Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Табиғат сүйгіш балалар

Табиғат сүйгіш балалар

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық экологиялық-биологиялық орталығы деп аталатын ғажап мекеме бар. Бүгінде орталық жанындағы үйірмелерде 400-ге жуық бала табиғатты зерттеу мен қорғауға бағытталған түрлі іс-шараға тұрақты қатысып келеді.

Мектеп оқушыларына экологиялық-биоло­гия­лық бағыттағы қосымша білім беруге арналған ұйымда тәрбиеленушілер эколо­гиялық мәдениетті меңгеріп, та­биғатқа ұқыптылықпен қарауды дағдыға айналдырып алған.

– Бұған мүмкіндігіміз де жет­кілікті, – дейді орталық директоры Гүлжайна Нұралиева. – Орталықтың жылыжайы мен ботаникалық бақтарында 200-ден астам гүлді-декоративті өсімдік пен ағаш-бұта өсіп тұр. Зообұрышта 90-ға жуық жануар түрі тіршілік етеді. Бұл база оқушылардың тәжірибелік дағдысын дамытып, табиғатты танып-білуге мол мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылғы 31 қазанда Үкімет «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжы­рымдамасын бекітті. Құжат қоғамда экологиялық мәдениет­ті арттыруға, табиғатты ұтым­ды пайдалануға, экологиялық жауап­кершілікті күшейтуге бағытталған. Біз әңгіме етіп отыр­ған орталық дәл осы бағытта бекітілген жоспарға сай жүйелі жұмыс атқарып келеді.

2024–2025 оқу жылы орта­лық ұжымы мен үйірме тәрбие­ленушілері «Таза Қазақстан» ұлт­тық бағдарламасы шеңберінде бірнеше экологиялық жоба мен акцияны сәтті жүзеге асырды. Биыл­ 21 сәуірде Астана қаласында «Таза Қазақстан» экофестивалі өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысы да қатысты. Жиында қал­дықтарды қайта өңдеу, «жасыл» технологияны енгізу, тұрақты даму, экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыптары сөз болды. Фестивальға Батыс Қазақ­стан облысының атынан эколо­гиялық-биологиялық орталықтың «Экосана» үйірмесінің оқушысы Дана Исенғали жетекшісі, қо­сымша білім беру педагогі Айша Мұратқызымен бірге қатысып, «AIR-POT жүйесімен тұқымбақ құру» атты жобасын таныстырды. Айта кетелік, жоба орталық базасында күні бүгінге дейін табысты жүзеге асырылып жатыр. Негізгі мақсаты – экожүйені қалпына келтіру, өсімдіктерді тиімді өсі­рудің инновациялық әдістерін қолдану, табиғи ресурстарды үнемдеу мен көгалдандыру сапасын арттыру.

Орталықта сәтті қолға алынған тағы бір бастама – «Менің экоізім» акциясы. Ол – қоршаған ортаны көгалдандыруға бағытталған игі қадам. Акцияға орталық ұжымы, «Жас энтомолог» үйірмесінің «Жас өскін» еріктілер тобы, Орал қаласындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің еріктілері қатысты. Сөйтіп, орталық айналасына 300 түп раушангүл, екі қап голландық қызғалдақ пиязшығы егілді. Мұның нәтижесі алдағы көктемде көрінеді.

– Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – ұжымдық жа­уапкершіліктен бастау алады, – дейді Гүлжайна Мақтауғалиқызы. – Қазан айында орталық қыз­меткерлері мен педагогтер дәс­түрлі сенбілікке қатысып, орта­лық аумағын, ғимарат айналасын, сыртқы қоршау маңын тазартты. Осылайша, жасыл желек қыс алдында ретке келтіріліп, тазалық пен тәртіптің үлгісін көрсетті.

Республикалық онлайн-экочеллендж аясында орталықтың «Жер-Ана қорғаушылары» командасы ерекше жоба – «AIR-POT жүйесі арқылы тұқымбақ құру» бастамасын сәтті жүзеге асырды. Жоба 2024 жылғы алапат су тасқынынан кейін бүлінген экожүйені қалпына келтіруді мақсат еткен еді. Инновациялық әдіс өсімдіктерді тиімді өсіруге мүмкіндік беріп, табиғи ресурстарды үнемдеуге, көгалдандыру сапасын арттыруға бағытталды.

Бүгінде экологиялық-био­логиялық орталық ұжымы өздері өсірген жас көшеттерді облыстағы бірнеше әлеуметтік, білім беру ұйымдарына тарту етуді дәстүрге айналдырған. Мәселен, облыстық есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешенінде, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында, зерде бұзылыстары бар балаларға арналған «Мектеп – интернат – колледж» арнайы кешенінде, облыстық «Отбасы үлгісіндегі бала­лар ауылында» орталық сый­лаған көшеттер тамыр тартып, өсіп жатыр. Бұл игі іс-шара аталған мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балалардың табиғатқа қамқорлық сезімін оятып, экологиялық тәрбие берудің маңызды тетігіне айналған.

Жақында Орал қаласында педагогтердің туристік-өлкетану, эколо­гиялық-биологиялық бағыт­тардағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу, жаңа білім беру тәсілдерін енгізу мақ­­сатында республикалық «Workshop»-семинары өтті. Жи­ын­да облыстық экологиялық-био­ло­гиялық орталығының ұжы­мы «Экологиялық мәдениетті қалып­­тастырудағы қосымша білім беру ұйымдарының рөлі және цифрлық білім беру ресурстары» тақырыбында мазмұнды баяндама ұсынып, орталық тәжірибесін ортаға салды. Еліміздің әр айма­ғынан келген мекеме-ұжым өкіл­деріне бұл өте пайдалы бастама болды.

Батыс Қазақстан облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see127

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары