Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Татулық дәріптелген фестиваль

Татулық дәріптелген фестиваль

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Шымкенттегі Достық үйінде «Жанға жайлы жерұйық – біздің Отан» атты фестиваль ұйымдастырылды. Мерекелік жиынның өтуіне қалалық Армян, Славян этномәдени бір­лестіктері ұйытқы болды. Ұйымдастырушылардың айтуын­ша, аталған іс-шара арқылы елімізде тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, бейбітшілік пен тыныштық қоғамның басты байлығы деген ұранды дәріптеу көзделді.

Думанды кештің қонақтары этномәдени бірлестік өкілдері, студенттер, шығармашылық ұжым­дар мен қала тұрғындары болды. Фестивальда Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева сөз сөйлеп ұлтаралық татулықтың маңызы жөнінде келелі ой қозғады.

«Қазақстанның баға жетпес қазынасы – оның көпэтносты хал­қы. Қоғамның дамуына бейбіт өмір қандай керек екенін әлемдегі бүгінгі ахуал анық көрсетіп отыр. Сондықтан осы өмірімізді бағалай білейік. Елімізде тұрып жатқан этнос өкілдерінің тілі, түрі басқа болғанымен жүрегі бір, тілегі бір. Бәрі де Қазақстанның өсіп-өркендеуін қалайды. Сол жолда аянбай еңбек етіп келеді. Тарихтан белгілі болғандай барша этнос өкілдерінің ата-бабасы қазақ жеріне күштеп қоныс аударылды. Сталиндік саясаттың кесірінен туған жерінен көшірілген этнос­тар қазақтың ескі үйін паналады. Халқымыздың мейірімділігінің арқасында көпшілігі бір ажалдан аман қалып, тағдыр оларға ұрпақ жалғастыруға мүмкіндік сыйлады. Міне, сол кезеңнен бері барлық ұлт өкілі қазақ халқымен бірге бір отбасының балаларындай тату өмір сүріп келеді. Ендігі мақсат – сол ұлтаралық достықты сақтау. Бауырмалдық сыйластықтың ортасына ешқандай сызат түспеу керек. Біз бір жұдырық болып жұмылсақ қана бар қиындықты жеңіп, алар асуды бағындырамыз. Кез келген ұлт осы бірліктің арқасында жетістікке жеткен. Араздық, алауыздық қоғамды керісінше бүлдіріп, жаман жолға бастайды. Ондай жағдайда елден ынтымақ пен береке кетеді. Берекесі жоқ қоғам өздеріңіз білетіндей ешқандай жетістікке жете алмайды. Сондықтан осы күнімізге де шүкіршілік деуіміз керек», деді А.Әмзеева.

Концерттік қойылым кезінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Қара­көз» би ансамблі, музыкалық кол­ледждің студенттік хоры, «Светоч», «Ардагер» хор ұжымдары, «Южный город» тобы мен «Еркетай» балалар би ансамблі өнер көрсетті. Жиналған жұрт қазақ халқының, славян, армян, белорус және украин этнос өкілдерінің ұлттық музыкасын тыңдап, керемет билерін тамашалады. Осылайша, түрлі мәдениеттер тоғысқан көркем бір іс-шараның куәсі болды. Әсіресе армян халқының ұлттық аспабы дудуктың мұңлы үні адамдарды бір сәт терең ойға шомдырды. Өз кезегінде славян халықтарының «Раздолье» тобы шырқаған халық әндер попурриі көрермендер көңілін бір сергітіп алды. Армяндық өнерпаздар орындаған «Кочари» биі де өзінің сұлулығымен әдемі ырғағымен көпшілікті бейжай қалдырмады. Мәдени кеш соңында іс-шараға атсалысқан бір топ этномәдени бірлестік өкілдері арнайы Алғыс­хаттармен марапатталды.

Жалпы, Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының XXXIII сессиясының шешімдерін іске асыру мен ҚХА Хатшылығы тарапынан әзірлеген жобалар аясында шаһарда көптеген игі іс атқарылып келеді. Мәселен, Достық үйі базасында «Мәміле» пікірталас клубы жұмыс істейді. Клуб белсенділері тұрақты жиналып, түрлі тақырыптар бо­йынша қазақ тілінде сөйлесіп, тәжірибелерін ­ба­йытады. Мемлекеттік тілде ән салып, қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды талқылайды, өлеңдерден үзінділер оқиды. Күн тәртібіндегі қай мәселе болмасын тек қазақ тілінде пікір алмасады. Жоба аясында өткен басқосуларға қалалық «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының» оқытушылары қатысып, этнос жастарының қазақ тілінде мүдірмей сөйлеуіне практикалық тұрғыда көмек береді. Айта кетейік, бұл жобадағы іс-шараларға жүзден аса этнос жастары тұрақты атсалысып жүр. Қазақ тілін базалық деңгейде жақсартуға арналған «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының» курсына 11 клуб мүшесі қатысады. Олар аптасына 3 сағаттан қазақ тілін оқып-үйренеді. Осылайша, өзге этнос өкілдерінің жастары тіл ұстартудағы теориялық білімін клуб отырыстарында тәжірибе жағынан шыңдай түсуге мүмкіндік алып отыр. Биыл мамыр айында «Мемлекеттік тіл – халықтар достығының дәнекері» байқауы ұйымдастырылған еді. Оған өзбек тілінде білім алатын жалпы орта мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысып, үздік деп танылғандар марапатталды.

Ассамблея мүшелері «Жомарт жан» бастамасымен мұқтаж жан­дарға жалпы сомасы 16 млн теңгеден аса қаражаттың көмегін көрсетті. Бұл көмектер 3 мыңнан аса адамға ұсынылды.

Ұйым жанында Қазақстанның құрметті журналисі Әбдез Рахман­ұлы басқаратын журналистер мен блогерлер клубы бар. Клуб жұмысы арқылы БАҚ-қа сұхбат беретін спикерлер құрамы жасақталды. Қалалық ҚХА-ның «Facebook» «Instagram», «Youtube» және «Tik-Tok» сынды әлеуметтік желідегі парақшасының жұмысы жанданды. Кейінгі айларда қаралым саны 200 мыңға жуықтады. Этносара­лық саладағы терминдерді дұрыс қолда­нуға арналған анықтамалық әзірленіп, жергілікті БАҚ өкілдеріне таратылды.

Ал «Біртұтас қоғам: келісім жә­не сенім» жобасында этнос өкіл­де­­рі жинақы қоныстанған ша­ғын а­у­дандар мен тұрғын алаптар­­да және оқу орындарында көпте­ген маңызды кездесу өткізді. Базар­қақпа, Абдулабад, Забадам елді мекен­дерінде қала әкімдігі жанынан құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері тұр­ғындарды жеке мәселелері бойын­ша қабылдады. Осындай кездесулерде
­­7 мыңға жуық адамның түрлі мәсе­лесі тыңдалды.

Сонымен қатар «Этномәдени бірлестіктер: реформалардың әлеуметтік базасы» жобасы шең­берінде этномәдени бірлестік төр­ағалары қаңтар, сәуір айларында қала басшылығымен кездесулер ұйымдастырды. Одан бөлек, жас­тарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында көктемгі әскерге шы­ғарып салу рәсіміне қатысты. Пат­риоттық тәрбие бағытында қалалық ҚХА мен Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы арнайы меморандумға қол қойды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 15:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see156

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see148

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see146

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see144

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see142

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see129

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see126

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see126

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see126

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see125

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see124

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see123

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see120

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see118

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see118

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see116

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see115

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see114

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары