Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

Камералар енді жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды алғашқы нәтижелер жарияланды

Атырауда үш күнге ыстық су тоқтатылады

Екі облыста көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

Щучинскідегі жарылыс 11 адамның өмірін қиды: қаза тапқандардың отбасыларына қандай төлемдер берілді?

Индер ауданында 1 млрд 445 млн теңгелік спорт кешені мерзімінде тапсырылмады

Қарызға белшесінен батқан адамдар не себепті банкрот болуға асықпайды

Балқаштан Алматы мен Астанаға жаңа әуе рейстерінің билеті қанша тұрады

Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты

Заңғар Нұрланұлы туған жерінде шеберлік сағатын өткізді

Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатыр

Көл, бассейн, сауна. Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияның қазіргі жай күйі қандай?

Кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы

Бибисара Асаубаева әлем чемпионаты үшін ойнайтын матчқа бір қадам қалғанда тоқтады

Түркиямен өзара сауданы арттыруға мүдделіміз Олжас Бектенов

Бейсенбі күні Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Түркі әлемі: Аналардың тілегі бір

Түркі әлемі: Аналардың тілегі бір

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биыл Ақтау қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған соң, онда түркі елдерін байланыстыратын іс-шаралар көптеп өткізіле бастады. Солардың бірі – 15-16 мамырда Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдері өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің «Ана. Қоғам. Болашақ» атты халықаралық форумы. Аталған жиында көтерілген мәселелерді саралай сөйлегенде Сабри Альптекин түркі халықтарының тамыры бір, мәдениеті ортақ, тілі ұқсас екенін айта келіп, бізді әлі де жақындастыра түсетін жобалардың керек екенін, соның ішінде, қоғамдық негізде халықаралық аналар ұйымы құрылуының маңызын атап өтті.

Бұлай деуінің негізі де бар еді. Мақтаныш емес, шындық: ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай заман дерті 5 кеселге қарсы күрес жүргізуге орай қоғам мен билікті жұмылдырған біздің «Салауатты сана» жобамызға қонақтар таңғалды. Қай елдің өкілі сөйлесе де, мұндай кеселдер бізде де бар деп, бірақ оны еңсеру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыста Қазақстанның аналарынан үлгі алуға әзір екенін айтып жатты. Міне, сол жарыссөздерде де Бас консул мырзаның сөзін тілге тиек етіп, түркі әлемі аналарының бірігуі, тәжірибе алмасуы заман талабы екені бірнеше мәрте қайталанған болатын.

Сұрастырсақ, бір кеңестік кеңістіктен шықсақ та елдерімізде аналар арасындағы жұмыс бірдей емес екен. Мұны әзербайжандықтар ашық айтып, бірден біздің форматқа қызығушылық танытты. Қырғызстан мен Өзбекстанда аналар түрлі бағыт бойынша ұйымдасқан. Түркияда да біздің Аналар кеңесі сияқты тұтас ел аумағында жұмыс істейтін қоғамдық ұйым жоқ болып шықты. Олар қазақстандық ұйымның құрылымы, мақсаттары туралы егжей-тегжейлі сұрастыра келе, бүкіл түркі әлемінде аналарға мазмұны жағынан осындай қоғамдық бірлестік қажет деген ой туындаған болуы керек.

Тұқым құнарлы жерге түссе, көктеп-көгеретіні сияқты сөз де ойы, ниеті түзу адамдардың жүрегіне жетсе, игі бастамаларға ұласады. Бұл жолы идеяны іске асыру үшін Қазақстанның Түркия Республикасындағы елшілігі мен Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) қолдау көрсетіп, TÜRKTAV – Түрік тарихы мен мәдениетінің қоры, Алматы облысындағы «Анаға құрмет» музейі, еліміздің Ұлттық музейі,  ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы бірлесе «Түркі әлемінің аналары» атты жобаны қолға алыпты. Солардың шақыруымен 18-21 қараша арасында Аналар кеңесінің бір топ мүшесі Анкарадағы іс-шараларға қатысып қайттық. Ұйымдастырушылардың жоба шымылдығын Қазақстан ашатынын, басқа елдер жоспарлы түрде жалғастыратынын айтуы мерейімізді өсірді. 

Алғашқы іс-шараның Олжас Сүлейменовтің шығармашылық мұрасына арналуы халқымыздың «Батыр да, ақын да анадан туады» деген нақылын ойымызға оралтты. Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) штаб-пәтерінің салтанат залында «Олжас Сүлейменов. Масштаб. Планета. Жер» атты халықаралық көрме ашылып, салтанатты жиын ақынның бейне құттықтауымен басталды.

Түркиядағы жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бас қосқан жиынға ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы, Қырғыз Республикасының халық жазушысы Сұлтан Раев қатысты. Бауырлас елдің беделді қаламгері қазақтың көрнекті ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовті «түркітану әлеміндегі құбылыс» деп биік бағалап, оның шығармашылық және қоғамдық тұлғасы туралы кеңінен толғанды. Сұлтан мырзаның қазақша сөйлегенін, өзі айтқандай, «планетарлық ауқымдағы» ұл туған қазақ еліне деген құрметі деп қабылдадық.

Одан кейін Олжас Сүлейменов феномені туралы ғылыми баяндамалар жасалып, естеліктер айтылды. Маған да Қазақстан делегациясының атынан адамдар аналарынан бірдей болып туғанмен, келе-келе солардың арасынан рухының биіктігі, ғажап таланты, зор таным қабілетінің арқасында айналасын өзгерте алатын адамдар шығатыны, сондай пассионар тұлғалардың бірі, шығармашылығымен «тауларды аласартпай даланы асқақтатуға» шақырып келе жатқан тұлға, қазақ халқының перзенті Олжас Омарұлы Сүлейменов туралы сөз сөйлеп, ақынның өзі аударған өлеңдерін оқып беру бұйырды.

Түстен кейін жиын «Түркі әлемінің аналары: дәстүр және қазіргі заман» атты халықаралық дөңгелек үстелге ұласты. Бұл мазмұны біздің елде бірнеше жыл бойы жүргізіліп келе жатқан «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» идеясына ұштасатын, ұрпақты ынтымақ, бірлікке тәрбиелеуді үндейтін іс-шара еді.

Түркітілдес елдердің бірлігіне қатысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Түркі әлемі» брендін насихаттауға шақырамын» деген сөзі бірнеше рет қайталанды. Түркия Президенті Режеп Ердоған: «Түркі әлемі – біздің өзара әрекеттестігіміздің мәдени бірлігі мен стратегиялық формасы» деген екен. Бұл сөздер осы күндері өткізілген іс-шаралардың идеологиялық негізі, тақырып арқауы ретінде алыныпты.

Жаһандану барша әлемге жақсыны да, жаманды да таратып жатыр.  Мысалы, демографиялық ахуалдың нашарлауы туралы айтылса, әдетте батыс елдері мысалға келтірілетін. Осы жиында дәстүрлі түрде көпбалалы түркі отбасыларында туу көрсеткіші жыл сайын төмендеп бара жатқаны сөз болды. TurkStat мәліметтері бойынша, 2023 жылы мұндағы бала туу көрсеткіші 1,51-ге дейін төмендеген.  

Өз сөзінде Түркияның Отбасы және әлеуметтік қорғау вице-министрі Леман Йенигүн ханым мұндай демографиялық жағдай Түркия билігін алаңдатып отырғанын, оны еңсеру үшін тиісті шаралар қолға алынып жатқанына тоқталды. Отбасы институты мен демографиялық саясат кеңесінің құрылуы солардың бірі екен. Бұл кеңестің «демографиялық құрылымдағы өзгерістерді үйлестіру, бақылау және бағалау, демографиялық саясатты әзірлеу және тиімді іске асыруды қамтамасыз етуді» мақсат ететіні атап көрсетілген.  

Мәселенің өзекті екендігін Түркияда 2025 жылдың «Отбасы жылы» деп жарияланып, президент Режеп Ердоғанның бірқатар бастама ұсынуы да аңдатқандай. Бастамалардың бірі некеге тұрған жастарға пайызсыз несие беру. Несие сомасы 150 000 түрік лирасын (шамамен 2,3 млн теңге) құрап, 48 айға беріледі екен. Бастаманы жария еткенде Түркия президенті бұл шаралар отбасылардың әл-ауқатын жақсартуға, жас ата-аналарды қолдауға және бала туу көрсеткішін арттыруға бағытталғанын атап өтуіміз керек.

Жиын тізгінін Назипа Шанаи ұстап, дөңгелек үстел тақырыбы бойынша Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері ой бөлісті. Олардың ішінде Салтанат Әшімова, Нышангүл Қаратаева, Лачин Овазгельдиева, Решиде Юксель, Үмітхан Мұңалбаева, Чинара Мамбеталиева, Махбуза Мусаева және түркі елдерінің ғылыми және қоғамдық ұйымдарының басқа да өкілдері бар. Сөз сөйлеушілер өз елдеріндегі жетістіктерді де, шешілуі күрделі мәселелерді де айтып өтіп, халықаралық тәжірибеге қызығушылық танытты.

Модератор сөзін қай елде де ананың ұлттық, отбасылық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіріп, ізгілікті, мәдениетті алға апарудағы маңызды тұлға екенінен бастап, жиын бойы тақырыптың алтын арқауын ұстады. Сөз реті келгенде бүгінгідей геосаяси ахуал шиеленіскен уақытта аналардың ауызбіршілігі ауадай қажет екеніне назар аударта отырып, Ақтауда айтылған ұсынысты еске салды. Бұл ұсынысты жиынға қатысқан Түркия Президенті Режеп Ердоғанның көмекшісі, көпбалалы ана Шезия ханым, Түркияның Әділет және Даму партиясы төрағасының орынбасары Решидэ Юксел, Түркияның Отбасы және әлеуметтік қорғау вице-министрі Леман Йенигүн ханымдар жылы қабылдап, түбі бір түркі аналарының байланысын нығайтуға ықыласты екенін білдірді.

Сол күні сөз алған аналардың қай-қайсысы да «Ұрпақ тәрбиесінде шекара жоқ. Әр ел аналарының озық ойлары, биік ұстанымдары, құнды тәжірибесі ортақ игілікке айналуы керек» десті.

Келесі күні Аналар кеңесінің мүшелері іссапар жоспарындағы үшінші үлкен іс-шара «Түркі әлемінің аналары» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Көрме өткен мен болашақты сабақтастыра отырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани мұраттарды паш етуге арналған. Ана бейнесі бұл тұрғыда – түркі халықтарының гуманитарлық бірлігін нығайтатын әмбебап мәдени код. Анкара муниципалитетінің қалалық кеңесі ғимаратында  өткен өзгеше көрмені ұйымдастыруға еліміздің Ұлттық музейі (Ақмарал Ибраева) қолдау көрсетіп, Алматы облысы Райымбек ауылындағы «Анаға құрмет» музейі (Гүлнәр Әбіш), ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы (Салтанат Әшімова, Үмітхан Мұңалбаева) көп еңбек сіңіргенін айту парыз.  

Көрмеге Түркі дүниесі мен халқымыздың тарихында із қалдырған әйелдер: танымал тұлғаларды дүниеге әкелген аналардың, өнер, мәдениет пен ғылым әлемінің көрнекті тұлғасына айналған әйелдердің портреттері қойылды. Сондай-ақ 100-ден астам ерекше жәдігерлер: артефактілер, тарихи фотосуреттер, мемлекет пен қоғамға аты танымал әйелдер туралы жазылған кітаптар, әйелдерге арналған сәндік бұйымдар келушілер назарына ұсынылды. Көркем инсталляциялар арқылы ана бейнесін өмірдің, сұлулық пен руханияттың сақтаушысы ретінде бейнеленген туындылар да таныстырылды.

Көрме жұмысы Түркия мен Қазақстанның мемлекеттік гимндерімен басталды. Түрлі ұлт өкілдері көрме лентасын қиып, ресми құттықтаулар айтылғаннан кейін түркі халықтарына ортақ Ұмай ананың бейнесіне арналған театрландырылған қойылым көрсетілді. Ақ кимешекті ананың ақ батасымен «Түркі әлемінің аналары» көрмесінің алғашқы экспозициясы ашылды. Көрмеде бейресми, жаймашуақ жағдайдың орнауына біздің аналардың дастарқан жайып, елден апарған ұлттық тағамдарды ұсынуы әсер еткені сөзсіз.

Осы жерде бір қызық жағдай болды. Қазақ әжесінің образына сай кимешек киіп жүрген маған бір түрік жігіті келіп: «Сәлеметсіз бе? Мен – күйеу бала», деді. Өзінің Түркия мемлекеттік «MUNABIRI» телерадиокешенінің қызметкері Огунай Косе екенін айтты. Қазақша сөйлеп тұр. Қасында тағы екі  кісі бар, олар да ауызекі тілде әжептәуір сөйлейді екен. Бәрін ертіп, көрмені аралаттым.

Ел билеген Сүйінбике, Бопай ханым, Айғаным ханша, өнерімен тамсандырған күйші Дина, ақын Сара, әнші Жамал, еңбегімен ер атанған күріш өсіруші Сәлима Жұмабекова, механизатор Кәмшат Дөненбаева, Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал әйел Сәуле Айтбаева сынды басқа да тарихи тұлғалардың кім екенін айтып тұрып,  кеудемді мақтаныш кернеді. Осы көрме аналарымыздың асқақ рухын, елдің жарқын болашағы үшін еткен еңбегін ұлықтайтынына қуандым. Келесі бөлім осындай халқымыздың бірегей тұлғаларын дүниеге әкелген аналардың бейнесіне арналған болатын.

Осы бөлімді аралап келе жатқанымда бір ой келді. Түсіндіре кетейін.

Қандай мемлекетте болмасын билік органдарына кездейсоқ келген кейбіреулердің шалыс қадамдары бүкіл жүйеге көлеңкесін түсіретін оқиға болып жатады. Ол біздің қоғамда да бар. Міне, сондайда мәселенің ақ-қарасы ашылмай жатып, әлеуметтік желі гу-гу әңгімеге толып кетеді. Кейбіреулер биік лауазымдағылар қолына алтын қасық ұстап туып, жібек жөргекке оранып өскендей түсінік қалыптастыруға ұмтылатыны байқалады. Сөйтіп, ашкөз, дөрекі, біліксіз біреулердің кесірі бүкіл мемлекеттік қызметшілерге, солардың арасынан өсіп шыққан жоғары лауазым иелеріне тиеді. Бұл – түптің  түбінде мемлекеттік қызметтің абырой-беделіне нұқсан келтіретін жай. Ширек ғасырдан астам сол салада қызмет еткендіктен ондай «жаптым жала, жақтым күйе» сөздерді өз басым қабылдай алмаймын.

Өйткені, шын мәнінде олай емес... Көрмеде мемлекеттің дамуына еңбек сіңірген біраз кісінің анасы бейнеленген портреттер қойылыпты. Әрқайсына үңіле қарап, өзім қызметтес болған, сөзін аударған, сыйласқан адамдардың бейнесін көргім келді. Қарапайым қазақ аналарының ойлы, шаршаңқы, мұңлы бейнелеріндегі бір ортақ штрих жүздерінде тұнған мейірім, көздеріндегі алаңдаушылық назар аудартты. Барша ана солай баласының өмірі үшін, ұрпағының, елінің ертеңі үшін алаңдайды ғой.

Міне, Айсәуле ана – баласы заңғар жазушы, Жоғарғы кеңес төрағасы, сенатор, Мемлекеттік хатшы болған, Фатима ана – баласы бүкіл адамзатқа қатер төндіретін ядролық қарудың қолданылуына қарсы күрескен, Айша ана – баласы бірегей бас редактор, жазушы, депутат болған, Күлиман ана – баласы отбасындағы 10 ұл-қыздың бірі боп өсіп, мемлекет және қоғам қайраткері болған, Мағрипа ана – баласы генерал, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болған, Тұрар ана – баласы халықаралық ұйым басшысы, ел президенті болып отыр, Сонымбүбі ана – баласы ұлттық қауіпсіздік саласын дамытуға үлес қосқан генерал-лейтенант болған, Бибіш ана – баласы бірнеше облысты басқарған, Әтіш ана – баласы еліміздің заңнамалық базасын қалыптастыруға зор еңбек сіңірген... Солай жалғаса береді.

Аналардың портреттерін жағалап келе жатқанымда «Мұндай іс-шараны Мемлекеттік қызмет агенттігімен бірлесе өткізсе, қоғамда мемлекеттік қызметтің оң имиджін орнықтыруға, абырой-беделінің өсуіне әсер етер еді» деген ой келді. Өйткені жоғарыда аналарының есімдері аталған (бәрін тізе алмадым) тұлғалардың бәрі де – тағдырдың бар қиындығын: жетімдікті, жоқшылықты, қудалауды көре жүріп шыңдалған жандар. Олар өздері көрген теперішті басқаның бастан кешпеуі үшін күрескен, адал қызмет етіп, әулетінің ғана емес, елінің ұлдарына айналған тұлғалар.

Қасымдағы кісілер көбірек білгісі келіп, сұрақ қойып, өзара талқылап келеді. Осыған байланысты көрмені ұйымдастырушылар ұсынылған жұмыстардың қасына шағын түсініктеме жазып қойса, келушілер молырақ ақпарат алар еді деген де ой келді.

Көрменің шырқау шегіне жеткен тұс – ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері ананы бейбітшілік, мейірім, ынтымақ пен жасампаздықтың символы ретінде танытатын «Ақ жаулық» жобасының мәнін түсіндіріп, көрмеге келген әйелдердің иықтарына қазақтың тотемдік таңбалары салынған ақ орамал жабуы болды. Ақ орамал бізді тіпті жақындатып жібергендей: әйелдер бастарына тартып, мойындарына орап алып, топ-топ болып суретке, видеоға түсіп, жақындарына жіберіп жатты. Сол жерде жергілікті ер-азаматтар біздің делегация мүшелерінен «анама апарайыншы», «қызыма берейінші» деп орамал сұрап алып жатқаны бір сүйсінтіп, орамалдағы суреттерді айналдыра қарап, танып, талқылап тұрғандарын көру одан бетер қуантты.

Көңілге қуаныш сыйлайтын тағы бір сәт – Анкара сапарының екі ел президенттері жүргізіп отырған түбі бір түркі жұртының бірлігі мен ынтымақтастығын арттыруға бағытталған саясатымен үндесуі, игілікті саясатты іске асыру жоспарының түркі әлемі аналарының басын біріктіріп, ұрпақ болашағын көздейтін іс-шаралармен толығуы, Қазақстан аналары бастама жасаған, қолдау көрсеткен іс-шаралардың мазмұны мен тағылымы қатысушылардың биік бағасын алуы. Түркиядағы тәжірибе алмасу біздің Аналар кеңесі қоғамдағы кейбір мәселелердің алдын алу үшін бауырлас мемлекеттердегі аналарға үлгі бола алатынын да көрсетті.

Бұл елімізде айтылған ізгі ойды басқалар ықыласпен қабыл алғанына, жақсы бастаманың жолы жарқын екеніне көзімізді жеткізген сапар болды. Түркі әлемі аналарының ынтымағын көксеген идеяларымызға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымынан бастап бірнеше мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қолдау көрсетуі – соның дәлелі. Осылайша, басты идеямыз – ана бейнесін түркі халықтарының тарихы, тілі, дәстүрі мен мәдениетін біріктіретін қасиетті символ ретінде көрсету мақсатымыз орындалып, елге мерейіміз өсіп оралдық.

Камал ӘЛПЕЙІСОВА,

республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары,

жазушы, филология ғылымдарының кандидаты

Астана – Анкара – Астана

Соңғы жаңалықтар

Ертіс ауылында жеке тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті: 2 бала қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 14:22

Сыртқы істер министрлігі Қара теңізде болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 14:13

Жезқазғанда Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына 300 млн теңге бөлінді

Аймақтар • Бүгін, 14:00

Десте дәріс: Эстетика есте жүрсін

Өнер • Бүгін, 13:00

Діни басқарма жанынан Ислам қаржысы секторы ашылады

Қоғам • Бүгін, 12:53

Қарағандыда жүргізуші көлігінен ақбөкеннің өлексесі табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:46

Мемлекет басшысы FIS президенті Йохан Элиашты «Достық» орденімен марапаттады

Президент • Бүгін, 12:20

«Каспий» мен «Жетісудың» бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамс қайтыс болды

Футбол • Бүгін, 12:15

Қазақстан дипломымен қай елдерде жұмыс істеуге болады?

Білім • Бүгін, 12:08

Ұлттық ұлан сарбазы 7 тілді жетік меңгерген

Әскер • Бүгін, 11:51

Күніне 150 жалған пациент: Елордалық клиника басшысы қор қаржысын қалай жымқырған?

Оқиға • Бүгін, 11:40

Қарағандыда автобуста қалта ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Оқиға • Бүгін, 11:33

Жапония мен Оңтүстік Корея көшбасшылары барабанда бірге ойнады

Әлем • Бүгін, 11:22

Ұландықтар суық қару ұстаған тұрғынды қолға түсірді

Аймақтар • Бүгін, 11:13

Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Аймақтар • Бүгін, 11:05

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 15:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

15 Сәуір 2026 03:44see119

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

15 Сәуір 2026 13:01see115

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

15 Сәуір 2026 13:16see115

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

14 Сәуір 2026 23:41see114

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

15 Сәуір 2026 11:27see114

Камералар енді жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды алғашқы нәтижелер жарияланды

15 Сәуір 2026 17:20see113

Атырауда үш күнге ыстық су тоқтатылады

16 Сәуір 2026 00:52see111

Екі облыста көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

16 Сәуір 2026 05:52see110

Щучинскідегі жарылыс 11 адамның өмірін қиды: қаза тапқандардың отбасыларына қандай төлемдер берілді?

15 Сәуір 2026 09:42see109

Индер ауданында 1 млрд 445 млн теңгелік спорт кешені мерзімінде тапсырылмады

16 Сәуір 2026 12:18see109

Қарызға белшесінен батқан адамдар не себепті банкрот болуға асықпайды

15 Сәуір 2026 19:58see109

Балқаштан Алматы мен Астанаға жаңа әуе рейстерінің билеті қанша тұрады

15 Сәуір 2026 17:18see109

Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты

15 Сәуір 2026 17:50see108

Заңғар Нұрланұлы туған жерінде шеберлік сағатын өткізді

15 Сәуір 2026 00:16see108

Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатыр

14 Сәуір 2026 23:31see108

Көл, бассейн, сауна. Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияның қазіргі жай күйі қандай?

16 Сәуір 2026 09:24see108

Кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы

15 Сәуір 2026 08:43see108

Бибисара Асаубаева әлем чемпионаты үшін ойнайтын матчқа бір қадам қалғанда тоқтады

16 Сәуір 2026 02:46see107

Түркиямен өзара сауданы арттыруға мүдделіміз Олжас Бектенов

15 Сәуір 2026 14:45see107

Бейсенбі күні Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

15 Сәуір 2026 20:53see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары