Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Тұзға талас толастамай тұр: Индерде​ қоғамдық тыңдау шиеленісті өтті

Тұзға талас толастамай тұр: Индерде​ қоғамдық тыңдау шиеленісті өтті

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

29 сәуір күні Индербор кентіндегі мәдениет үйінде «АралТұз» АҚ және «АралСода» ЖШС-нің қоғамдық тыңдалымы тартысты өтті. Жеке тұрғындар «Индер - біздің табиғат байлығымыз», «Не разрушайте то, что нельзя вернуть», «Инвесторлар кетеді, проблемалар қалады» деген лозунгілерді ұстап отырды.

Залда ине шаншар орын болмады, 300-ден астам халық жиналып, кейбіреулері қосымша орындықтарға жайғасқан. Жұртшылықты кіреберіс дәліздегі арнайы берген бланк қағазды толтырып тіркеуі реніш туғызды. «Не үшін» деген сұрағымызға кент әкімінің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып отырғанын айтты.

Қоғамдық тыңдауға жергілікті халықпен бірге депутаттар, белсенділер, экология жанашырлары жиналса, облыстық Экология департаменті онлайн түрінде қатысты. Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин жиылған көпшілікке «АралТұз» АҚ-ның Индер көлінен ашық түрдегі әдіспен ас тұзын өндіруде экологиялық рұқсат алу үшін қоғамдық тыңдау өткізілгелі отырғанын және түсіністік танытуын сұрап, алдымен хатшыны сайлауы қажеттігін айтты. Бірақ хатшы сайлауына әкім орынбасарынан басқа ешкім қол көтерген жоқ.

«АРАЛТҰЗДЫҢ» МАҚСАТЫ НЕ?

«АралТұз» АҚ өз жобасын ұсынып, мақсаттарын жеткізді. Баяндамшының айтуынша, ас тұзын өндіретін аймақты 10 мың гектар деп белгілепті. Жылына Индер көлінен 37 мың тонна ас тұзын өндіруді жоспарлап отыр, өндіру кезеңі 2026-2037 жылдар аралығын қамтиды. 

Жұмыс тәртібі мусымдық негізде, сәуір мен қараша айлары аралығында, яғни 148 жұмыс күні ішінде жүзеге асуы тиіс. Тұз өндіру технологиясы суық фреза пайдалану арқылы 30 см тереңдікте, ал экскаватормен 3 метр тереңдікте қамтылмақ. Пайдалы қазбалар сусыздандыру алаңында уақытша сақталып, мүмкіндігінше тұтынушыларға сатуға жіберіледі.

Атмосфераға шығарылатын ластауыш заттардың саны жылына 136,06584 тонна болуы мүмкін, оның ішінде натрий хлориды, азот тотығы, көміртегі тотығы бар. Теміржол болмағандықтан өнімді және суды тасу автокөліктердің күшімен тасу жүрмекші. Баяндамашы 500-ге тарта адам жұмысқа қабылданатынын айтты. 

- Санитарлық қорғау аймағын 500 метр деп алып отырмыз. Өндіріс орны мен кентті арақашықтығымен есептегенде қауіп жоқ. Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың және топырақтың құрамын анықтап отыру үшін жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп отырылады. Желдің негізгі бағытын Казгидроменттен алып қарадық, шығыстан батысқа қарай бағытталған, ал кент солтүстік батыста орналасқан. Тұз көлі айдынында шамамен алсақ 1,2 млн тонна тұз қоры бар, осы жерден он жылдың ішінде 375 мың тонна тұз өндірейік деп қарастырып отырмыз. Болашақта келісімді созуға мүмкіндік бар, өйткені ол жерде миллиондаған тұз қоры бар. Бүгінде біз неге аз ғана жерді ғана алып отырмыз, өйткені тұздың сапасын және анализ жасап қандайма өнім өндіруге болатынын анықтауымыз қажет. Бұл жерге қандай зауыт, фабрика әкелінеді, ол болашақтың ісі болмақшы. Ол кезде қосымша жоспар жасалады,-дейді баяндамашы, жеке эколог Дәулет Асанов.

КӨЛ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН АЙМАҚТАН НЕГЕ АЛЫНДЫ

Тыңдауда бөлек қаралған сұрақтар блогы көлді игеру мен оның мәртебесін өзгерту заңдылығына қатысты болды.

Бұған дейін Индер тұзды көлі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізімінде болған. 2024 жылғы 22 қарашадағы №997 қаулыға сәйкес ол республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілері тізімінен алынып тасталды.

Қызылқоға ауданының депутаты әрі экология жанашыры Есенбай Нұровтың айтуынша, бастамашы Атырау облысы әкімдігі болған. Оның сөзінше, Экология министрлігі бастапқыда бұл ұсынысты қолдамаған, себебі көл бірегей су нысандарының қатарында еді.

— Вице-министр Нұркен Шәрбиевтің жауабында әкімдікке қоғамдық тыңдау өткізу тапсырылғаны көрсетілген. Алайда 2024 жылдың 4 қазанында «АралТұз» АҚ тапсырысы бойынша тұрғындар арасында телефон арқылы сауалнама жүргізілген, — деді ол.

Нұров сондай-ақ 2021–2022 жылдары «АралТұз» АҚ мен «АралСода» ЖШС-не қоғамдық тыңдау өткізілмей барлау жұмыстарына лицензия берілгенін атап өтті. Ал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың тапсырмасы кейінірек берілген.

— Осыған байланысты құқық қорғау органдарына арыз түсірілді, қазір прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр, — деді ол.

Көл төңірегіндегі жағдай бұған дейін де дау тудырған. 2021 жылы «НефтеСтройСервис» ЖШС сауықтыру орталығының құрылысын бастағанымен, прокуратура шешімімен ерекше қорғалатын аймақ мәртебесіне байланысты жұмыс тоқтатылған. Кейін әкімдік компанияға жобаны қайта жалғастыруды ұсынғанымен, ол қаржылық себептерге байланысты бас тартқан.

2022 жылы әлеуметтанушы Адемхан Күдериновтің айтуынша, «АралТұз» өкілдері тұз өндіруді жоспарламайтынын, тек халық пікірін білгісі келгенін мәлімдеген.


ХАЛЫҚ НЕГЕ ҚАРСЫ БОЛДЫ

Баяндамашының мәлімдемесінен кейін сұрақтар қарша борады, өйткені табиғаттың сыйы болып табылатын тұз көлінің тағдыры индерліктерді бей-жай қалдырмады. Төраға қайта-қайта қобалжыған халықты тыныштандырумен болды.

- Тұз көлінің үстіне гидравикалық жанар, жағармайлы техникаларды мүлдем шығаруға болмайды. Машинаның кіруі бар, шығуы бар, экскаватордың жұмысы бар, ол тұз көліне зиян әкеледі. Бізде жел шығыстан соғады, ол кейде айлап тұрып алады. Өндіріс кезінде ұшқан тұз кентке жетіп, қауіп төндіреді, сондықтан бұл компанияның келуіне мүлдем қарсымын. Біздің өңірде ас тұзын өндіретіп жатқан «Индертұз» компаниясы бар, ол Қазақстанның  жартысын тұзбен қамтып отыр. Сондықтан тұзға деген мұқтаждық жоқ. Тоқ етері, «АралТұз» компаниясының келуіне мүлдем тиым салынсын,-деді тұрғын, бұрынғы эколог Марат Мұқанов.

Жарыссөз кезінде кейбір тұрғын «АралТұздың» келуіне қарсы еместігін, инвестордың көптеп келуі жұмыссыздықты болдырмайтынын, ауданның өркендеуіне негіз болатынын айтты.

Бөдене ауылының тұрғыны Байжан Шыңғазиев шыдамсыздана орнынан тұрып, микрофонды қолға алды:

- Айтуың дұрыс, ауданға инвестор керек. Тұздың жағасына барып көрдіңіздер ме, экологиялық апат болып жатыр. Бөдене ауылының айналасы сорға айналған. Бізде «Индертұз» компаниясы тұзды өндірген сайын тұз аспанға көтеріліп, шабындықтарға барып қонады. Бұрында тұз көлінің айналасында шабындық болды, ол тұрмақ жайылымдық жер қалмады. Каналдың бойы тұзға айналған, малдың барар жері жоқ. «АралТұзға» лицензия берудің өзі заңсыз, сондықтан бұл қоғамдық тыңдау да заңсыз. Халықты тыңдаңыздар, бұл жерден кетіңіздер,-деді ол.

Экология жанашыры Галина Чернова тәуекелдерге назар аударып, тексерудің қажеттілігін атап өтті.

- Біз не үшін қылмыстық негізі бар жобаны талқылап отырмыз. О бастан «АралТұз» компаниясы лицензияны қандай жолмен алғанын түсіндіріп берсін. Тұз көлі мемлекеттік қорғау тізбегінен неге алынып тасталған, осының бәрін прокуратура тексеруі тиіс. Казгидроменттен алынған ақпарға сену керек пе, желдің жылдамдығы мен күші дұрыс ескерілмеген. Жел секундына 25 м\сек соғады, ал бұл жерде ең ыстық кез шілде айы, одан көп ыссылық орын алады. Сантиарлық зона 500 метр дейді, бұған мен келіспеймін. Каспий теңізінен қашықтау тұрған Атырау қаласы бүгінде шаңнан көз аша алмай отыр. Сондықтан аудан халқы, фермерлердің жайы не болмақ. Мен фактімен сөйлеймін, себебі тұз көліне Кеңес үкіметі кезінде зерттеліп барлау жүргізіп қойылған, тұз көлін ерекше қорғау қорғалатын аймағына айналдыру керек. Сондықтан бүгінгі өтіп жатқан қоғамдық тыңдаудың күшін жою керек, - деді ол.

- Осыған дейін ұсынастарыңыз бойынша қоғамдық тыңдау өтті, Кеңесте талқыланды, ұсыныстар айтылды. Дәл осындай көп адам жиналмағанымен біразы болды. Сіздердің эксперименталды барлау жұмысын жүргізу бойынша жұмыстарыңыз бірнеше рет тыңдалды ғой. Сонда Сіздерге көптеген ұсыныстар айтылды, натрий хлорид ұшқанда экологиялық есептеріңіз қандай, мысалға жергілікті желдің жылдамдығы 20 м\сек болып, сол уақытта 10 км қашықтағы кентке қаншалықты экологиялық зиян келеді. Земснарядпен өндіру жөнінде айтылды. Тұзды өндіруді көлдің ортасынан емес, кенттен қашықтау шет жағынан алыңыздар дедік. Осымен нешінші рет тыңдалым өтті, бірақ ешқандай жауап жоқ қой. Неге? Неге бір айтқандарыңызды айта бересіздер. Бүгінде ауданда гипертония, жүрек қан тамырлары аурулары бірінші орында тұр. «Сіздер не үшін тұз өндірмексіздер» деп те сұрадық, тұздың сапасын анықтау үшін дедіңіздер. Бізде бүгінде «Индертұз» компаниясы жұмыс жасап жатыр, солардан алып зерттеуді неге жүргізбейсіздер. Неге қаржы үнемдеуді оймайсыздар,-дейді аудандық аурухананың директоры Анар Досбаева.

Сонымен бірге кейбір қатысушылар жобаны қолдап сөз сөйледі. Олардың айтуынша, бұл бастама жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуі мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫ

Екі сағаттан астам уақытқа созылған  қоғамдық тыңдауды төраға А. Мурзин былай деп қорытындылады:

- Халықтан үлкен ешкім жоқ. Басым бөлігі бұл тыңдалымға қарсы болып отыр. Ол хаттамада көрсетіледі. «АралТұз» АҚ қоғамдық тыңдалымы өтті, халық бәрі келісті деп айта алмаймыз. Лицензия жөнінде құқықтық баға беріледі. Түстен кейін болатын «АралСода» ЖШС қоғамдық тыңдалымын өткізудің қажеті жоқ.          

Кейін «АралСода» ЖШС-нің қоғамдық тыңдауы 4 мамыр сағат 15.00-ге белгіленгенін білдік.            

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сұлтан АХМЕТ

Суреттер мен видеоларды түсірген Ләззат Қаражанова

Бүгін, 13:54

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Мамыр 2026 14:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары