Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Түркі әлемі: фейкке қарсы ынтымақтастық

Түркі әлемі: фейкке қарсы ынтымақтастық

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Түркі мемлекеттері жалған ақпаратпен күресте ортақ тетік қалыптастыру үшін Анкарада бас қосты.

«Түркі әлемінің бағдары-2040» деп аталған  форумға түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің өкілдері қатысты. Қазақстандық делегацияны еліміздің Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов бастап барды. 

Әлемдік ақпарат айдынында дезинформация қауіпті құралға айналды. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа қатер төндіреді. Осылай деген Түркия Президенті Әкімшілігі жанындағы коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран түркі елдерін бірлесіп әрекет етуге шақырды.

Бурханеттин Дуран, Түркияның коммуникациялар басқармасының басшысы:

- Өкінішке орай, түркі мемлекеттерінің халықаралық беделі, ортақ ұлттық сана, өзара ынтымақтастық механизмдері мен аймақтық бірлігі дезинформациялық шабуылға ұшырап отыр. Сондықтан біз түркі халықтарының бір-бірін тереңірек танып, түркі әлемінің халықаралық аренадағы ортақ нарративін қалыптастыру үшін күш біріктіруіміз қажет.

Форумда түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдерден 50-ге жуық сарапшы мен медиа саласының басшылары бас қосты. Олар ақпарат ағынын жайлаған жалған мәліметке қарсы күрестің нақты шешімдері мен тиімді тетіктерін ұсынды.

Өмер Коджаман, ТМҰ Бас хатшысының орынбасары:

- Бұл форумда айтылған идеялар мен ұсыныстар жаңа жобалар мен механизмдер құруға негіз болады. Сонымен қатар түркі елдерінің бірлігі мен бауырластығына қарсы бағытталған кез-келген дезинформациялық әрекетке төтеп бере алатын тетіктер қалыптастыруымыз қажет.

Жиында түркі мемлекеттерінің мәдени кеңістігіндегі ақпараттық теңсіздік мәселесі де көтерілді. Сарапшылар бұл түйткілді өзара ынтымақ арқылы шешуге болатынын айтады.

Сұлтан Раев, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы:

- Түркі әлемінде қоғамдық пікір қалыптастыратын медиа ұйымдардың мүмкіндігі бірдей емес. Міне осындай ынтымақтастық арқылы біз осы айырмашылықты жоя аламыз. Тәжірибе мен білім алмасу олқылықтың орнын толтыра алады.

Форумға арнайы қатысқан еліміздің Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов қоғамға төнген ақпараттық қауіпке қарсы тұру үшін мемлекеттер арасында жүйелі іс-қимыл қажет екенін атап өтті.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

- Ең басты үш тәсіл бар. Ең алдымен, ол, әрине медиасауаттылық. Біздің халқымызға азаматтарымызға керек әрдайым біз жеткізіп тұру керек. Екінші тәсіл, ол әрине медиабасшылардың бірге жұмыс жасауы.Үшінші бағыт ол мемлекеттік саясат, яғни мемлекеттік органдар. Жалған ақпаратты дер кезінде жоққа шығару.

Қазақстандық медиа да бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Еліміздегі жетекші ақпараттық арна 24KZ телеарнасы дезинформацияға қарсы арнайы жобаларды іске асырып, халықаралық серіктестік аясын кеңейтуде.

Талғатбек Әбдіқожаев, 24KZ телеарнасы:

- «Хабар» агенттігі Әзербайжанның Баку Тв, Репорт деген сияқты белді ақпарат агенттіктерімен меморандумға отырған. Және алдағы уақытта қазір, мысалы, Қырғызстанның ұлттық телерадиокорпорациясымен меморандумға отыру туралы жоспарланып жатыр.

Дезинформацияға қарсы күрес тек бірлесе әрекет еткенде ғана нәтижелі болмақ. Сарапшылар осындай пікірде тарқасты. Ал Анкарадағы форум осы ұстанымның нақты қадамына айналды.

Ә.Нұрлыбаева, Ж.Сүйіндіков

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 20:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары