Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаевтың инвестициялық дипломатиясы: жеті жылда Қазақстанға $162 миллиард тартылды

Тоқаевтың инвестициялық дипломатиясы: жеті жылда Қазақстанға $162 миллиард тартылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұл көрсеткіш Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы дипломатиялық байланыстарды нақты экономикалық нәтижеге, жаңа инвестициялық жобалар мен капитал ағынына айналдыруға бағытталған жұмысының ауқымын көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Белгілі экономист Айбар Олжай инвестиция көлемінің динамикасына талдау жасап, соңғы жеті жылдағы «инвестициялық дипломатияның» нәтижелерін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басқарған кезеңіндегі сыртқы саясаттың көзге түсе бермейтін, бірақ экономика үшін аса маңызды бір ерекшелігі бар. Көбіміз оны білмейміз. Мемлекет басшысының шетелдік сапарларының едәуір бөлігі саяси келіссөздермен аяқталмайды. Президент барған елде ірі бизнес өкілдерімен жеке кездеседі, инвестициялық дөңгелек үстел өткізеді, нақты компанияларды Қазақстанға шақырады. Кейін сол келіссөздердің көбісі инвестициялық келісімге, зауытқа, электр станциясына, логистикалық орталыққа немесе нақты капитал ағынына айналған.

Енді осы корреляцияны цифрмен тексеріп шығайық. Ұлттық банктің 2026 жылғы 30 маусымда жаңартылған статистикасы бойынша, Қазақстанға шетелдік тікелей инвесторлардан түскен жалпы инвестиция ағыны 2019–2025 жылдары шамамен 155,8 млрд доллар болды. Ал 2026 жылдың алғашқы тоқсанында тағы 6,3 млрд түсті. Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылдың наурыз айынан мемлекет басқарғанын ескерсек, 2026 жылдың бірінші тоқсанында оның президенттігіне толық 7 жыл толды. Сонда жеті жылда елімізге 162,1 миллиард доллар инвестиция келген. Әр жылда орта есеппен 23 миллиард доллар келіп отырған.

Тіпті жылдар бойынша динамиканы қарап шыға аламыз. 2019 жылы 24,4 миллиард, 2020 жылы – 17,2 млрд, 2021 – 23,8 млрд, 2022 – 28,2 млрд, 2023 – 23,9 млрд, 2024 – 17,9 млрд, 2025 – 20,5 млрд, ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында 6,3 млрд доллар инвестиция тартылған. Рекорд 2022 жылы қойылған. Дәл сол жылы Президент Тоқаевтың бір күн дамылдамай сапарлағаны есімде. Сонда әр сапар экономикамыз үшін нақты есептелетін доллар болып эффектісін берген. Бұл инвестициялық дипломатияның көзбен көріп, қолмен ұстай алатын жемісі.

Елдер бойынша айтсақ. Президенттің Оңтүстік Кореяға, Германияға, Түркияға, Сауд Арабиясына, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктеріне жасалған сапарларынан кейін сол елдерден аққан инвестиция көлемі екі есеге өскен. Ал Катар және Қытаймен байланыс тіпті феноменалды көрсеткішке алып келді. 2023 жылы дейін Катардың Қазақстанға инвестициясы небары 9 миллион доллар болса, 2025 жылы бұл көлем 1,26 миллиард долларға дейін, яғни 14 есе өскен. Қытайды алатын болсақ, ол тіпті стратегиялық инвестициялық әріптес деңгейіне көтерілді. 2019 жылы Қытай бізге 1,69 миллиард доллар инвестиция берсе, 2025 жылы көрші елден 2,83 миллиард доллар тартылды. Биыл бұл рекорд тағы жаңаруы мүмкін.

Бір нәрсені түсіну керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ елінің басшылығына әлемдік экономика ауыр жағдайда тұрған кезде, пандемияда өндіріс пен сауда толық тоқтаған кезде, инфляцияның өршіп, капитал нарығының дағдарысқа ұшыраған уақытында, соғыс басталып Ресейге санкциялар салынған қиын кезде келді. Ол ел басқарған бір де бір жыл мамыражай болған жоқ. Мұнайдың бағасы барреліне 60-65 доллардан көтерілмей қойды. Бүкіл әлем, тіпті дамыған елдердің өзі артық капитал үшін, инвестициялар үшін қатты таласты. Бұл уақытта жылына 23 миллиард доллар инвестция тартып отыру Қазақстан үшін ерлікпен парапар еді. Ол үшін әр елдің бизнесімен, нақты бір кәсіпорын директорымен жеке-жеке кездесу қажет болды. Тоқаев бәрінің көңілін тапты. Қазақстанның перспективасы мен болашағына сендіре білді. Құрғақ уәде берген жоқ, нақты сандар мен жол картасын ұсынды. Гарантия берді. Сол кезде инвестор сенді. Және Қазақстанға келгеніне қазір ешбір инвестор өкінбейді. Олар үшін еліміз жемісті болды, нақты дивидендтерін жыл сайын алып жатыр.

Бастысы, мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа инвестициялық картасын жасады. Инвесторлар баяғыдай АҚШ пен Нидерланды ғана емес, Корея, Сингапур, Катар сынды жаңа ойыншылармен толықты. Инвесторлар географиясы кеңейді. Осының артында жеті жыл талмай жүгірген еңбек жатыр,-дейді Айбар Олжай.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Тамыз 2026 15:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары