Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Түркістандық мұғалімдер үш жыл бұрын салынған мектептің сапасына шағымданды

Түркістандық мұғалімдер үш жыл бұрын салынған мектептің сапасына шағымданды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мектеп басшылығының мәліметінше, білім ордасы 2023 жылы пайдалануға берілген. Алайда білім ұясының жағдайы оқушылар мен қызметкерлер үшін қауіп төндіретін деңгейге жеткен.

Фото: Рабат ауылының тұрғындарынан

Информатика пәнінің мұғалімі Бекжан Достың айтуынша, мектеп құрылысы талапқа сай жүргізілмеген.

Фото: Рабат ауылының тұрғындарынан

Қазіргі таңда шатырдан су ағып, қабырғаларда жарықтар жиі пайда бола бастаған. Әсіресе жауын-шашын кезінде мектептің жертөлесі суға толады.

Фото: Рабат ауылының тұрғындарынан

— Мәселен, өрт қауіпсіздігі белгіленген нормаларға сәйкес емес. Гидрант жүйесі толық аяқталмаған, су айдайтын насостар орнатылмаған. Резервуарларға су құйылғанымен, ол сақталмайды. Мектеп аумағындағы латоктар сапасыз орнатылып, жауын кезінде оқушыларға қауіп төндірген соң алынып тасталды. Салдарынан су топыраққа сіңіп, жер шайылып, қоршау құлап жатыр, — деді ол.

Фото: Бекжан Достың жеке мұрағатынан

Ал дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ержан Арыстанбеков мектепте спорттық инфрақұрылым талапқа сай емес екенін айтады.

— Футбол алаңы толық аяқталмаған, жері тегістелмеген. Тек қақпалар орнатылған, газон төселмеген. Балалар ойнайтын алаңда резеңке жабын жоқ. Егер оқушылар жарақаттанып қалса, жауапкершілік бізге жүктеледі. Баскетбол алаңында да тиісті жабын мен қоршау қарастырылмаған. Спорт залының желдету жүйесі электрге қосылмаған. Сонымен қатар, негізгі су құбыры тесіліп, топырақты шайып жатыр, — деді ол.

Фото: Бекжан Достың жеке мұрағатынан

Педагогтердің айтуынша, жылыту жүйелерінде де көптеген ақау бар. Сонымен қатар шатырдан аққан су электр сымдары мен өрт дабылы жүйесін зақымдап жатыр.

— Мектепте жеделсаты бар, бірақ іске қосылмаған. Жылыту жүйесі үш жыл өтсе де толық жұмыс істемейді. Қыста ғимараттың кей бөліктері жылымай, оқушылар сабақ кезінде тоңып отырады. Қазандықтағы насостар қажетті қуаттан төмен орнатылған. Кабинеттерде жылу батареяларының саны аз. Ыстық су жүйесі іске қосылмағандықтан, қыста суық су пайдалануға мәжбүрміз, — дейді мектеп қызметкерлері.

Фото: Бекжан Достың жеке мұрағатынан

Мұғалімдерді алаңдатқан тағы бір мәселе — кәріз жүйесінің сапасыз орнатылуы. Онда тексеру клапандары орнатылмаған, құбырлардың түйіскен жерлері дұрыс тығыздалмай, жағымсыз иіс шығып, санитарлық жағдайға кері әсер етеді. Сонымен қатар, кәріз құдықтары сапасыз орнатылғандықтан, жауын суы септикке түсіп, оның жиі толуына әкеліп отыр.

Ұстаздардың сөзінше, осындай олқылықтарға қарамастан, нысан пайдалануға қабылданған. Құрылысты жүргізген «ALTYN LTD» ЖШС-не бірнеше рет шағым жолданғанымен, нәтиже болмаған. Ал кепілдік мерзімі биыл тамызда аяқталады.

Фото: Рабат ауылының тұрғындарынан

Түйткілді мәселеге қатысты Kazinform тілшісіне Түркістан облысы білім басқармасы ресми түсінік берді. Ведомство өкілдері 200 орындық мектеп ғимаратында бірқатар ақау бар екенін растады.

— Қазығұрт аудандық білім бөлімі тарапынан тапсырыс беруші — облыстық құрылыс басқармасына тиісті хаттар жолданды. Құрылыс басқармасы мердігер мекеме — «ALTYN LTD» ЖШС-не анықталған кемшіліктерді жою туралы екі рет ескерту хат жіберді. Қолданыстағы келісімшартқа сәйкес, мердігер ұйым нысан пайдалануға берілген күннен бастап 5 жыл ішінде барлық ақауды өз қаражаты есебінен жоюға міндетті, мердігер бұл талаптарды орындайды, — делінген басқарма мәліметінде.

Фото: Рабат ауылының тұрғындарынан

Білім басқармасының хабарлауынша, мектепте оқу процесі штаттық режимде жалғасып жатыр.

— Анықталған кемшіліктер оқушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірмейді. Мәселе бақылауда, тиісті жұмыстар уәкілетті органдармен бірлесіп жүргізіліп жатыр, — деп мәлімдеді ведомство.

Фото: Рабат ауылының тұрғындарынан

Айта кетейік, жуырда мектеп ұжымы нысанды салған мердігер мен оны қабылдап алған жауапты тұлғаларға қатысты ҚР Бас прокурорының атына шағым түсірген.

Бұдан бұрын Қазығұрт ауданы Ақбастау ауылында оқушылар 12 жылдан бері апатты мектепте білім алып жүргенін жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 03:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары