Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Төрткіл дүниені тоғыстырған

Төрткіл дүниені тоғыстырған

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Ресми статистикаға сүйенсек, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Астанаға 352,2 мың турист келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға көп. Оның ішінде 67,9 мың адам – шетелдік туристер. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша елордаға келген туристер саны 1,6 млн адамға жетсе, соның 380 мыңнан астамы шетелдік қонақтар болды.

Астанаға келетін туристердің басым бөлігі Ресей, Қытай, Түркия, Германия және АҚШ елдерінен келеді. Сонымен қатар Өзбекстан, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктерінен келетін туристер санының тұрақты өсімі байқалып отыр.

2025 жылдың қорытындысында Астана қаласының туризм саласына тартылған негізгі капиталға салынған инвестиция­лар көлемі еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда рекордтық көрсеткішке – 438,3 млрд теңгеге жетті. Ал биылғы қаңтар – мамыр айлары аралығында туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 250 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге артты.

Жалпы, бұл саладағы инвестициялық белсенділік жылдан-жылға күшейіп келеді. Мәселен, 2022 жылы туризмге 112 млрд теңге инвестиция тартылса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 201,4 млрд теңгеге, 2024 жылы 272,7 млрд теңгеге, ал 2025 жылы 438,3 млрд теңгеге жетті.

Қазіргі уақытта елордада жалпы құны 265,7 млрд теңгені құрайтын 33 ин­вестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Алдағы екі-үш жыл ішінде халықаралық Swissôtel, Holiday Inn, Wyndham Garden брендтерімен жұмыс істейтін төрт және бес жұлдызды 24 қонақүйдің құрылысын бастау жоспарланған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының экопарктер құру жөніндегі тапсырмасы аясында «Лес» экопаркі жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Жоба толығымен жеке инвестордың қаражаты есебінен қаржыландырылады. Оның инвестициялық құны – 25 млрд теңге.

Бұдан бөлек, балалар лагерін, көрме орталығын, жол бойындағы сервистік нысандарды, бассейні бар демалыс саябағын және басқа да туристік инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланған. Бұл жобалардың іске асуы туризм саласындағы инфрақұрылым тапшылығын едәуір азайтып, көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Туризмнің қарқынды дамуына ықпал етіп отырған негізгі факторлардың бірі – халықаралық деңгейдегі іс-шаралар. Биылғы қаңтар – наурыз айлары аралы­ғында елордада 300-ден астам іскерлік, спорттық, мәдени және ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылды. Оның 11-і халықаралық мәртебеге ие болды.

Ірі жобалардың қатарында «Astana Eurasian Book Fair» халықаралық кітап көр­месі, RES экологиялық саммиті, «PGL Astana-2026» халықаралық киберспорт турнирі және 47 мың көрерменді, оның ішінде төрт мыңға жуық шетелдік қонақты жинаған «Solana Fest» музыкалық фестивалі бар.

Жыл соңына дейін Астанада «BaiQymyz» этно-гастрофестивалі, «Comic Con Astana» фестивалі, «Болашақ ойындары» халық­аралық турнирі және әлемдік эстрада жұл­дызы Энрике Иглесиастың концерті өтеді.

Астананың халықаралық туристік арена­дағы беделі де жылдан-жылға артып келеді. Елор­даның туристік әлеуеті Германияда, Қытайда және Оңтүстік Кореяда өткен ірі халықаралық туристік көрмелерде кеңі­­нен таныстырылды. Сонымен қатар Мәскеуде және Ресей Федерациясының шекаралас қала­ларында роуд-шоулар ұйымдастырылды.

Осының нәтижесінде шетелдік серіктес­термен 400-ден астам келіссөз жүргізіліп, туризм индустриясы өкілдері арасында ынтымақтастық туралы келісімдер мен коммерциялық шарттарға қол қойылды.

Маңызды жетістіктердің бірі – Астананың бірден үш халықаралық турис­тік ұйымның құрамына кіруі. Бұл елор­даны әлемдік туристік нарықта кеңі­нен танытуға және шетелдік туристер ағы­нын ұлғайтуға жаңа мүмкіндік ашады.

Бүгінде елордада 100-ден астам турис­тік нысан жұмыс істейді. Биыл қалада екі жаңа музей – Сингулярлық музейі мен «Қазақстан теміржолы тарихы» музейі ашылды. Сонымен қатар экскурсиялық маршруттар кеңейтіліп, туристік навигация жүйесі мен сервистік қызмет көрсету сапасы үнемі жетілдіріліп келеді.

Медициналық туризмді дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта шетелдік мамандар үшін елорданың жетекші клиникаларына таныстыру турлары ұйымдастырылып, халықаралық көрмелер мен роуд-шоулар өткізілді.

Шетелдік қонақтарға туристік ақпа­раттық орталықтар, бірыңғай қалалық навигация жүйесі және «Astana Pass» туристік картасы қызмет көрсетеді. Елорданың халық­аралық әуежайында бірнеше тілде қызмет көрсететін, белгіленген тарифпен такси шақыруға мүмкіндік беретін «Taxi Point» сервисі жұмыс істейді. Қытай тілін меңгерген гидтерді қоса алғанда, кәсіби экскурсия жүргізушілерін даярлау жұмыстары жалғасып жатыр. Туристердің қауіпсіздігін туристік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді.

Оқиғалық туризмді дамытуға «Astana Concert» компаниясы да елеулі үлес қосып келеді.

«Жыл басынан бері елімізде атақты композитор Эннио Морриконенің шығарма­­шылығына арналған әлемдік тур концерті, МакSим мен Анна Астидің концерттері өтіп, мыңдаған көрермен жинады. Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Леонардо да Винчи. Қайта өрлеу дәуірінің данышпаны» көрмесі де ерекше қызығушылық тудырып отыр. Көрмені бүгінгі күнге дейін 50 мыңнан астам адам тамашалады. Экспозицияда Рим мен Флоренция музейлерімен бірлесіп, ұлы шебердің түпнұсқа сызбалары негізінде жасалған 44 экспонат ұсынылған», дейді «Astana Concert» ЖШС концерттік директоры Александр Бихерт.

Жыл соңына дейін елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған тағы бірнеше ірі мәдени жоба жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 17 қыркүйекте ЭКСПО Конгресс-орталығында автор-орындаушы Мари Краймбреридің концерті өтсе, 20 қарашада «Барыс Арена» сахнасында әнші Дима Билан өнер көрсетеді.

«Биылғы басты музыкалық оқиға 3 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтетін Энрике Иглесиастың концерті болмақ. Бұл концерт Қазақстаннан ғана емес, алыс-жа­қын шетелдерден мыңдаған көрермен жи­нап, еліміздің мәдени өміріндегі ең ірі оқиғалардың біріне айналады деп күтіліп отыр. Ал 2027 жылы Астана халықаралық оқи­ғалық туризм орталығы ретіндегі орнын одан әрі нығайта түседі. Ең ауқымды жобалардың қатарында үстел теннисінен «ITTF World Table Tennis Championships Finals» әлем чемпионаты мен Орталық Азияда алғаш рет өтетін Төрт құрлық чем­пио­­натын ұйымдастыру жоспарланып отыр», дейді Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшы­сының орынбасары Мақсат Жаңабаев.

Арқа төсіндегі ажарлы қаланың көркін тамашалауға келетін туристер қата­ры көбей­ген сайын бас шаһардың да экономи­калық әле­уеті артып, халық­аралық беделі нығая түседі. Астана аз ғана уақыт ішінде Қазақ­стан­ның ғана емес, тұтас Орталық Азияның іскерлік, мәдени және оқиғалық туризмнің жетекші орталықтарының біріне айналды.

Туризм саласына тартылған рекорд­тық 438,3 млрд теңге инвестиция, халықара­­лық ұйымдарға мүшелік, әлемдік деңгей­дегі ауқымды іс-шаралар және заманауи ин­фрақұрылымның қалыптасуы елор­даның жаһандық туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді. Инвестициялық белсенділіктің тұрақты өсуі, сервистің үздіксіз жетілдірілуі және жаңа туристік жобалардың жүзеге асуы Астананың алдағы жылдары да өңірдегі ең тартымды туристік бағыттардың бірі болып қала беретініне берік негіз қалайды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:73
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 09:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары