Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Тұмса табиғат тұншығып тұр...

Тұмса табиғат тұншығып тұр...

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Президент Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында Атырау жұртшылы-ғының экологиялық ахуалға алаңдайтынына назар аударды. Бұл мәселені бақы­лауына алғанына тоқталды.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Шындығында жергілікті тұрғындардың қоршаған ортаның тазалығы жиі бұзылатынына алаңдайтыны рас. Өйткені тұмса табиғат таза болмаған соң, жұтар ауа жұпар емес. Атмосфералық ауаны жиі ластайтын компаниялар миллиондап айыппұл төлейді. Бірақ қомақты айыппұлды шыбын шаққан құрлы көрмейді.

Облыстық экология департаментінің мәліметіне жүгінсек, жергілікті экологтер биылғы 8 айда экологиялық заңдылықтың сақталуына 21 тексеру жүргізді. Оның ішінде 7 профилактикалық бақылау, жос­пардан тыс 13, талаптарға сәйкестігіне қатысты 1 тексеру бар. Бақылау нәти­же­леріне қарағанда, экологиялық заң­нама талаптары 52 рет бұзылған. Бұл кемшілікті жою туралы 19 нұсқама берілді.

«Анықталған бұзушылықтар жөнінде 121 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 2,360 трлн теңге айыппұл салынды. Оның ішінде 102 іске қатысты шамамен 1 млрд теңге өндірілді», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Қоршаған ортаны ластайтындар қатарында мұнай-газ өнеркәсібіндегі жетекші компаниялар бар. Мәселен, «Теңізшевройл» ЖШС-ның 2023 жылы бірнеше талапты бұзғаны анықталып отыр. Нақтылай айтқанда, рұқсатсыз шығарындылар мен төгінділер, белгі­ленген нормативтерден асыру, сондай-ақ жерді бүлдіру фактілері тір­келген. Департамент мамандары осын­дай дерек­терді негізге алып, про­куратураның ұсынысымен «Теңізшевройл» ЖШС-ға қатысты 8 әкімшілік іс қозғады. Сөйтіп, мұнай компаниясына жалпы сомасы 2,825 млрд теңгенің айыппұлын салды.

Бір қызығы, аталған компанияның қоршаған ортаны ластау әрекеті 2024–2025 жылдары да қайталанып отыр. Компания осы кезеңде экологиялық эмиссияларды рұқсатсыз жүзеге асырған. Шығарындылар мен төгінділер көлемі белгіленген нормативтерден асып кеткен. Соның салдарынан тағы да жер бүлінді. Мұндай заң бұзушылықтың бәрі экологтер қырағылығынан таса қалмады. Департамент мамандары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғады. Сот «Теңізшевройл» ЖШС-ға 663,707 млн теңге айыппұл салуға шешім қабылдады.

«Теңізшевройл» ЖШС департа­менттің аталған істер жөніндегі қорытын­дыларымен келіспеді. Компания басшылары сот органына шағым түсірді. Шағым сотта егжей-тегжей қаралды. Алайда сот компания шағымын қана­ғаттан­дырған жоқ. Айыппұлдар мемлекет кірі­сіне өндірілді.

Ауаны оқтын-оқтын ластаумен аты шыққан компанияның бірі – 80 жылдан бері көмірсутекті шикізаттан жанармай түрлерін шығаратын мұнай өңдеу зауыты. Мұнайлы шаһардың ір­гесіндегі зауыт ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асырып жібереді. Экологтер осыған байланысты «АтМӨЗ» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Іс Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі маман­дандырылған сотында қаралды. Соттың 29 шілдедегі қаулысымен заңды тұлға кінәлі деп танылып, 28 млн теңге мөлше­рінде айыппұл салынды.

«Алайда «АтМӨЗ» ЖШС салынған айыппұлмен келіспей, Атырау облыстық сотына апелляциялық шағыммен жүгінді. Сот 13 тамыздағы қаулысымен зауыттың апелляциялық шағымын қа­нағаттандырудан бас тартты. Айыппұл көлемі өзгеріссіз қалдырылды», деп мә­лімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Осыған ұқсас жайт «Потенциал Ойл» компаниясы тарапынан да болғаны тіркелді. Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қада­ғалау актісі негізінде «Потенциал Ойл» ЖШС-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 328-ба­бының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Компа­ниядан 7 249 870 теңге мөлшеріндегі айыппұл өндірілді.

Экологтердің қырағылығынан тыс қалмаған кәсіпорынның қатарында «Транс Ойл Терминал» ЖШС да бар. Департамент мамандары серіктестікке берілген рұқсаттарға қатысты біліктілік және рұқсат беру, сондай-ақ экологиялық хабарламалар жөніндегі талаптардың сақталуына тексеру жүргізді.

«Тексеру нәтижесіне сәйкес серік­тестік нысанында орналасқан жылыту қазандығы қондырғысында аумақта өндірістік шығарындылардан сынама алуға арналған штуцер болмаған. Бұл экологиялық мониторинг пен бақылау талаптарының сақталмағанын көрсетеді. Өндірістік экологиялық бақы­лау бағдарламасында жерасты суларының жай-күйіне мониторинг жүргізу қарастырылғанымен, ұсынылған зертханалық сынақ хаттамаларында фондық көрсеткіштер туралы мәліметтер, бағалау ұңғымаларының деректері жоқ. Бұл жайт жерасты суларының сапасын толық бағалауға мүмкіндік бермей, экологиялық заңнама талаптарының бұзылуына әкелген. Серіктестік 2024 жылдың үшінші тоқсаны бойынша өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есепті заңмен белгіленген мерзімде тапсырмаған», деп ақпарат берді департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ серіктестікте өндірістен түзілген мұнай шламының қалдығын жинақтауға экологиялық рұқсат та, лимит те алынбаған. Демек қалдықтар заңсыз жинақталған. 2024–2025 жылдары қазандықтарды тазалау кезінде ластаушы заттардың шығарындылары тиісті экологиялық рұқсатсыз шығарылғаны анықталды. Аталған фактілер бойынша салынған 15 474 615 теңге көлеміндегі айыппұл өндірілді.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Бизнесті қолдау шараларында кемшін тұстар көп

Саясат • Бүгін, 08:35

Астана әрдайым ауқымды істердің бастауында тұруға тиіс

Президент • Бүгін, 08:33

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Экономиканы әртараптандыру – стратегиялық бағыт

Экономика • Бүгін, 08:27

Тазалық міндеті мен жауапкершілігі

Саясат • Бүгін, 08:22

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Қордаланған мәселелерді қамтыған заңдар

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:15

Аналар институтының қоғамдағы орны айрықша

Қоғам • Бүгін, 08:12

Түзеу мекемесіндегі өндіріс нысаны

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Азаттық күрескерінің ағартушылық жолы: Қоңырқожа Қожықовтың туғанына – 145 жыл

Зерде • Бүгін, 08:05

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see120

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see120

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see119

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see118

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see117

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see116

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see113

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see113

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see113

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see112

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see112

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see112

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see112

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see112

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see109

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

11 Тамыз 2026 14:27see109

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see109

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see109

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see107

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары