Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Түркістан облысында үш айдан бері жалақы алмаған мұғалімдер әкімдікке шағымданды

Түркістан облысында үш айдан бері жалақы алмаған мұғалімдер әкімдікке шағымданды

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жиналғандардың арасында тек мұғалімдер ғана емес, аспаздар, тіпті мектеп құрылтайшылары да бар. Олар оқу жылының басынан бері ақысыз жұмыс істеп жүргендерін айтады.

Фото: Видеодан алынған скрин

Бұл қиындық тек мұғалімдерге ғана емес жекеменшік мектеп ашқан кәсіпкерлерге де ауыр тиіп отыр. Бұрын Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» арқылы қаржыландырылған мектептерге биыл бірнеше айдан бері қаражат түспеген. Мәселен, 700 орындық мектеп салған кәсіпкер Исақ Оспанов мемлекеттен 270 млн теңгеден астам қаржыны ала алмай отыр. Тіпті оған 400-ге жуық оқушыға қаржыландыру тоқтауы мүмкін деген хабарлама жіберілген.

Фото: видеодан алынған скрин

— 400 бала қысқарғанда соған сәйкес 35-40 мұғалімді де қысқартуым керек. Несие төлейтін мерзімнің уақыты өтіп, өсімпұл жүріп жатыр. Біз 4 жерден несие алдық. Кеше жалақы болмаған соң несиенің есебінен мұғалімдерге аванс бердім. Мұғалімдерді солай ұстап қалмасақ, басқа амал жоқ. Қазірдің өзінде жұмыстан кетіп қалғандары бар, — деді ол.

Ал аудан әкімі Арман Абдуллаев жағдайдың ушығуына қаржыландыру жүйесінің өзгеруі себеп болғанын айтты. Бұған дейін республикалық деңгейде төленген қаражатпен қамту биылдан бастап жергілікті әкімдіктерге жүктелген.

— Биылдан бастап ол жүйе өзгерді. Енді қаржыны облыстық бюджеттен тиісті басқарма төлесін деген шешім қабылданған. Басқарма қазір түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бір қолдан келесі қолға өткенде барлығын АКТ-імен қабылдап алу керек, — деді ол.

Фото: видеодан алынған скрин

Бүгінде облыста 157 жекеменшік мектеп жұмыс істейді.

Түркістан облыстық білім басқармасының мәліметінше, Оқу-ағарту министрлігінің № 251 бұйрығына және облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, 7 қарашадан бастап жекеменшік мектептерді қаржыландырудың пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр.

— Облыстағы жеке мектептің барлығы Қаржы министрлігіне қарасты Ақпараттық есептеу орталығының «e-Qazyna» порталында тиісті құжаттарын жүктеп, келісімшарт толықтай жасалынды. Қазіргі таңда «BilimClass.kz» платформасы арқылы балалардың сағатына қатысу көрсеткіштері мен олардың басқа білім беру ұйымына ауысу фактілері тексеріліп жатыр. Мәліметтер толықтай тексеріліп, «e-Qazyna» жүйесіне толық көлемде жүктелгеннен кейін көрсетілген қызметтердің орындалу актісі рәсімделіп, Қаржы орталығына жолданды. Бүгінде Қаржы орталығы арқылы 78 мектепке қаржы аударылды, — делінген ведомство ұсынған ақпаратта.

Бұдан бұрын 2026 жылдан бастап жекеменшік мектептер қатаң цифрлық бақылауға өтетінін жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 16:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары