Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Туристер көп баратын ШҚО маршруттарында санитарлық инфрақұрылым әлсіз

Туристер көп баратын ШҚО маршруттарында санитарлық инфрақұрылым әлсіз

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Санитарлық тораптар тапшылығы мен жол бойындағы нашар инфрақұрылымға туристердің көпшілігі шағымданады. Жер аумағы кең өңір үшін бұл мәселе ерекше сезілетіні анық. Алтайға, Катонқарағайға, Рахман қайнарына, Бұқтырманың Самар жағалауына апаратын жол ұзақ. 

— Жазда біз Бұқтырманың Самар жағалауына жиі барамыз. Бірақ жүз шақырым жолда бір ғана дәретхана бар. Оның өзі көбіне бес батпан кір. Кіргің де келмей кетеді. Кейде бұтаға бара салған оңайырақ сияқты, — дейді туристер.

Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасынан санитарлық тораптар жетіспеушілігі мәселесі белгілі екенін және кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын мәлім етті. 

— Қазіргі таңда облыста 34 санитарлық-гигиеналық торап жұмыс істеп тұр, олардың саны жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар мұндай нысандарды күтіп-ұстауға субсидия қарастырылған, — деді басқарма басшысының орынбасары Ирина Смит.

Алайда туристік бизнес өкілдерінің айтуынша, демалушылар үшін дәретхананың бар-жоғы ғана емес, оның жай-күйі мен қолжетімділігі маңызды.

— Мен туристерді, соның ішінде шетелдіктерді де Шығыс Қазақстанның ең көрікті жерлеріне алып барамын. Шыны керек, кейде жолда кенеттен біреу дәретханаға барғысы келіп қалмаса екен деп тілеймін. Себебі кей санитарлық тораптарға кіру мүмкін емес. Ал турист кейін «табиғаты керемет, бірақ тиісті жағдай жоқ» деп кетеді. Осы бір сөзбен барлық әсерді жоққа шығарады, — дейді туроператор Мұхтар Тойбазаров.

Оның айтуынша, турист қымбат сервистің жоқтығын кешіруі мүмкін, бірақ ұзақ жолдағы қарапайым қолайсыздықты еш кешіре алмайды.

Мәселенің маңызын ескере отырып, соңғы бір жылда республикалық жолдарға жауапты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы да бұл бағыттағы жұмыстарды күшейткен.

— Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы — 1238 шақырым. Бұл жолдар бойында бүгінде 39 сервистік нысан жұмыс істейді. Олардың барлығы ұлттық стандартқа сәйкестендірілген. Сонымен қатар негізгі туристік бағыттарда сегіз жылы санитарлық-гигиеналық торап қызмет көрсетіп жатыр, — деді ұлттық компанияның ШҚО филиалы директорының орынбасары Әділет Жампейісов.

Оның айтуынша, соңғы бір жылда жол бойындағы инфрақұрылым айтарлықтай жақсарды. Қазір тасжолдарда тек дәретханалар ғана емес, демалыс орындары мен кофе ішетін шағын кешендер де жұмыс істейді.

— Туристер ағыны көп жерлерде сервисті мақсатты түрде дамытып жатырмыз. Алтай мен Катонқарағай бағытындағы жолдарда тағы бірнеше жылы санитарлық торапты іске қосуды жоспарланған, — деді Ә.Жампейісов.

Еске салсақ, осыған дейін Астана Еуропаның қолжетімді туризм желісіне ресми түрде қосылғаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 20:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see132

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see130

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see126

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see125

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see122

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see119

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see119

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see119

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see119

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see117

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see117

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see116

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары