Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Үкімет 6,8 трлн теңгені әлеуметтік салаға бағыттайды. Мәжіліс үшжылдық бюджетті бекітті

Үкімет 6,8 трлн теңгені әлеуметтік салаға бағыттайды. Мәжіліс үшжылдық бюджетті бекітті

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда депутаттар атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру, қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру және өзге де салаларға қатысты жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасын егжей-тегжейлі талқылап, алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті бекітті. Құжат Бюджет кодексінің талаптарына, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленіп отыр.

Елдің үшжылдық даму болжамы белгілі болды

Республикалық бюджетке қатысты заң жобасын негізгі баяндамада Премьер-министр­дің орынбасары – Ұлттық эко­но­мика министрі Серік Жұманғарин таныс­тырды. Вице-премьер елдің 2026–2028 жыл­дарға арналған әлеуметтік-эко­но­микалық даму болжамын жария етті.

– Базалық нұсқаға сәйкес келесі жылы ішкі жалпы өнімнің нақты өсуі – 5,4, 3 жыл­дағы орташа жылдық өсуі 5,3 па­йыз­ды құрайды. Номиналды ішкі жал­пы өнім келер  жылғы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсудің есебінен қамтамасыз етіледі. Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобалардың іске асырылуы есебінен өсу қарқыны 2026 жылғы 6,2 пайыздан 2028 жылы 6,6 пайызға дейін ұлғаяды деп болжанып отыр. Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі үш жылдағы орташа өсу – 2,8 пайыз, ауыл шаруашылығында – 3,9 пайыз, құрылыста – 11 пайыз, көлік қызметтерінде – 10,1 пайыз және саудада 6,7 пайыз болады, – деді С.Жұманғарин.

Оның айтуынша, экспорт 2026 жылғы 77,1 млрд доллардан 2028 жылы 83,7 млрд долларға дейін, импорт – 67,7-ден 75,2 млрд долларға дейін өсуі мүмкін.

– Инфляция болжамы 2026 жылы 9–11 пайыз, 2027 жылы және 2028 жылы орташа 6 пайыз деңгейінде айқындалған. Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде 2026–2028 жылдарға арналған бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің болжамы қалыптастырылды. Салық-бюджет саясаты мемлекеттік қаржының орнықтылығы мен теңгерімділігін қамтамасыз етуге, бюджет тапшылығын азайтуға, сондай-ақ Ұлттық қор қаражатын меншікті қаражатпен алмастыруға бағытталған. Бюджетті болжау бюджет қағидалары мен Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында белгіленген нысаналы бағдарларға негізделді. Кіріс келесі жылы 19,2 трлн теңге көлемінде немесе ІЖӨ-ге қатысты 10,5 пайыз деңгейінде қарастырылған. Осы жылдың бағалауымен салыстырғанда өсім 4,7 трлн теңге болып, 2028 жылға қарай 23,2 трлн теңгеге дейін немесе 20,8 пайызға өсуі күтілуде. Жалпы, республикалық бюджеттің меншікті кірістермен қамтамасыз етілуі 2025 жылғы 63,7 пайыздан 2028 жылы 83,5 пайызға дейін өседі, – деді Ұлттық экономика министрі.

Ол сондай-ақ Ұлттық қордан кепілден­дірілген трансферт мұнайдың кесімді бағасы бойынша есептелген лимит шегінде жыл сайын 2 трлн 770 млрд теңге мөлшерінде айқындалғанын да атап өтті. 2026–2028 жылдары шығыстардың өсу қарқыны 108,7–109,3 пайыз деңгейінде тұрақ­тандырылды. Осыны ескере оты­рып, бюджеттің шығысы бюджет қағидаларында белгіленген лимиттерді сақтай отырып, 2026 жылы 27,7 трлн теңге немесе ішкі жалпы өнімге шаққанда 15,1 пайызды, 2027 жылы – 28,8 трлн теңге немесе ішкі жалпы өнімге шаққанда 14 пайызды, 2028 жылы – 29,8 трлн теңге немесе ішкі жалпы өнімге шаққанда 13 пайызды құрайды.

– Кірістер мен шығыстардың осындай көлемдері кезінде бюджет нысаналы трансферт түрінде Ұлттық қор­­дан қосымша қаражат тартудың қажет­тілігінсіз өзін-өзі қамтамасыз етеді. Фис­калдық және мұнай емес тапшы­лық­тардың деңгейі 2026 жылы тиісінше ішкі жалпы өнімге қарағанда 2,5 пайызды және 4,9 пайызды құрап, 2028 жылы ішкі жалпы өнімге шаққанда 0,9 және 2,7 па­йызға дейін төмендейді деп болжанып отыр. Осыны ескере отырып, үкіметтік борыш келесі жылы ішкі жалпы өнімге 21,4 па­йыз деңгейінде болжанып, 2028 жылға қарай ішкі жалпы өнімге шаққанда 19,6 пайызға дейін төмендеуі ескерілген, бұл белгіленген ковенанттардан аспайды, – деді С.Жұманғарин.

Ал Қаржы министрі Мәди Тәкиев республикалық бюджет түсімінің орындалуына кедергі болған факторларды атады. Айтуынша, биыл 9 айда мемлекеттік бюджет кірістері 17,3 трлн теңгені құраған.

– Осы жылдың 9 айының қорытын­дысы бойынша мемлекеттік қаржының көр­сет­кіш­тері төмендегідей қалыптасты. Мемле­кет­тік бюджеттің кірістер көлемі 17,3 трлн теңгені құрап, жоспар 102 па­йыз орын­далды. Өткен жылмен салыстыр­ғанда өсім қарқыны 116 пайызға жетіп, 2,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттің түсім көлемі 10,5 трлн теңгені құрап, жоспар 97,3 пайыз орындалды. Өсім қарқыны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,4 трлн теңгеге немесе 116 пайызға жетті, – деді М.Тәкиев.

Осы орайда министр бюджет түсімі жоспарының орындалмауының негізгі факторларын атады. Яғни әлемдік мұнай бағасының құбылмалылығы, бизнестің логистикалық шығыстарына әсер ететін, тұрақсыз геосаяси жағдайдың жалғасуы бюджет түсімін тежеп тұр.

Ұлттық компаниялардың дивиденді қысқара ма?

Мәжілістің жалпы отырысында ұлттық компаниялардан мемлекеттік бюджетке түсетін дивидендтерді қысқарту туралы депутат Магеррам Магеррамовтың сауалына Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономикаға құйылатын қаражаттың ашықтығы қамтамасыз етіліп отырғанына тоқталды. Үкімет басшысы ұлттық компаниялар өңірлерде ірі инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін қомақты қаржы бөліп жатқанын айтты. Ал қаражаттардың жұмсалуының ашықтығына қатысты бұл мәселе бүгінде қолданыстағы заңнамамен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

– Ұлттық компаниялар жұмсайтын, яғни экономикаға құйылатын қаражат­тың ашықтығы туралы мәселе барлық жағы­нан заңнамамен қамтамасыз етілген деп ойлаймыз. Өздеріңіз білетіндей, биыл қабылданған жаңа Бюджет кодексіне дивиденд төлеуден алынатын үлес әрбір ұлт­тық компаниядан кемінде 50 және 70%-ға дейін болуға тиіс деген норма енгізілген. Бұрын бұл норма жоқ еді. Бұл шектік меже Үкіметтің қаулысымен белгіленді. Біз мұны ашықтыққа, есеп беруге, ұлттық компаниялардың қаражатын жұмсауға Парламент тарапынан қадағалауды артты­ру­ға жасалған елеулі қадам деп санай­мыз. Ұлттық компаниялардың иелігін­де қалатын қаражаттар да, заңда белгілен­ген рәсімдерге сәйкес, ашық түрде жұм­салады. Сатып алу ережелері бар және бұл ақпарат Республикалық бюджет­тің атқарылуы туралы есепке қоса бері­леді. Мәжіліс депутаттары мен жұртшы­лық­тың бұл ақпаратты зерделеуге, бақы­лауға, сауалдар қоюға және түзе­ту­лер енгізуге мүмкіндігі бар. Сіз айтып отыр­ған нақты сомаларға келсек, шын мәнін­де, бұл сома – мемлекет­тік бюджетке түсетін дивидендтердегі айырмашылық, ол «Самұрық-Қазына» қоры есебінен қалып­тасып отыр, – деді Премьер-министр.

Олжас Абайұлы осы ретте біраз цифр келтіріп өтті. Қор негізгі мемлекеттік даму институты ретінде 53 трлн теңгеге бағала­натын өте ауқымды инвестициялық бағдар­ламаны жүзеге асырып жатқанын айтты.

– Бұл – үлкен сома. Әрине, қор осы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін өз қаражатын жұмсап қана қоймай, нарықтан да қарыз алуға мәжбүр, бұл қалыпты жағдай деп санаймыз. «Самұрық-Қазына» қоры инвестициялық бағдарламадан бөлек еліміздің әр өңірінде бірқатар әлеуметтік жобаны жүзеге асы­рып келеді. Мысалы, өңірлерде тек денсау­лық сақтау нысандарын салудың өзіне 550 млрд теңге бағытталып отыр, ал еліміз­дің барлық өңірінде жалға берілетін тұр­ғын үй құрылысына 272 млрд теңге бөлін­ген. Бұл дегеніміз – өте маңызды инвес­ти­ция, сондықтан да мен айтқан фак­тор­ларды ескере отырып, «Самұрық-Қазына» қорының дивидендтері бойынша қабыл­данған шешімдер бір негізге сүйенген және жан-жақты қарастырылған деп есептейміз, – деді Премьер-министр О.Бектенов.

Ұлттық қорға қол салмаған бюджет

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл 2026–2028 жылдарға арнал­ған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы қосымша баяндама жасады. Ол жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін қалыптастыру жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің нормаларын ескере отырып жүзеге асырылғанын айтты. Мәжілісменнің айтуынша, 2028 жылдан бастап Маңғыстау облысы өндіруші сектор мен өнеркәсіптен түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына байланысты «донор өңір» мәртебесін қалпына келтіреді, ал Павлодар облысы өзін-өзі қамтама­сыз ететін өңірлердің қатарына кірмек. Осылайша, алдағы үш жылда еліміз­де 4 «донор өңір» және өзін-өзі қамтама­сыз ететін бір өңір болады.

Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәді­беков 2026–2028 жылдарға арналған респуб­ликалық бюджет туралы қосымша баяндама жасап, бұл жаңа Бюджет кодексінің нормаларына сай жасалған алғашқы құжат екенін атап өтті. Оның басты ерек­шілігі – Ұлттық қордан мақсатты транс­ферттердің қарастырылмауында.

Ал «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев республикалық бюджет жобасы бұл жылдар бойы шешілмей келе жатқан әрі кешенді шешуді қажет ететін өзекті мәселе екенін айтты. Олқылықтардың орнын толтыру үшін депутат Үкіметке ауыл шаруашылығы мен су салаларын ғана емес, жалпы еліміздің ауыл секторын қаржыландыру жүйесін нақты реттеу құралы ретінде арнайы Агробанк құру мәселесіне қайта оралуды ұсынды.

Жалпыұлттық социал-демократия­лық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рахимжанов та бюджет жобасын қолдап, партия өкілдері атынан бюджет тапшылығының қысқаруы, әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы және нақты секторды ынталандыру шараларының көзделуін оң бағалады.

Respublica партиясы фракциясының жетек­шісі Айдарбек Қожаназаров бюджет жобасын қолдап, өткен жылдармен салыс­­тырғанда бұл жоба әлдеқайда озық шық­­қанын атап өтті. Сонымен қатар А.Қо­жа­назаров бюджет үдерістерінің ашық­тығын одан әрі арттыру, мемлекеттік қара­жат­ты тиімді пайдалану үшін цифрлық құ­рал­дарды енгізу қажет екеніне назар аударды.

Жиын соңында сөз алған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов заң жобасын талқылау барысында парламенттік фракциялардың ұстанымдары аясында біраз ескерту де айтылып, сонымен қатар көптеген сындарлы ұсыныс та берілгенін атап өтті.

– Үкімет осы ескертпелер мен ұсыныстардың барлығын міндетті түрде ескеруге тиіс. Өйткені еліміз алдағы жылдары осы құжатқа, яғни Республикалық бюджетке сүйеніп тіршілік етеді. Бұл бюджет мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі мен фискальды саясат саласындағы реформалар негізінде қалыптасқанын атап өткен жөн. Бюджет жобасы ұзақ жылдан бері алғаш рет Ұлттық қордан қосым­ша нысаналы трансферттерсіз әзірле­ніп отыр. Бұл – толыққанды, Ұлттық қор­дың қолдауына сүйенбеген бюджет қабыл­дадық деген сөз. Мұндай нәтиже Мемлекет басшысының қаржы-бюджет жүйесін жетілдіру жөнінде берген тапсырмасын кезең-кезеңімен іске асырудың арқасында мүмкін болып отыр, – деді Е.Қошанов.

Қысқасы, Мәжілістегі негізінен елдің алдағы үшжылдық тыныс-тіршілігінің драй­вері болатын республикалық бюджет тал­қыланған отырыста депутаттар да, Үкі­мет мүшелері барынша белсенділік таныт­ты. Қойылған сұрақтарға нақты жауап­тары берілді. Заң жобасына депутат­тар да мемлекетшілдік қағидаты тұрғысындағы өз ұсынастарын да енгізе алған. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:223
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 08:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары