Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Түркі тұтастығы тұғырланған тұс

Түркі тұтастығы тұғырланған тұс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әлемдік геосаяси ахуал күрделеніп, қарулы қақтығыстар мен сауда текетірес­тері артқан сайын іргелес елдермен иық тіресіп, бауырлас халықтармен байланысты бекемдеу үдерісі бұрын­ғыдан да өзекті бола түсті. Бұл орайда еліміз туыстық тұтастықты нығайту қадамдарын екі бағытта, атап айтқанда, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Орталық Азия ел­дері­нің интеграциясы аясында өрбітіп жатыр. Бұған осы ай­мақ­­тағы өзара барыс-келіс пен алыс-берістің өрістеуі – айқын дәлел.

Сурет: inbusiness.kz

Ақтау – мәдени астана

Нақты мысалдарға жүгінсек, биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымына кіретін алты бауырлас елдің бәріне, сондай-ақ Орталық Азиядағы Тәжікстанға сапарлап барғанын көруге болады. Тіпті Өзбекстан мен Түрікменстанға бір жылдың ішінде екі реттен ат басын бұрды. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжанның президенттері де осы жылы біздің елге келіп қайтты. Олардың ішінде де Қазақ еліне екі мәртеден жолы түскен мемлекет басшылары бар. Тілі жақын, тілегі бір көшбас­шылар Түркі мемлекеттері ұйымы­ның Әзербайжанда өткен саммитін­де, сондай-ақ өзара жұмыс сапар­лары мен «Орталық Азия+» форматын­дағы кездесулерде бас қосып, аймақ дамуының аяқалысы мен бауыр­лас мемлекеттердің болашақ әрекеттес­тігі мәселелерін кеңінен талқылады.

Түркі дүниесінің тұтастануы туралы сөз қозғағанда осы жылы Ақтау қаласының «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жария­лануы алдымен ауызға ілігеді. Мың бояулы мұнайлы өлкені әрі елі­міздегі бірден-бір портты шаһарды мұндай биік мәртебеге лайық деп тану туралы шешім былтыр Түрікменстан астанасы Ашғабадта өткен халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлері бас қосқан 41-кеңес отырысында қабылданды. Айта кетсек, бұған дейін 2012 жылы Астана қаласы мен 2017 жылы Түркістан қаласы да мәдени астана атағын иеленгені белгілі.

Ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Әкімұлы Ақтау қаласын таңдаудағы басты ұстаным туралы айта келе: «Маңғыстау өңірі – ТҮРКСОЙ ұйымының мақсаты үшін өте қолайлы аймақ. Мұнда күллі түркі жұртына ортақ қасиетті нысандар баршылық. Тіпті бұл өлке ашық аспан астындағы мұражай іспетті. Келген қонақтар Бозжыра, Ыбықтының сайы, Шерқала сынды ерекше табиғат тартуын тамашалайды. Тарихқа бойлай берсе, сыршыл мекен Маңғыстау туралы сан мың хикая айтуға болады. Сол себепті біз қасиет тұнған қазыналы өлкені әлемге кеңірек таныта түсуді көздеп отырмыз. Киелі мекеннің орталығын «Түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жариялаудағы мақсат – осы», деген болатын.

Атаулы жыл аясында Ақтау шаһарын­да түркі халықтарын жақындастыруды мақсат тұтқан опера, би, дәстүрлі өнер және басқа да көптеген байқау мен фести­валь­дар, түркі әлемі суретшілерінің сим­позиумы, қолөнер шеберлерінің фести­валі, ғылыми конференция­лар, класси­ка­лық және халық музыкасының концерт­тері, т.б. ірі халықаралық іс-шаралар өтті.

Байыпты бауырластық

3 қазан – Түркітілдес елдердің ынтымақтастық күні. Биыл осынау айтулы мерекеден кейін іле-шала 7 қазанда Әзербайжанның Габала қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы ХІІ саммитінің өтуі бауырлас елдер ынтымақтастығының жаңа тарих парағын ашты десек болады. Бұл жиында маңызды шешімдер қабылданды, соның ішінде Түркі академиясына, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорына Түрікменстанның бақылаушы ретінде қосылуы, Өзара мүдделі салаларда сыртқы серіктестермен ынтымақтастықтың икемді негізі ретінде «ТМҰ +» форматын құру туралы шешім және Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымын (ТҮРКСОЙ) дамыту және нығайту туралы келіссөздер жүзеге асты. Ұйымға төрағалық Қырғыз Республикасынан Әзербайжан Респуб­ликасына өтіп, Мемлекет басшылары Габала декларациясын қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиын барысында жаһандық қауіпсіздік жүйесі күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқа­нын, қақтығыстар мен шиеленістер, геосая­си текетірестер әлемнің кез келген мем­ле­кетіне әсер ететін қауіпті үрдіске айнал­ғанын айта келе, осындай алмағайып заманда 30 жылдан аса уақыт шешімін таппа­ған шиеленіске қатысты Әзербайжан мен Ар­менияның Бейбітшілік декларациясына қол қойғанын ерекше атап өтті. «Бұл тұрақ­тылық пен экономикалық өрлеуге жол ашатын тарихи мәміле болды. Қазір әлем­дегі геосаяси ахуал аса күрделі, сон­дықтан түркі елдері ортақ мүдде жолында күш жұмылдыруға тиіс. Бүгінде жаһан жұрты бізді зор сын-қа­тер­лерге төтеп бере алатын, беделі мық­­ты, ынтымағы жарасқан мемлекеттер ретін­де таниды. Бірқатар ел біздің ұйымға ерекше қызығушылық танытуда. Бұл ретте Қазақстан ынтымақтастық аясын ке­ңей­ту­ге бағыт­талған «Түркі мем­лекеттері ұйы­мы +» форматын құру идея­сын қол­дай­ды. Осы бастама ұйымның халықара­лық бе­делін арттыруға жол ашатыны сөзсіз», деді Мемлекет басшысы.

Еліміз Орталық Азия мемле­кеттерін Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Үнді мұхитына, Әзербайжанды Каспий теңізі арқылы Еуропаға шығатын өткел ретінде қарастырып отырғанын айта кету керек. Осы орайда бауырлас елдер көлік-логис­тика саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтерудің басты міндет еке­ні­не бірауыздан келісті. Бұл туралы Прези­дент Қ.Тоқаев: «Елдеріміз Шығыс пен Батысты, Оңтүстік пен Солтүстікті жалғай­тын тоғыз жолдың торабы – Еуразия төрінде орналасқан. Бұл ретте біз түркі мемлекеттерін Орта дәліз бойындағы әуе хабтары, теміржол бекеттері және теңіз порттары инфрақұрылымын жаңғыртуға белсене атсалысуға шақырамыз. Қазір көлік-транзит саласын цифрландыруға қатысты жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Осы орайда жасанды интеллект технологиясын пайдалану тиімді болатыны сөзсіз. Сондықтан беделді сарапшыларды тарта отырып, ұйым аясында арнайы Цифрлық мониторинг орталығын құру мәселесін талқылауды ұсынамыз», деді ол.

Бұған қоса түркі мемлекеттері бас­шыларының назарынан энергетика, суды бірлесе пайдалану салаларындағы ықпалдастық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар да тыс қалған жоқ. «Әзербайжанның әйгілі ақыны әрі осы тарихи жердің тумасы Бахтияр Вахабзаденің «Түрік­тің түрікке дұшпандық жасау­ға хақысы жоқ!» деген өсиеті бар. Біз аға буынның ұлағатты сөздерін жадымызда сақтап, түркілердің түбі бір туыс, бірлігі бекем бауыр екенін бүкіл әлемге паш етіп келеміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ жиын барысында Әзербайжан президенті Илхам Әлиев ұйымға мүше мемлекеттер­дің әскери және қорғаныс саласын­дағы ынтымақтас­ты­ғын да арттыру қажеттігін еске салды. «Қазіргі заманғы геосаяси сын-қатерлер мен қауіпсіздік мәселелері аясында, әсіре­се халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарының бұзылуы жағдайында түркі мемлекеттерінің біртұтас күш орталығы ретінде әре­кет етуі өте маңызды», деген ол 2026 жылы Әзербайжанда ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлескен әскери жаттығуларын өткізуді ұсынды.

Орталық Азияның ортақ мұраты

Аймақтық интеграцияны жеделдетуге бағытталған тағы бір іргелі жиын – 16 қарашада Таш­кентте өткен Орталық Азия мем­ле­кеттері басшыларының VII Консуль­тативтік кездесуі. Бұл іс-шараның ерекшелігі – кеңес құрамына Әзербайжан да қосылып, Еуразия кіндігіндегі тамырлас түркілердің басын біріктірген достық ұясының кеңеюі.

Орталық Азия – кейінгі жыл­дары әлемдегі көшбасшы мемлекет­тердің назары көбірек ауа бастаған әлеуеті жоғары өңір. Батыс пен Шығыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің тоғысқан тұсындағы өлкеде 80 миллионнан аса адам мекен етеді. Биыл өңірдің ішкі жалпы өнімі 500 млрд доллардан асып түсті. Жиында өңірлік ықпалдастықтың экономикалық негізін күшейткен толайым табыстарға тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өндіріс, энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіп және басқа да секторларда бірлескен кәсіп­орындардың саны көбейіп, ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сауда кедергілері біртіндеп жойылып, жаңа өткізу бекеттері ашылып, авто, теміржол арқылы байланыс жанданып келеді. Нәтижесінде, былтыр өңір ішіндегі сауда-саттық көлемі 11,5 млрд долларға жетті. Көрсеткішті 20 млрд долларға дейін жеткізу үшін осы қарқынды сақтау қажет деп ойлаймын», деп нақты жетістіктерді алға тартты.

Сондай-ақ ол аймақтық ынты­мақ­тастықты нығайту үшін ішкі түйт­кілдер мен даулардың шешімін табуы маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды. Атап айтқанда, Тәжік­стан мен Қырғызстан арасын­дағы мемлекеттік шекара туралы, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан шекараларының түйісу нүктесі туралы шарттарға қолдау білдіріп, бұл мәмілелерді маңызды қадам ретінде бағалады.

Жалпы бұған қоса, биыл 5 тамызда Түрікменстанның Аваза қаласында шымылдығын түрген Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясы аясында, «Орталық Азия +» форматындағы басқосуларда да Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесулері өткенін айта кетейік. Сонымен қатар министрлер деңгейіндегі жиындардың өзі – бір төбе. Мұның бәрі бауырлас халықтардың ынтымағын бекемдеп, болашаққа бірге қадам жасау жоспарларын айқындады. Қолға алынған жарқын бастамалар алдағы жылы да жалғасын таба берері сөзсіз. 

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

«Керуендей бұ дүниеге аз күн қонып...»

Тағзым • Бүгін, 08:25

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Аламанда алған жүлде – қомақты

Спорт • Бүгін, 08:00

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тарихи тамырмен табысқан сәт

Қоғам • Бүгін, 07:50

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 09:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары