ұсталды

27 Маусым 2026 13:14see102

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

28 Маусым 2026 13:08see102

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

28 Маусым 2026 11:41see100

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

28 Маусым 2026 11:47see100

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

28 Маусым 2026 06:32see99

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

27 Маусым 2026 17:11see98

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

27 Маусым 2026 19:32see98

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

27 Маусым 2026 19:18see98

Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС 1 жұмысын тәулік бойы бақылауда

27 Маусым 2026 10:22see97

Бірлескен іс қимыл берекеге жеткізеді

27 Маусым 2026 09:08see97

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

28 Маусым 2026 17:33see96

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті

27 Маусым 2026 17:22see95

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады

27 Маусым 2026 11:38see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары