Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тараптар мүддесін тоғыстырған торап

Тараптар мүддесін тоғыстырған торап

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Екі тарап «Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолындағы Трамп бағыты» (TRIPP) жобасын іске асыру аясында Армениядағы көлік жолдарын дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге келді.

Жобаның саяси жетістігі

Негізі, TRIPP жобасы экономикалық мүдделерді ғана мақсат етпейді, түпкі жоспар – Армения мен Әзербайжанның қауіпсіздігі мен өркендеуіне жол ашу. Жобаны іске асыру жөніндегі Негіздемелік бағдарлама былтыр 8 тамызда Ақ үйде қабылданды.

АҚШ сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі жариялаған мәтінге сәй­кес, Негіздемелік бағдарлама Армения Рес­публикасы аумағы арқылы кедергісіз транзиттік қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған. Транскаспий сауда жолының негізгі буынын қалыптастыруды да көз­дейді.

«TRIPP жобасының түпкі мақсаты – Армения мен Әзербайжанның қауіпсіздігі мен өркендеуін нығайту, сондай-ақ өңірлік сауда байланыстарын кеңейту, көлікке қолжетімділікті арттыру және Орталық Азия мен Каспий өңірін Еуропамен бай­ла­ныстыратын жаңа транзиттік бағыттар құру арқылы америкалық сауданың даму­ына ықпал ету», – деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік департаменті.

Армения Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Арарат Мирзоян мен Марко Рубио Вашингтонда TRIPP жоба­сын іске асырудың Негіздемелік бағ­дар­ламасымен толық танысу үшін кездескен. Көп өтпей Армения СІМ сайтында TRIPP жобасын іске асырудың Негіздемелік бағ­­дарламасының толық мәтіні жария­ланды.

Онда TRIPP жобасы аясында Армения мен АҚШ TRIPP жобасын іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құратыны жазы­л­­ған. Арменияның егемендігі толық сақталады, бірақ бақылау пакеті АҚШ-қа тиесілі екені жазылған. Армения TRIPP Development Company компаниясын құру­ға рұқсат беріп, оны қолдауға ниетті болып отыр. Компанияға TRIPP жобасын дамыту үшін бастапқыда 49 жыл мерзімге құқық беру жоспарлануда. Армения АҚШ-­қа компания акцияларының 74%-ын ұсынуды, ал өзінде 26%-ын қалдыруды көздеген. Бұл әріптестікті тағы 50 жылға ұзарту және Армения үкіметінің үлесін кейін 49%-ға дейін арттыру жоспарланған.

Қазақстанға қандай пайдасы бар?

Бұл жоба түптеп келгенде Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызын арттыра түседі. Орта дәліздің батысқа ашылған жолын ұзартады. Сондықтан Қазақстан тарапы бұл жоспарды толық құптады. 

Былтыр қарашаның басында АҚШ-қа барғанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен келіссөз жүргізгені есте. Сонда Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін «Трамптың халық­аралық бейбітшілік және өркендеу жолына» (TRIPP) ерекше назар аударды.

Көп өтпей, қарашаның орта тұсынан асқанда Қазақстанға Армения Премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен келіп, тақырып тағы сөз болды. 21 қарашада Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян екі ел өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, құрылыс және басқа да салалардағы серіктестікті дамыта алатынына назар аударып, соның ішінде көлік-транзит бағытының әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән берді.

– Оңтүстік Кавказдағы жаңа геосаяси ахуал екіжақты және аймақаралық ынты­мақтастықты нығайтуға қолайлы жағдай туғызып отыр. Қазақстан Армения­ның көлік-транзит саласындағы «Бейбітшілік қиылысы» бастамасын қолдайды. Сондай-ақ біз «TRIPP халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолы» жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырғанымызды растаймыз. Осы стратегиялық дәліздерді Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен және Солтүстік-Оңтүстік дәлізімен ұштас­тыру екі елдің де мүддесіне сай келеді, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

АҚШ пен Армения жасаған халық­аралық жобаның мақсаты түптеп келгенде Орталық Азия елдерінің мүддесімен тоғысып отыр. Келешекте Транскаспий халықаралық көлік бағытымен ұштасып, экономикалық тиімділігін көрсетеріне үміттіміз.

Мадияр ТӨЛЕУ 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 05:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары