Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Түркияда құлаған Ливия ұшағының апатынан сарапшылар саяси астар іздеп отыр

Түркияда құлаған Ливия ұшағының апатынан сарапшылар саяси астар іздеп отыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Түркияның Анкара қаласы маңында апатқа ұшыраған Ливия ұшағына қатысты тергеп тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Ресми билік техникалық ақау себеп болды деп отыр. Ал сарапшылар мұның саяси астары бар дегенді алға тартады.  

Анкарадағы ұшақ апаты түрік қоғамы мен халықаралық сарапшылар арасында кең резонанс тудырды. Апатқа не себеп болғаны әзірге ресми  нақтыланған жоқ. Түркия билігі оқиғаға байланысты тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Али Ерликая, Түркияның ішкі істер министрі:

- Жүргізілген іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ұшақтың дауыс жазғышы апат орнынан сағат түнгі 02:45-те, ал қара жәшік артынша жарты сағаттан соң табылды. Оларды тексеру және бағалау жұмыстарына 408 маман, 103 техника мен 7 әуе көлігі жұмылдырылды. 

Қайғылы жағдай Түркия парламенті Ливиядағы түрік әскери күштерінің мандатын екі жылға ұзартқаннан кейін болған. Оқиғадан соң қоғамды дүр сілкіндірген оқиға туралы пікірлер екіге жарылды. Сарапшылар мен авиация мамандарының болжамына қарағанда, техникалық ақау ықтималдығы төмен. Falcon 50 ұшағы қос қозғалтқышы істен шықса да жерге қалықтап қона алады. Сондықтан апатқа ақау емес, қасақана жасалған әрекет себеп болуы мүмкін дейді.

Хайдар Атеш, Түрік авиациялық университетінің докторы, отставкадағы полковник:

- Меніңше, 20 мың фут биіктікте белгілі бір қысым деңгейіне жеткен сәтте қасақана жарылыс ұйымдастырылған сияқты. Сондай-ақ әуеде дәл осы  ұшақтың бағытын қадағалап отырған өзге де жүйелер болуы ықтимал. Ол қашықтан немесе спутник арқылы басқарылуы мүмкін. Яғни оқиғаға себеп болған техникалық ақау емес, жарылыс деу – ықтималды нұсқа. 

Түркия кейінгі жылдары Ливия мен Африкадағы саяси беделін нығайтып келеді. Сарапшылар сол себепті Анкарадағы апат Түркияның қара құрлықтағы ықпалына қарсы диверсия болуы мүмкін деп санайды. Өйткені Анадолының Африкамен байланысы әу бастан терең. Соның нәтижесінде Жерорта теңізінде «Көк Отан» аймағы құрылды. Мамандар бұл әрекет осы әріптестік байланысты үзуге бағытталған қадам дегенді  алға тартып отыр.

Хайдар Атеш, Түрік авиациялық университетінің докторы, отставкадағы полковник:

- Түркияның Африкамен байланысы Грекияны, сондай-ақ Шығыс Жерорта теңізіндегі энергия көздерін иеленуге ұмтылып отырған Израильді алаңдатып отыр. Меніңше, бұл оқиғада осы екі елдің ықпалы басым. Яғни Израиль Грекияның мүддесі үшін осындай қитұрқы әрекетке барды деген болжам жасауға болады. Олардың түпкі мақсаты – Түркияның Ливиямен және  Африка елдерімен байланысын үзу.

Сарапшылардың пікірінше, оқиғаның Түркия мен Ливия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты үзуі екіталай. Дегенмен апат аймақтық саясатқа әсер етіп, қауіпсіздік шараларын күшейтуге түрткі болуы бек мүмкін. 

Ә. Нұрлыбаева, Ж. Сүйіндіков

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 10:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары