Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Түнгі Астанадағы қауіпті жарыс видеоға түсіп қалды

Түнгі Астанадағы қауіпті жарыс видеоға түсіп қалды

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Желіде Астана көшелерінде екі көліктің жүргізушілері жарысқаны түсірілген видео тарады. Қалалық полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Астана көшелерінде екі көліктің жүргізушілері жарысқаны түсірілген видео тарады. Қалалық полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Threads әлеуметтік желісінде Астана тұрғынының жазбасы жарияланды. Ол бейнетіркегішіне жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі түсіп қалғанын жазған: кадрларда екі көліктің жол ережелерін қасақана бұзғаны көрінеді.

Жазба авторының айтуынша, оқиға 24 наурызда шамамен сағат 23:50-де болған.

"Жаңа ғана вокзалдан үйге қайтып келе жатқанмын. Әкем мен анамды алып келе жаттым. Қабанбай батыр даңғылындағы қиылыста (Қорғалжын тасжолынан кейін) жанымнан екі көлік зымырап өтті. Біреуі бағдаршамның қызыл түсіне асқан жылдамдықпен өтіп кетті (бөлу жолағын ішінара кесіп өтті). Екіншісі жасыл түске өткенімен, тек солға - Шұбарға қарай жүруге рұқсат етілген жолақпен тіке тартты. Бізде ешкім сабақ алмайды", - делінген жазбада.

Полиция пікірі

Астананың Полиция департаменті ереже бұзғандар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

"Lexus пен BMW маркалы автокөліктердің жүргізушілері бағдаршамның тыйым салатын түсіне өткені, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларын елемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда 21 наурызға қараған түні адам өліміне әкеп соққан жол апаты болған еді: әл-Фараби мен Меңдіқұлов көшелерінің қиылысында Mercedes пен Zeekr соқтығысып, үш адам қаза тапты.

Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы (бірі 22-де, екіншісі 20-дағы қыз) оқиға орнында тіл тартпай кетті. Zeekr жүргізушісі аман қалды. Ол түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 11:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары