Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Үкімет биылғы бидай бағасын белгіледі

Үкімет биылғы бидай бағасын белгіледі

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын анықтады. 3-сыныпты бидайдың сапалық көрсеткішіне байланысты ол тоннасына 92-ден 115 мың теңгеге дейін болып белгіленді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арқалықта Қостанай облысы оңтүстік өңірлерінің шаруаларымен кездесуде айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Нарық конъюнктурасын, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың ұсынысын ескере келіп, Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын айқындады. Атап айтқанда, 3-сыныпты бидай бағасын сапалық көрсеткішіне байланысты 92-ден 115 мың теңгеге дейін белгілеу жоспарлануда. Осылайша, баға өткен жылғы деңгейде қалады», — деді Серік Жұманғарин.

Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы нарық үшін эталон ретінде қызмет етеді. Шаруаларды қаржылық қолдау астықты форвардтық және тікелей сатып алу тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өндірістік шығындарды жабуға және келесі маусымға дайындалуға мүмкіндік береді.

Тағы бір қолдау шарасы – астық трейдерлеріне ҚҚС-ты қайтару. Тиісті шешім Салық Кодексін енгізу бойынша жобалық кеңсе отырыстарының бірінде қабылданды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі тауар қозғалысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруашылығы өндірушісінен экспорттаушыға дейін қадағалауға мүмкіндік беретін «пирамида әдісі» деп аталатын тәсілді қолдана отырып, салықтық тексерумен расталатын болады. Тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтарып ала алады.

Серік Жұманғарин сондай-ақ астық экспорттаушыларға мемлекеттік шығындарды өтеу бағдарламасы 2026-2027 маркетингтік жылға ұзартылатынын хабарлады.

Өткен жылдары астық жөнелтушілердің көлік шығындарын субсидиялау қазақстандық астықты жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Дәстүрлі нарықтардан басқа қазақстандық бидайды алғаш рет Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания, сондай-ақ Марокко, Алжир және Мысыр сынды Солтүстік Африка елдері сатып алды. Азық-түлік корпорациясы сонымен қатар Қытай арқылы мультимодальды маршрут бойынша Вьетнамға астық жеткізуді сынап көрді.

Бұл шараларды жүзеге асыру астық бағасын тұрақтандыруға және демпинг тәуекелдерін төмендетуге ықпал етті. Логистика, қайта өңдеу, машина жасау және сервистік қызметтер сынды сабақтас салаларға да қосымша әсер берді.

Кездесудің тағы бір тақырыбы мал шаруашылығын дамытуға арналды. Қостанай облысының үш оңтүстік өңірі – Арқалық, Амангелді және Жангелді аудандарында бүгінде 1 132 фермерлік шаруашылық жұмыс істейді. Жалпы егіс алқабы 581,1 мың гектар. Оның ішінде дәнді дақыл 501,4 мың гектар, майлы дақыл 65,9 мың гектар. Соңғы үш жылда майлы дақыл алқабы 1,3 есеге ұлғайды. Негізгі дақыл – мақсары: ол 51,2 мың гектарға немесе облыстағы осы дақылдың барлық ауданының 47%-ына егілді.

Фермерлер кезінде Қостанай облысы бастамашы болған «Жайлау» бағдарламасын қайта жүзеге асыру мәселесін көтерді. Атап айтқанда, жайылымдарды міндетті түрде суландыру және мал шаруашылығы базаларын салу жөніндегі талаптар туралы сөз болды. Оңтүстік аудандардың шаруашылықтары негізінен табиғи су көздері бар өзендер мен көлдердің жайылмаларында орналасқан, көптеген фермерлерде мал шаруашылығына қажетті инфрақұрылым бар. Осыған байланысты бағдарлама талаптарын орындау кезінде бұрыннан бар объектілерді есепке алу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Сондай-ақ, мал өсірушілер асыл тұқымды ірі қара малдың шекті құнын оны сатып алуды жеңілдетілген несиелеу кезінде қайта қарауды ұсынды. Өйткені олардың бағалауы бойынша бағдарламада белгіленген баға нарықтық бағадан төмен.

Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қолданыстағы құжаттарға қажетті өзгерістерді пысықтауды, сондай-ақ асыл тұқымды мал құнының анықтамалығын әзірлеуді тапсырды.

«Zengi Group» ЖШС директоры Жәнібек Кенжебаев Арқалықта эмбриондар өндіру бойынша генетикалық орталық құру жоспарын ұсынды. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестиция тартылды.

«Бұл жоба – асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін Қазақстанда асыл тұқымды мал басын көбейту мүмкіндігі. Эмбриондарды қолдану арқылы біз асыл тұқымды мал ала аламыз. Сонымен қатар Арқалықта мал тасымалдау бойынша логистикалық хаб құру бойынша жұмыс істейміз. Біз асыл тұқымды малды өндіру мен сатуды кәсіби деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Жәнібек Кенжебаев.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 19:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары