Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Тұрарбек Тілемісов, Құрылтай депутаты, Әділет партиясы фракциясының мүшесі: Жұмсалған қаражаттың қайтарымы болуы керек

Тұрарбек Тілемісов, Құрылтай депутаты, Әділет партиясы фракциясының мүшесі: Жұмсалған қаражаттың қайтарымы болуы керек

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мемлекет басшысының Жолдауын­да бизнесті қолдау, заңнаманы жетілдіру және Халықтық құрылыс бойынша нақты міндеттер белгіленді.

Басты бағыттардың бірі саналатын бизнеске 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий ен­гізудің орындылығын талқылау ұсы­нылды. Экономикалық құқықбұзу­шылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту қажет. Сонымен қатар Салық кодексіндегі қайшылықтар мен артық жүктемені жою үшін нүктелі өзгерістер пакеті әзірленеді. Жаңа Азаматтық кодексті 2027 жылдың соңына дейін қабылдау ұсынылды. Ал Президент келесі жылды Халықтық құрылыс жылы деп атауды ұсынып, жобаға 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінетіні туралы айтты. Аталған қаражат есебінен 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде 8 пери­наталдық орталық және 7 көпбейінді балалар ауруханасы салынады. 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесінің құрылысы басталады. Көптеген елді мекенге газ және таза ауызсу тартылады. Сонымен қатар жобаларға жергілікті шағын және орта бизнес тартылады, ал Ұлттық қор арқылы импортты қаржыландыруға жол берілмейді.

Республикалық және жергілікті жолдың барлығы сапалы салынуы керек, барлық жолдармен Көлік ми­нистрлігі айналысатын болады. Битум мен қиыршық тастың сапасына сілтеме жасау қабылданбайды.

Жолдаудың басты бағыттарын атап айтар болсақ, әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен орта және ұзақмерзімді даму жоспары болуға тиіс. Қала инфра­құрылымы­ның цифрлық сыңары әзір­ленеді. Көлік және логистика бойынша, Қытайдан Еуропаға жүк тасымалының шамамен 85 пайызы еліміз арқылы өтеді. 2027 жылы Бақты – Аягөз теміржолы іске қосылып, Қытаймен жүк өткізу мүмкіндігі 20 млн тоннаға артады. Арал – Каспий күре жолы Транскаспий дәлізін шамамен 1 мың шақырымға қысқартады. Көкшетау – Петропавл тасжолын кеңейту, 2027 жылы барлық автомобиль өткізу пункттерін қайта жаңартуды аяқтау міндеті қойылды. Зайсан, Катон­қарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады, 2027 жылы Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталады. Көлік саласы толық цифрландырылуы тиіс. Энергетика бойынша, 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне қол жеткізу қажет. 2027 жылы Балқаш АЭС-інің құрылысын бастау, Мойын­құм АЭС-і бойынша келісім жасау және уранның мемлекеттік стратегиялық резервін құру ұсынылды. Сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеп, инфляцияны тежеп, төмендетуі тиіс. Қаржыландыру бойынша, мемлекет қаражаты жеке инвестиция тартудың кепіліне айналуға тиіс. Банктер бизнесті инвестициялық несиелеуге белсенді қатысуы керек, Капитал нарығы туралы заң әзірленуде. Геология және металдар бойынша, гео­логиялық барлау тәсілдерін түбегейлі өзгерту, айрықша маңызды металдар­дың қорын басқаратын ұлттық жүйе құру қажет. Үкімет жыл соңына дейін ұсыныс енгізуі тиіс. Ауыл шаруашылығы және су мәселесінде фермерлерге ұзақмерзімді инвестициялық қаржы­ландыру, отандық тракторлар мен комбайндар өндірісін көбейту, өнімді терең өңдеу қажет. Су тарифі реформасы аяқталып, Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі құрылуы тиіс. Бизнесті қорғау бағытында бизнеске заңсыз кедергі жасау – мемлекетке қарсы қылмыс саналып, тең мүмкіндік пен әділ бәсеке қамтамасыз етілуі керек. Ірі байлық иелері үшін жоғары­латылған мөлшерлеме мәселесін Үкімет пен Құрылтай зерделейді. Салық әкімшілігінде жасанды ин­теллект қолданылады. Ивестиция тартуды бір орталықтан басқаратын жүйе керек.

Алатау қаласында сапалы сот жүйесі құрылады. Коммерциялық істерді ағылшын жалпы құқығы үлгісіндегі Инвестициялық сот қарайды, арнайы құқықтық режимге қатысты басқа мә­селелер Азаматтық соттың құзыретіне кіреді. Үкімет 2027 жылғы қаңтардың соңына дейін Құрылтайға «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңға түзе­тулер енгізуі тиіс. Цифрлық экономика бойынша, жыл соңына дейін цифрлық жұмыспен қамтудың жеңілдетілген құқықтық режимі қалыптастырылады. 2027 жылы ауыл өндірушілеріне ар­налған пилоттық жобалар іске қо­сылады.

Әлеуметтік саясат аясында мемле­кеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуі тиіс. 2027 жылғы 1 қаңтар­дан бастап ең төменгі жалақы 85 мың­нан 110 мың теңгеге дейін көтеріледі, бұл 1,8 млн адамның табысына әсер етеді. Учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады. Білім беру бағытында инклюзивті білім беру инфрақұрылымы дамытылады. Мұғалімдердің артық жүктемесін азайтып, олардың абырой-беделін қорғау қажет. Мемлекеттік басқару саласында бір жыл ішінде ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтары туралы құжат әзірленеді. Президент Әкімшілігі 2027 жылғы 1 маусымға дейін мемле­кеттік басқаруды реформалаудың ке­шенді жоспарын ұсынады, мемлекеттік қызметшілердің жаңа әдеп қағидаттары әзірленеді. Басты талап жұмсалған қаражаттың экономикалық және әлеу­меттік қайтарымы болуы керек.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2026 05:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары