Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Үкімет Қазақстан балалары тұжырымдамасын пысықтайды

Үкімет Қазақстан балалары тұжырымдамасын пысықтайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Отырыс қорытындысында баспасөз мәслихаты өтеді. Онда Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді.

Айта кетейік, Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік оқиғалар күнтізбесін дайындады. Құжатта еліміздің 20 өңірінде өтетін 55 ірі іс-шара қамтылған.

Фото: Kazinform

Күнтізбе ішкі туризмді насихаттауға, туристік бағыттарды кеңейтуге және өңірлік брендтерді дамытуға бағытталған. Іс-шараға мәдени, этномәдени, спорттық, гастрономиялық және экологиялық бағыттағы түрлі оқиғалар енгізілген. Бұл туристерге жеке қызығушылықтары мен маусымдық ерекшеліктерін ескере отырып, сапар бағыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жоспарланған бастамалардың басым бөлігі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Мұндай іс-шаралар өңірлерге деген қызығушылықты қалыптастырып, оқиғалар күн тәртібінің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жобалардың көпшілігі бизнес өкілдерінің қатысуымен немесе демеушілігімен ұйымдастырылады. Бұл оқиғалы туризмді бюджетке қосымша салмақ түсірмей дамыту қағидатына сай келеді.

Фото: freepik.com

2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасын Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқықтары жөніндегі уәкілмен, Парламент депутаттары және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе отырып әзірледі. Аталған құжат Қазақстандағы балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қолданыстағы және жоспарланған барлық шараны біріктіруге бағытталған әрі өскелең ұрпақтың мүддесі үшін жүйелі, тұрақты әрі дәйекті саясат құрудағы маңызды қадам болмақ.

Бағдарлама Қазақстандағы әрбір баланың құқығы мен әл-ауқатын жүйелі қорғауды қамтамасыз ететін тұрақты мемлекеттік саясаттың негізіне айналуы тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптадағы Үкімет отырысы Мемлекет басшысының Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды. Жиын барысында Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен Макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл ауқатын арттыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыруды жалғастыратынын айтты. Негізгі басымдық — халықтың табысын арттыру болмақ.

— Биыл халықтың нақты табысының өсуі 2,3% жоғары болуы тиіс. Оған экономиканың тұрақты, сапалы өсуін қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету есебінен қол жеткізіледі. Экономиканың өсуі 5%-дан кем емес деңгейде қамтамасыз етіледі. Ол үшін негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жалпы ішкі өнімге қатысты 18%-ға дейін жеткізіледі, — деді вице-премьер.

Фото: Үкімет

Сондай-ақ ол ЕАЭО нарығындағы кедергілерді анықтау және жою жұмыстарына басымдық берілетінін айтты.

– Еуразиялық экономикалық одақ аясында биылғы және кейінгі жылдарға арналған жұмыстың негізгі бағдарлары – Мемлекет басшысы қойған басымдықтар мен міндеттерді практикалық іске асыру, оның ішінде ЕАЭО жалпы нарығында қазақстандық тауарларды ілгерілету жолындағы кедергілерді анықтау және жою, – деді Серік Жұманғарин.

Ал Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жеке меншік мектептердің жұмысы қалай реттеліп жатқанын айтты.

— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қаржы министрлігіне берілді. Қазір құқық қорғау органдарымен бірлесіп «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, жеке медицина және білім беру ұйымдарын қаржыландыру механизмдерін қайта қарау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы шараларды іске асыру арқылы ашық әрі нәтижеге бағдарланған жүйе қалыптасады. Жалпы біз денсаулық сақтау және білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасына қатаң бақылау орнатуға тиіспіз. Өйткені халықтың өмір сүру сапасы аталған мәселелерге тікелей байланысты, — деді Аида Балаева.

Осы орайда Үкімет басшысы Олжас Бектенов Оқу-ағарту министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жаңадан ашылатын жеке меншік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізуді тапсырды.

- Мемлекеттік қаржыландырумен өңірлердің оқушы орындарына деген шұғыл қажеттілігін жабатын жекеменшік мектептер ғана қамтамасыз етілгені жөн. Қымбат элиталық мектептерді қаржыландыруды тоқтату керек, — деді ол.

Фото: Ағибай Аяпбергенов / Kazinform

Мұнан бөлек, Премьер-министр Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесін 1 шілдеге дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялауды тапсырды.

- Мемлекет басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы Үкіметтің шешімін қолдады. Тиісті тексерулер басталып кетті. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады. Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі осы жылдың 1 шілдесіне дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялануға тиіс. Бұл қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, - деді ол.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су дипломатиясы мен Сырдария өзеніндегі су қоймаларының келісілген жұмыс режимінің арқасында соңғы су аз жылдары да Солтүстік Арал теңізіне тұрақты су келіп отырғанына тоқталды.

– Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңін әзірлеу аяқталып қалды. Бұл Көкарал бөгетін қайта құруды және теңіз деңгейін Балтық жүйесі бойынша 44 метрге дейін көтеруді көздейді. Нәтижесінде Солтүстік Аралдың ауданы 3 913 шаршы шақырымға, ал көлемі 34 млрд текше метрге дейін артады. Теңізді осы белгілерге дейін толтыру үшін 4-5 жыл қажет, – деді министр.

Фото: swissinfo.ch

Өз кезегінде Үкімет басшысы Су ресурстары және ирригация министрлігіне Солтүстік Арал жобасының екінші кезеңіне сырттан қаражат табуды жүктеді.

— Арал теңізінің мәселесі Мемлекет басшысының тұрақты назарында. Су ресурстары министрлігі осы жылдың 30-шы маусымына дейін Солтүстік Арал теңізін сақтаудың екінші кезеңін дайындауды аяқтап, жыл соңына дейін қаржыландыру мәселесін, оның ішінде халықаралық ұйымдар есебінен қаржыландыруды шешуі қажет. Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымының алаңында Халықаралық су ұйымын құруға қатысты бастамасын одан әрі ілгерілету жөнінде шаралар қабылдау қажет. Су ресурстары министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесіп, биыл Қазақстанның су-энергетикалық ресурстары картасын әзірлесін, — деді Олжас Бектенов.

Фото: Үкімет

Ал Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жалпы қуаты 960 МВт болатын Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы 3 жылу электр орталықтары жобаларының аяқталу мерзімдері өзгермейтінін және олардың іске асырылуы министрліктің толық бақылауында екенін атап өтті.

Осы ретте Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қорының басшылығына бірнеше тапсырма берді.

— Мемлекет басшысы көмір генерациясын дамытудың және жаңа жылу электр орталықтары жобаларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты «Самұрық-Қазына» қорына қаңтар айының соңына дейін Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салу жобаларын іске асыру бойынша келісімшарттарды бекітуді тапсырамын. Құрылыс жұмыстарына алдымыздағы сәуір айында кірісу керек, — деді ол.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 09:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары