Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Түркі тамырынан түлеген татулық

Түркі тамырынан түлеген татулық

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Екі күнге жоспарланған басқосу екі мемлекет үшін ғана емес, Түркі жұрты, әрісі Еуразия құрлығы үшін өте маңызды елеулі оқиға болмақ. Стратегиялық әріптестік тереңдеп, бірлесе дамудың бағыты айқындалып келеді. 

Сәтті сапарлардың жалғасы

Екі елдің жақсы қарым-қатынаста еке­нін басшылардың сапарынан-ақ аң­ғаруға болады. Мәселен, кейінгі 3 жыл аралықта Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Қазақстанға төртінші мәрте келіп отыр. Алдымен 2022 жыл­дың қыркүйегінде жұмыс сапарымен кел­се, былтыр шілдеде ШЫҰ сам­ми­тіне құрметті қонақ ретінде ша­қы­рыл­ды. Арада көп өтпей, 2024 жылдың та­­­мызында Орталық Азия бас­шы­лары­ның жиыны тұсында Астанаға кел­ді. Міне, Ильхам Әлиев енді Қазақ­станға ең жоғары дәрежелі саналатын мемлекеттік сапармен ат басын бұрып отыр.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Бакуге жиі бет бұрған. 2023 жылғы қарашада Әзербайжан жеріне жұмыс сапарымен барса, былтыр наурызда мемлекеттік сапармен табан тіреді. Осы айдың басында Түркі мемлекеттері ұйымы­ның саммитіне қатысу үшін барғанын да жақсы білеміз.

Әзербайжан жөнінде сөз қозғағанда ең алдымен еске түсетіні – тарихи тамыры бір бауырластық, Түркі жұрты. Әйтсе де, ресми түрде Қазақстан мен Әзербайжанның дипломатиялық қарым-қатынасы 1992 жылы орнады. Басқалардан бәсі жоғары тағы бір құжатты атамай кету мүмкін емес. Ол – 2005 жылы қабылданған Стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастар туралы шарт. Биыл 20 жыл болған бұл құжат екі елдің байланысын нығайтқаны даусыз. Келісім аясында екі ел халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде мүдделес болды.

Ортақ мүдденің тоғысқан тұсы

Бір айта кетерлігі, қазір Қазақстан мен Әзербайжанның қарым-қатынасы тарихи һәм мәдени сипатпен шектелмей, экономикалық өсімге ойысып отыр. Екі елдің тауар айналымына мән берсек, көрсеткіштердің артып жатқанын байқаймыз. Мысалы, Әзербайжанның мемлекеттік кеден комитеті 2023 жылы екі ел 556,7 млн долларға сауда жасасқанын, ал 2024 жылы – 533,4 млн доллар, биыл алғашқы 8 айда қарқынды өсіп, 547,6 млн долларға жеткенін мәлімдеді.

                                                                инфографика: Елдар ҚАБА

Еліміз Әзербайжанға негізінен түсті металдар, мұнай, астық экспорттайды. Әсіресе, бидайдың үлесі жоғары – 121,5 млн доллар. Ал Әзербайжан Қазақстанға құбырлар, алюминий шыбықтары, ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін жеткізеді. Кәсіпкерлер де белсенді, қазір елімізде әзербайжандық 1,5 мың компания жұмыс істесе, қазақстандық 150 кәсіпорын Әзербайжан елінде ісін дөңгелетуде. 2005 жылдан 2025 жылдың бірінші тоқсанына дейін Әзербайжанның Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестициясы 424,6 млн долларға жетті. Өз кезегінде Қазақстан Әзербайжанға 156 млн доллар инвестиция бағыттаған.

Екі ел үшін бәрінен бұрын логистика, транзиттік әлеуеттің дамуы маңызды. Бұл тұста Орта дәліз аталып жүрген Транскаспий халықаралық көлік бағытын меңзейміз. Қазір жүк тасымалының көлемі қарқынды өсуде, биыл 5,2 млн тонна жүк тасымалдау көзделген. Оның тең жартысы алғашқы 7 айда орындалып қойды.

Қазақстан мұнайының аз бөлігі Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты арқылы тасымалданып жатыр. Алдағы жылдары мұнай экспортының көлемін арттырып, 2027 жылға қарай осы маршрут арқылы жылына 7 млн тоннаға дейін «қара алтын» жеткізу жоспарланған. Осы арқылы Қазақстан мен Әзербайжан келешекте Еуропаны мұнаймен қамтамасыз етпек. 2050 жылға қарай кәрі құрлыққа мұнай мен конденсат экспорты тәулігіне шамамен 1,6 млн баррельге жететіні болжанған.

Кәрі құрлық пен Азияны байланыстырған көпір

Қазір алыс-жақын елдердегі бұқаралық ақпарат құралдары Әзербайжан басшысының Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуіне ерекше мән беріп жатыр. Әсіресе, әзербайжандық басылымдардың белсенділігі байқалады. Мысалы, Trend ақпарат агенттігі сарапшы Эмин Алиевтың екі ел байланысына қатысты көзқарасын жариялаған. Ол екі ел Еуразия кеңістігінде жаңа күш құруға ұмтылатынын, бүгінде Еуропа мен Азияны байланыстырған көпірге айналғанын алға тартқан. Яғни, Каспий теңізі арқылы өтетін транзиттік жолдарды меңзеген. Қазақстан Ақтау мен Құрық порттарын дамытып, Каспий теңізін Еуразияның басты транзиттік күретамырына айналдырып жатқанын айтады.

«Экономикадан бөлек, екі ел арасындағы саяси ықпалдастық та маңызды. Бүгінде Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейінде. Бұл жай ғана ресми риторика емес, кейінгі 5 жылда мемлекет басшылары мен үкімет басшылары деңгейінде оннан астам екіжақты сапарлар өтті, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында тұрақты кездесулер ұйымдастырылуда», – деген сарапшы Эмин Алиев.

Бұған қоса, болашақта энергетика саласы да ынтымақтастықтың жеке бағытына айналуы мүмкін. Қазақстан көмірсутектерді ғана емес, жасыл сутегі мен жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясын экспорттау үшін Әзербайжан инфрақұрылымын пайдалануға қызығып отыр.

                                                                      инфографика: Елдар ҚАБА

Жалпы, екі елдің байланысының дамуы қай саладан да көрінеді. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдени байланыстар қарқынды дамып, екіжақты қарым-қатынастардың маңызды бөлігіне айналды. Мәдениет күндері, кинофестивальдар, көрмелер, гала-концерттер мен театр қойылымдары тұрақты түрде өткізіліп, ұлттық дәстүр мен өнерді таныстыруға ықпал етіп жүр. Білім беру мен ғылыми салаларда студенттердің алмасуы, конференциялар, бірлескен ғылыми-оқыту орталықтарын ашу, көрмелер мен дөңгелек үстелдер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондықтан қазақ мәдениеті, болмысы бауырлас Әзербайжан халқына жақсы таныс екені даусыз.

Мадияр ТӨЛЕУ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:242
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 04:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары