Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Таза табиғат жарқын келешек

Таза табиғат жарқын келешек

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сонымен қатар қоғамды ортақ іске жұмылдыру мақсатындағы жобаларды қолдауға ерекше мән береді. Бұл орайда, Президент бастамасымен жүзеге асы­ры­лып жатқан «Таза Қазақстан» рес­публикалық экологиялық  жобасы­ның мәні бөлек. 

Ал Ақтөбе облысында «Таза Қазақ­стан» республикалық экологиялық  жобасы аясында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұр­пақ», «Мөлдір бұлақ» секілді бағдарла­малар қолға алынған. Табиғатқа қам­қорлық бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар шеңберінде облыс аумағы мен қор­шаған ортаны, тарихи-мәдени ескерт­кіштердің айна­ласы мен өзен-бұлақ­тардың арнасын, көшелер мен аула­ларды қоқыстан тазарту міндеті жүктелген. Бұл бастамаға жергілікті тұрғындар, жастар мен ерік­тілер жұмыла, ортақ істе ерекше белсен­ділік танытады. 

Қазан айының он бірі күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде өткен жалпыұлттық сенбілікке Ақтөбе өңірі де белсене атсалысты. Облыс әкімдігінің ақпара­тына сәйкес, экологиялық акция өңір­дегі 200-ден аса елді мекенде ұйым­дастырылды. Сенбілік барысында 200 түп үйеңкі мен ақ қайың көшеті отыр­ғызылып, жалпы облыс бойынша 770 гектар аумақта барлығы 7 300 түп жасыл желек егілді.

Жалпыхалықтық сенбілікке облыс әкімі Асхат Шахаров Алтын Орда шағын ауданындағы «Денсаулық» саябағында ағаш отырғызу шарасына қатысты.

«Мемлекет басшысының тапсыр­масы бойынша бүгінде еліміздің бар­лық өңірінде экологиялық жағдайды жақ­сартуға және көгалдандыруға ба­ғыт­­талған ауқымды жұмыс жүргіз­ілуде. Әрбір тұрғын өз елді мекенінің тазалы­ғы мен көркеюіне жеке жауап­кершілік­пен қарауы аса маңызды. Тек бірлескен еңбектің арқасында біз нақты әрі тұрақ­­ты нәтижелерге қол жеткізе ала­мыз. Мұндай сенбіліктер адамдарды бірік­тіріп, экологиялық мәдениетті қалып­тастырады, табиғатқа ұқыпты көзқарас пен жауапкершілік сезімін тәрбиелейді, сондай-ақ қалалар мен ауылдардың көркеюіне үлес қосады», – деді ол. 

Жалпыхалықтық сенбілікке арда­герлер кеңесінің мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері мен жастар ресурстық орталығының қыз­меткерлері де белсенді атсалысып, олар саябақ аумағын ретке келтіріп, ағаштар отырғызды. Сондай-ақ облыстағы Орман шаруашылығы аумақтарында «Мек­теп орманшылығы» жобасы аясында 1350 ағаш отырғызылған. Ак­ция­ға қаладағы орта мектеп оқушылары да өз үлестерін қосты. Аймақ басшысы оқушыларымен бірге шараға белсене атсалысып, көшет екті. 

Облыстық Экология департаменті қызметкерлері де сенбілік аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина академия­сының, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттерімен бірлесіп, айналма жол бойындағы орманды алқапты қоқыстан тазартты.

– Мақсатымыз – тұрғындар ара­сында экологиялық мәдениетті қалып­тастыру. Сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығы мен экологиялық мәселе­лері­не қоғам назарын аударту. Мұндай акция­ларды жылына 4-5 рет өткізіп тұра­мыз. Іс-шара өткізген сайын тұр­ғындардан қоқысты кез келген жер­ге тастамауларын сұраймыз. Айна­ла­мыз­дың тазалығы әркімнің өзінен бас­талады, – дейді Экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бө­лім­інің бас маманы, мемлекеттік эко­логиялық инспектор Гүлжайнар Әбдір­ах­манова.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырыла бастағалы бері «AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» акциясын қол­ға алған болатын.  Партияның дәстүріне айналған жоба бейсенбі сайын респуб­ликамыздың әр аумағындағы белсенді жастар мен жергілікті тұрғындарды, еріктілерді табиғатты қорғауға бірік­тіре­тін игі іс болып отыр. «AMANAT» пар­тиясының өкілдері Ақтөбе облысы­ның аумағындағы республикалық маң­ызы бар жол бойын қоқыстан таза­лап, 2,5 тонна қалдық шығарды.

– Біз «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына белсенді қатысып келеміз. Осыған дейін Алға қаласындағы орта­лық саябақ пен Елек өзенінің бой­ын жина­сақ, бүгін күрежолдың бойына тазалық жұмыстарын жүргіздік. Өкін­ішке қарай, көлік жүргізушілері мен жолаушылар жол жиегіне бейберекет қоқыс тастап кетеді. Сондықтан эко­логиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, – дейді «AMANAT» партия­сының Алға аудандық филиалының атқарушы хатшысы Динара Кубесова.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласында 13 қыркүйек пен 15 қараша аралығында «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалау бойынша өтіп жатқан күзгі екі айлық шеңберінде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қор­ғау, туған өлкеге жанашырлық мақ­сатындағы игі іс жалғасатын болады.

«Тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көшеден және әр қаладан басталуға тиіс. «Таза Қазақстан» акциясы бір­реттік шара болмай, біздің өмір салты­мызға айналуы керек», – дейді  Прези­дент. Яғни, «Таза Қазақстан» стратегия­л­ық бағдар – экологиялық жауапкер­шілік, құқықтық тәртіп, әлеуметтік әділеттілік пен тазалық мәдениеті. Сон­дай-ақ жасыл экономикаға көшу, институционалдық өзгерістер мен қа­таң экологиялық бірегейлік және ауа ластануын төмендету бағытындағы нақты қадам  десек болады.

Ел игілігі үшін жұмыла атқарылып жатқан жалпыұлттық жоба аясында биыл республика аумағында 2,4 мил­лион­ға жуық көшет отырғызылған болса, 966 мың гектарға жуық аумақтан 729 мың тоннадан астам қоқыс шыға­рылған. Ашық ақпарат көздеріндегі дерекке сүйенсек, жыл басынан бері ұйымдастырылған экологиялық акция­ларға 5,4 миллионнан астам адам қаты­с­ып, аумақты тазалау жұмыстарына бір уақытта шыққан адам саны бойынша алғаш рет ел рекорды орнатылған. Жетіст­ік еліміздің КИНЭС рекордтар кітабына енгізілді.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 03:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары