Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың жұмысын жоғары бағалаймыз ЮНЕСКО өкілі

Моңғолия БҰҰ Статистикалық комиссиясының мүшесі атанды

QAZMEDFEST 2026 республикалық фестиваліне мыңнан астам жас қазақстандық қатысты

НАТО ның бұрынғы шенеуніктері: АҚШ тың альянстан шығуы екіталай

ІІМ де ARLAN спорт клубы құрылады

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 10 сәуір

Қызылордада қызметтік иттердің көмегімен 83 қылмыс ашылды

Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады

Қазақстан келесі жылы үш отандық спутникті ұшырады

Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан Суданда ауызсу тапшы болып барады

Израиль құрлықта ілгерілей алмай жатыр Хезболла жетекшісі

Аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Шымкент зообағы қазақстандықтарды кенгуру төліне ат таңдасуға шақырды

Қамшыбек Қоңқабаевтың Англиядағы жекпе жегі қай күні өтетіні айтылды

Қазақстандық әлем чемпионы камбэк жасап, 2026 жылғы Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды

Каспий жобасы үшін БАӘ ден теңіз қондырғылары сатып алынды

2040 жылға қарай 33 ел, соның ішінде Түркия да су тапшылығына ұшырайды

Украина Пасха мерекесіндегі бітімгершілікті қолдады

Қытайға визасыз кірген шетелдіктер үлесі 77,9% ға жетті

Екі айда 200 рет өшті: ШҚО тұрғындары электр жарығы жиі өшетіндігіне шағымданды

Мажарстандағы парламент сайлауы: ЕО, түркі әлемі және Қазақстан үшін ықтимал өзгерістер

Мажарстандағы парламент сайлауы: ЕО, түркі әлемі және Қазақстан үшін ықтимал өзгерістер

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мажарстан парламентінің құрылымы қандай

Мажарстан парламенті – Мемлекеттік жиналыс – бір палатадан тұратын заң шығарушы орган. Оның құрамына төрт жыл мерзімге сайланатын 199 депутат кіреді.

Сайлау аралас жүйе бойынша өтеді. Оның ішінде 106 депутат бірмандатты округтерде салыстырмалы көпшілік дауыспен сайланады, ал тағы 93 депутат бірыңғай ұлттық округ бойынша партиялық тізім арқылы өтеді.

Парламентке өту үшін партиялар 5% межеден өтуі тиіс. Бұл талап бірмандатты округтерде сайланатын кандидаттарға қолданылмайды.

Мемлекеттік жиналыс президенттің ұсынысымен премьер-министрді сайлайды. Әдетте бұл қызметке парламентте көпшілікке ие партияның жетекшісі немесе коалиция құра алатын саясаткер келеді.

Қазіргі премьер-министр Виктор Орбан бұл лауазымды 2010 жылдан бері атқарып келеді.

Алдағы сайлауға шамамен 7,8 млн азамат қатысады деп күтіліп отыр.

Сайлауға қандай партиялар қатысады

Сайлауға ресми түрде Fidesz және Tisza партиялары, сондай-ақ бірқатар өзге саяси күштер қатысады.

Олардың қатарында «Mi Hazánk» («Біздің Отан») партиясы бар. Оның жетекшісі – Ласло Тороцкаи. Бұл – радикалды оңшыл, ұлтшыл бағыттағы партия.

Сондай-ақ Демократиялық коалиция сайлауға қатысады. Партияны Клара Добрев басқарады. Бұл – солшыл-орталық бағыттағы, еуропашыл оппозициялық күш. Аталған партияны бұрынғы премьер-министр Ференц Дюрчань құрған.

Бұдан бөлек, либертариандық бағыттағы әзіл-сықақ сипаттағы «Екіқұйрықты иттер партиясы» да сайлауға қатысады.

Ал Jobbik, LMP, Momentum, MSZP (социалистер) және Párbeszéd сияқты өзге партиялар не жалпыұлттық тізім ұсынуға жеткілікті қол жинай алмады, не оппозициялық электораттың бөлшектенуін болдырмау үшін бірмандатты округтерде Tisza партиясының пайдасына қатысудан саналы түрде бас тартты. Сондықтан олар жекелеген кандидаттар ұсынғанымен, партиялық тізімсіз парламентке өту мүмкіндігі өте төмен болып отыр.

Қатысушылар көп болғанымен, негізгі бәсеке қазіргі премьер-министр Виктор Орбан жетекшілік ететін Fidesz партиясы мен оппозициялық Tisza партиясының көшбасшысы Петер Мадьяр арасында өтеді деп күтіледі.

Әлеуметтік сауалнамаларға сәйкес, негізгі қарсыластар арасындағы айырмашылық мардымсыз. Бұл сайлау нәтижесін алдыңғы жылдармен салыстырғанда болжауды қиындатады.

Коллаж: Kazinform / Facebook/Peter Magyar

Виктор Орбан 1963 жылы Секешфехервар қаласында дүниеге келген. 1980-жылдардың соңында ол Fidesz ұйымының негізін қалаушылардың бірі болды. Ол кезде бұл ұйым либералды бағыттағы жастар қозғалысы еді. 1989 жылы Имре Надьді қайта жерлеу рәсімінде сөйлеген сөзінен кейін кеңінен танылды. Сол жиында ол кеңес әскерін елден шығару және еркін сайлау өткізу қажеттігін ашық айтты.

1993 жылы ол Fidesz партиясының басшысы болып сайланды. Кейін бұл партия біртіндеп оңшыл консервативтік бағытқа өтті. 1998 жылы 35 жасында Мажарстан тарихындағы ең жас премьер-министр атанды. 2002 және 2006 жылдардағы сайлауда жеңіліс тапқанымен, 2010 жылы билікке қайта оралды. Содан бері үкіметті басқарып, 16 жылдан бері премьер-министр қызметін атқарып келеді.

Ішкі саясатта В. Орбан ұлттық егемендікке, дәстүрлі христиандық құндылықтарға және отбасы институтын қолдауға басымдық береді. Сонымен қатар миграцияға және либералдық күн тәртібіне қарсы ұстанымымен белгілі. Халықаралық деңгейде Брюссель саясаты мен Батыс бағытына қатысты сыни пікірлерімен ерекшеленеді.

Оның негізгі қарсыласы – Петер Мадьяр. Ол 1981 жылы Будапештте дүниеге келген. Заңгер мамандығын меңгерген. Петер Пазмань католик университетінің заң факультетін тәмамдап, кейін Берлин мен Гамбург қалаларында білімін жетілдірген.

Еңбек жолында Мажарстан Сыртқы істер министрлігінде, Еуропалық одақтағы тұрақты өкілдікте, премьер-министр әкімшілігінде қызмет атқарған. Сондай-ақ мемлекеттік қаржы институттарында басшылық қызметтерде болған.

2024 жылдың ақпан–наурыз айларында педофилия ісіне байланысты рақымшылық беру төңірегінде туындаған дау-дамайдан кейін П. Мадьяр В.Орбан командасымен байланысын жария түрде үзді.

Қазіргі таңда ол TISZA партиясының негізін қалаушы әрі жетекшісі. Сонымен қатар 2024 жылдан бері Еуропалық парламент депутаты. Саясаткер өзін жұмсақ консерватор, еуропалық интеграцияны қолдаушы және жемқорлыққа қарсы күресуші ретінде таныстырады.

Негізгі кандидаттардың айырмашылықтары

Сайлаудың негізгі фавориттері – Виктор Орбан мен Петер Мадьяр. Олардың ұстанымдары арасында елеулі айырмашылық бар. Бұл айырмашылықтар Мажарстанның ішкі және сыртқы саясатына тікелей әсер етеді.

Петер Мадьяр еуропалық бағытты қолдап, Еуропалық одақпен ықпалдастықты тереңдетуді жақтайды. Ал Виктор Орбан, керісінше, ұлттық егемендік пен дәстүрлі христиандық құндылықтарға басымдық береді. Сондай-ақ Брюссель ұсынатын либералдық күн тәртібін сынайды. Оның негізгі саяси ұстанымы – «Мажарстан бәрінен жоғары».

Соңғы жылдары В. Орбан Еуропалық одақ институттарымен келіспеушіліктерге жиі барып, бірқатар шешімдерді бұғаттап келеді. Ол Брюссель саясатын ұлттық егемендікке қауіп ретінде бағалайды.

Айырмашылықтар басқару тәсілінде де көрінеді. В. Орбан ішкі үдерістерге, соның ішінде экономика мен медиа саласына қатаң бақылау жүргізеді. Ал П.Мадьяр басқарудың либералдық үлгісін қолдап, еуропалық нормалар мен институттарды дамытуға басымдық береді.

Фото: Anna Szilagyi

Осы тұрғыдан алғанда, В. Орбанның жеңісі ұлттық мүдделерге басымдық беретін бағыттың сақталуын және сыртқы саясаттағы дербестіктің күшеюін білдіруі мүмкін. Ал Tisza партиясының табысы Мажарстанның Еуропалық одақтың ортақ бағытына жақындауына және Брюссель саясатына бейімделуіне алып келуі ықтимал.

Мажарстандағы парламент сайлауына халықаралық деңгейде де назар аударылып отыр. Соның ішінде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің елге сапары ерекше талқыланды. Сапар барысында ол В.Орбанды ашық қолдады.Бұл қадам бірқатар еуропалық саясаткерлер тарапынан сайлау үдерісіне ықпал ету әрекеті ретінде бағаланды. Сондай-ақ оны Вашингтон мен дәстүрлі трансатлантикалық серіктестер арасындағы келіспеушіліктің белгісі деп бағалағандар да бар.

Сайлау нәтижесі Еуропалық одақ үшін де маңызды болмақ. В. Орбан бұған дейін бірнеше рет вето құқығын пайдаланып, соның ішінде Украинаға қаржылай қолдау көрсету мәселелерінде Брюссель ұстанымына қарсы шыққан. Себебі ЕО-ның сыртқы саясаттағы негізгі шешімдері бірауыздан қабылданады.

Егер П. Мадьяр жеңіске жетсе, Еуропалық одақта шешімдерді жедел қабылдау мүмкіндігі артуы мүмкін. Ал В. Орбан билікте қалса, ұйым ішінде дауыс беру тәртібін реформалау жөніндегі пікірталас күшеюі ықтимал. Атап айтқанда, бірауыздылық қағидатынан білікті көпшілікке көшу мәселесі қайта қаралуы мүмкін. Бұл Будапешттің кей шешімдерге кедергі келтіру мүмкіндігін шектеуге бағытталуы ықтимал.

Әлеуметтік сауалнамалар әртүрлі нәтижелер көрсетіп отыр. Бұл зерттеу орталықтарының саяси ұстанымына байланысты болуы мүмкін.

Оппозицияға жақын орталықтар (Medián, Závecz Research, 21 Kutatóköзpont, Publicus, Iránytű) Tisza партиясының шамамен 10% басымдықпен алда екенін көрсетеді.
Ал билікке жақын зерттеу құрылымдары (Nézőpont, Alapjogokért Központ, XXI. Század Intézet) Fidesz–KDNP коалициясына қолайлырақ нәтижелер ұсынады.

Осыған байланысты сайлау қорытындысы қай сайлаушылар тобының белсендірек болатынына, сондай-ақ ішкі және сыртқы факторлардың ықпалына байланысты болмақ.

Мажарстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы бақылаушы рөлі

Мажарстандағы парламент сайлауы елдің сыртқы саясатының жекелеген бағыттарына да әсер етуі мүмкін. 2010 жылдан бері Виктор Орбан «Шығысқа ашылу» саясатын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта түркі әлемімен ынтымақтастыққа ерекше мән берілген.

Мажарлар финно-угор тіл тобына жатқанына қарамастан, олардың тарихи дамуы түркі көшпелі халықтарымен тығыз байланысты. IX ғасырда Карпат ойпатына қоныс аударғанға дейін олар ұзақ уақыт бойы түркі тайпаларымен бірге өмір сүріп, мәдениет, тұрмыс және әскери іс салаларындағы тәжірибені қабылдаған.

Бүгінде Мажарстан түркі елдерімен саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты белсенді дамытып отыр. 2018 жылдан бері ел Түркі мемлекеттері ұйымында бақылаушы мәртебесіне ие. Ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше. 2019 жылы Будапештте ұйымның өкілдігі ашылды.

Виктор Орбан бұл бағыттың маңызын бірнеше рет атап өткен. Оның айтуынша, мажарлар «түркі халықтарының ортасында өзін еркін сезінеді», ал түркі әлемі қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастық кеңістігі ретінде қарастырылады.

2025 жылдың мамырында Мажарстан алғаш рет Будапештте Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін өткізді. Бұған дейін, 2024 жылдың қарашасында, Виктор Орбан Бішкекте Түркі әлемінің жоғары орденімен марапатталды.

Сонымен қатар, ел Түркі инвестициялық қорының мүшесі ретінде 100 млн АҚШ доллары көлемінде жарна салды. Соңғы 15 жылда түркі мемлекеттерімен тауар айналымы 350%-дан астам өсіп, 5 млрд АҚШ долларынан асты.

Фото: Midjourney

Өз кезегінде П. Мадьяр өз риторикасында түркі бағытына айтарлықтай мән бермейді. Ол Еуропалық одақпен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге және ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа басымдық береді.

Сонымен қатар, мажар саясаттанушыларының бағалауынша, 12 сәуірдегі сайлаудан кейін билік ауысқан жағдайда да түркі әлемімен ынтымақтастық сақталады. Себебі бұл бағыт Будапешттің прагматикалық мүдделеріне сай келеді.

Дегенмен, Мажарстанның Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы жұмысы бұрынғыдай саяси басымдыққа ие болмауы мүмкін. Бұл бағыт еуропалық саясатпен теңгерімді түрде жүргізілуі ықтимал.

Қазақстан мен Мажарстанның ынтымақтастығы

Виктор Орбанның премьер-министрлігі кезеңінде Мажарстан мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынас айтарлықтай жанданды. Бүгінде Будапешт Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. Әсіресе энергетика, логистика және қаржы салаларындағы ынтымақтастыққа басымдық берілген.

В. Орбан бірнеше рет Орталық Азия өңірі әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі екенін атап өткен.

Өз кезегінде Қазақстан Мажарстанды Еуропа мен түркі әлемінің арасындағы маңызды «көпір» ретінде бағалайды. Екіжақты қарым-қатынас стратегиялық серіктестік сипатқа ие және берік келісім-шарттық-құқықтық негізге сүйенеді.

Бұл бағытта сауда-экономикалық және құқықтық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар, сондай-ақ парламентаралық өзара іс-қимыл тетіктері маңызды рөл атқарады.

Қарым-қатынасты дамытуға жоғары деңгейдегі өзара сапарлар да елеулі серпін берді. Мәселен, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2025 жылғы 1–3 қазанда Астанаға Мажарстан президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келді. Ал бұған дейін, 2025 жылдың мамырында Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте Виктор Орбанмен келіссөздер жүргізген болатын.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық басым бағыттардың бірі болып отыр. 2024 жылы өзара сауда көлемі шамамен $200 млн-ға жетті. Ал 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында бұл көрсеткіш 22,1%-ға өсіп, $164,6 млн-нан асты.

Мажарстанның Қазақстан экономикасына салған инвестициялары $370 млн-нан асты. Қазіргі инвестициялық портфельде машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларын қамтитын жалпы құны шамамен $700 млн болатын 16 жоба бар.

Айта кетерлігі, Мажарстан 2014 жылы Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойған Орталық Еуропадағы алғашқы ел болды. Қазіргі уақытта Қазақстан–Мажарстан іскерлік кеңесі жұмыс істейді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында бірлескен тікелей инвестициялар қоры құрылған.

Сауда саласында да әлеует жоғары. Қазақстан Мажарстанға 95 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайтуға дайын.

Болашағы бар бағыттардың бірі – көлік-логистикалық ынтымақтастық. Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту көзделіп отыр. Сонымен қатар мажарлық L.A.C. Holding компаниясымен бірлесіп Будапештте интермодальды терминал салу жоспарланған.

Сарапшылардың пікірінше, екі ел арасындағы ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Сондықтан Мажарстандағы ішкі саяси өзгерістерге қарамастан, Қазақстанмен әріптестік экономикалық әрі гуманитарлық бағытта жалғаса береді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:67
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Сәуір 2026 19:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың жұмысын жоғары бағалаймыз ЮНЕСКО өкілі

09 Сәуір 2026 22:43see124

Моңғолия БҰҰ Статистикалық комиссиясының мүшесі атанды

09 Сәуір 2026 23:38see113

QAZMEDFEST 2026 республикалық фестиваліне мыңнан астам жас қазақстандық қатысты

10 Сәуір 2026 23:50see113

НАТО ның бұрынғы шенеуніктері: АҚШ тың альянстан шығуы екіталай

10 Сәуір 2026 03:59see112

ІІМ де ARLAN спорт клубы құрылады

10 Сәуір 2026 09:00see112

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 10 сәуір

10 Сәуір 2026 17:28see111

Қызылордада қызметтік иттердің көмегімен 83 қылмыс ашылды

10 Сәуір 2026 15:46see111

Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады

10 Сәуір 2026 14:24see110

Қазақстан келесі жылы үш отандық спутникті ұшырады

10 Сәуір 2026 11:49see110

Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан Суданда ауызсу тапшы болып барады

11 Сәуір 2026 00:09see110

Израиль құрлықта ілгерілей алмай жатыр Хезболла жетекшісі

11 Сәуір 2026 03:03see110

Аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін күдікті Грузиядан экстрадицияланды

10 Сәуір 2026 10:21see109

Шымкент зообағы қазақстандықтарды кенгуру төліне ат таңдасуға шақырды

11 Сәуір 2026 10:32see109

Қамшыбек Қоңқабаевтың Англиядағы жекпе жегі қай күні өтетіні айтылды

10 Сәуір 2026 02:11see109

Қазақстандық әлем чемпионы камбэк жасап, 2026 жылғы Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды

10 Сәуір 2026 11:08see109

Каспий жобасы үшін БАӘ ден теңіз қондырғылары сатып алынды

10 Сәуір 2026 14:46see108

2040 жылға қарай 33 ел, соның ішінде Түркия да су тапшылығына ұшырайды

10 Сәуір 2026 01:34see108

Украина Пасха мерекесіндегі бітімгершілікті қолдады

10 Сәуір 2026 11:03see107

Қытайға визасыз кірген шетелдіктер үлесі 77,9% ға жетті

10 Сәуір 2026 23:50see107

Екі айда 200 рет өшті: ШҚО тұрғындары электр жарығы жиі өшетіндігіне шағымданды

11 Сәуір 2026 19:51see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары